Өлең, жыр, ақындар

Ерім төренің қызы Мәдинаға

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1069
Көңлімде көркің көріп, қалды бір дақ,
Дауасын дақ ұлғайтар, бермесе Хақ!
Өзіңнен емін есітіп болған дерттің,
Шайқаттың шаһналық шырағын жақ.
Тұрғанмен төбемде ай, алдымда - күн,
Бұл жаһан сенсіз көзге көрінбес ақ.
Ізденер бұлбұл - бақша, байлар - ақша,
Ғашыққа дидар дәркәр, патшаға - тақ.
Мәжнүннің мысалында болып жүрмін,
Ләйлінің ұқшасында - өзіңсің нақ!
"Аһ" ұрып ғасіретіңе ертелі-кеш,
Көз жасым "Кәрим-айлап", болып тұр қақ.
Тарихы ғашықтықтың - әшкере іс,
Қастаңа қас табибсын, әр қашан бақ.
"Мәһбүбім, келдім, басынды көтер", - десең,
Бейкүмән бұл індеттен болмағым сақ.
Тұқым деп тұтынып ту тұттым етек,
Байқадым, бейпарасат - басқалар зақ.
Іздесем дариядан - дүр, кеннен - гауһар,
Кем қылар көріп, ая, уақытымды шақ.
Хикая : - Шайхы-Асанның мәжілісіне,
Жойылтып біреу есек, келген шырақ.
 Тоқтай тұр, болар дерек есегіңнен,
Еш жаққа ұрма, - деген, - енді аяқ.
Жинап ап жамиғатын жанабына,
 Қайсың ғашықтықтан, - деді, жырақ?
 Хабарым ғашықтықтан жоқ, - деп, - менің,
Бір кісі түрегеліп тіккен құлақ.
Шақырып шайқы әндә жаңағыны:
 Есегің мынау, - депті, - мін де, ылақ.
Шерменде шаршы топта болып он жан,
Қысылып қыжалатты тартқан тымақ.
Хабарсыз ғашықтықтан болғандарды,
Өтіпті ол ерлер де тұтпай нақ.
Көңліне гүлін егіп махаббаттың,
Бейқарар етті Егем, бермей тұрақ.
Болармын досқа - күлкі, дұшпанға - мат,
"Бізден - қол болар,- десең, - Сізден - құрақ".
Ағаң ем алғыр бүркіт сияқтанған,
Алқызыл алтайы өзін кезген құмақ.
Жалтарып жер соқтырып, жазым қылсаң,
Деймін де: "Деміктірді-ау, дүние шолақ!"
Ишарат - әр орыннан болуында,
Жауабым не десең де, қайтар бірақ.
Дамолла Тұрмағамбет Ізтілеуов,
Мүбәде, есімімді етсең сұрақ.

1921 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыңдатайын азырақ

  • 0
  • 0

Тыңдатайын азырақ,
Ер Үсеннің дастанын.
Қанады құлақтың құрышы,
Қойыңдар сөзін басқаның.

Толық

Ұшқын

  • 0
  • 0

Ұшқын ұшып,
Көкті құшып,
Тұтанбас па жарық боп?!
От жарқылдап,

Толық

Екі егіз

  • 0
  • 0

"Бар" мен "жоқ", "ал" мен "бер",
О басында егіз еді.
"Ал" менен "бар" барында,
Дүние шалқар теңіз еді.

Толық

Қарап көріңіз