Өлең, жыр, ақындар

Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен...

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3691
Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен?
Батырлық па?– Өз төрімде күтіп алам, түнетем.
Байлық болса қулау болар, тура қара көзіне.
Кім де болса алдамасын, алданбасын өзі де.
Қайғы болса артында оның қуанышы бар шығар,
бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар.
Бақыт болса, денем әлсіз көтере алман (өз ойым)
арман болса өмір-бақи арқалайын, төзейін...
Адалым боп арнап келсе – барым әзір, көңіл хош,
түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш.
Шындық болса кілем төсе, дастарқаным жаямын,
жалғандық па – тулақ таста, сүртіп шықсын аяғын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк балауса егілер...

  • 0
  • 0

Көк балауса егілер,
Көгерер-ау тал, шынар.
Тал, шынардан төгілер
Моншақ-моншақ тамшылар.

Толық

Қарыз

  • 0
  • 0

Ақын аға бір інісін, әй шөмитті-ау, шөмитті:
— Қолдан адам жасап едім сен итті,
білмедің сен кісілікті, ұятты,
барлық қолдан жасалғандар сияқты.

Толық

Ақша бұлт аспан қаймағы...

  • 0
  • 0

Ақша бұлт аспан қаймағы,
Тыныштық балқып тұрды ойда.
Ойларды жиды қайдағы
Көкірек деген бір қойма.

Толық

Қарап көріңіз