Өлең, жыр, ақындар

Бір көктем пайда болды маңайымда...

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2713
...Бір көктем пайда болды маңайымда,
Су іштім көлді шайқап, балдырын ап.
Күз өткен, қыс та кетті...
Самайында
Ақ шашы кәрілердің қалды бірақ.

Айнала сағымданды, сикырланды,
Тау жатты қара бұлтты қақтап еміп.
Түн кетті – төсегімнен ұйқы ұрланды,
Самал жел қыдырып жүр баққа келіп.

Келеді желмен бірге ән дүрмегі,
Мен ғана үйде отырмын күйбең-күйбең.
Жалғыздық көрмесін деп тағдыр мені
Өлең деген бір қызға «үйлендірген».

Ол менің көп мінімді сездіреді,
Отырмын тар бөлмені ыза кернеп.
Үрлейді лебімен мезгіл өзі:
«Дәл қазір жанбасаң да қыза бер!» деп.

Табиғат теңізіне сыр батырып,
Ой алсам оңай сөзбен – бәрі ұнатты.
Басыма өссе де орман бір қапырық
Көкейім сыр мен шуға жарымапты.

Жүрегім тап-таза бұлақ тұнып,
Күй ақты сай-жырамды толтырғалы.
Жартысын сенімімнің лақтырып,
Қайтадан қағып алды толқындары.

Еліктеу табиғатқа жаңалық па,
Көлбеңдеп көл еркесі көгімде жүр.
Мен саған ұқсамаймын, маған ұқса –
Ұқсастық керек болса тегінде бір!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқыт-баба

  • 0
  • 0

Қайда барсаң — Қорқыттың көрі.
Қанатты сөз
Аңыз — зор ғой,
ал, қаңқу сөз?

Толық

Менің Қазақстаным

  • 0
  • 6

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.

Толық

Кәрілік

  • 0
  • 0

Күрсінді ата —
кәріліктің қайғысы
шығар дедім, күрсіне ме жай кісі?
— Жоқ, — деді ол,— ішті жалап барады

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер