Өлең, жыр, ақындар

Менің көршім

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4589
Мен ғашықпын, маған ғашық емес ол,
Білмейді әлде жек көріп те, сүйіп те?
Мен сияқты бойы аласа демесең,
Ойы, сірә, менен көрі биікте.

Мәз болсам да қиялдағы елеске,
Жас баладай көкке қарап қуанып.
Көңіл шіркін, төзбес мұндай егеске,
Үй алдынан өтсе ол күнде су алып.

Жастық шақтың бақшасына түсті алдап,
Жылы сезім баурай берді мені ептеп.
Шыдамымды ұрлайды да ол мысқалдап,
Әкетеді күнде үйіне шелектеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп

  • 0
  • 0

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп
нені айтады күлкі етіп, ертек етіп?
Селтең етіп бұрымы бала қыздың
аулада жүр күшігін еркелетіп.

Толық

Білем: бұл саған айтар сыр емесін

  • 0
  • 0

Білем: бұл саған айтар сыр емесін,
қоймайды айт деп бірақ жүрек осы.
Аң қусам – қуар болдым ақсағанын,
қыз қусам – қуар болдым күлегешін.

Толық

Адам ата

  • 0
  • 0

...Саздан құйып Құдірет сонда Адамды
бір жіберген қатесін оңдап алды.
Сол сәтте жүзіне бұлт тұтып, ықтап
жетіп кепті Ібіліс сықылықтап.

Толық

Қарап көріңіз