Өлең, жыр, ақындар

Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 2
  • 13312
Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш-ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың-ау, шарық-құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?



Пікірлер (2)

Асылай

Өте күшті,әрі оңай екен.Тез жаттап алдым.сөздері оңай.Маған қатты ұнады.

Сара

Мұқағали Мақатаевтың Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт! өлеңі керемет!

Пікір қалдырыңыз

Дәрігеріме

  • 1
  • 9

Керегі жоқ,
Керегі жоқ,
Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ,

Толық

Мына қасқа...

  • 1
  • 2

Қор болған жылдарым-ай, күндерім-ай!
Асауға ауыздықсыз мінгенім-ай!
Мына қасқа бәрін де біле тұрып,
Мына қасқа бірін де білмеуін-ай!

Толық

Өзімнің есебімше...

  • 1
  • 3

Өзімнің есебімде,
Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.
Кім біледі...
Ендігі қалған өмір,

Толық

Қарап көріңіз