Өлең, жыр, ақындар

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1469
Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Жанарың, қалқа, жанарың
Тұп-тұнық боп жатады.
Сол тұнықтан қанамын,
Сол тұныққа батамын.

Кірпікке көз бақтырып
Қойған әлде жан ба едің.
Көлеңкесін лақтырып
Қарап тұр ма әлде кім?

Көлеңкем түсті бетіңе,
Айдын болдың – айыбың.
Сол айдынның шетіне
Тоқтады менің қайығым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір әнші

  • 0
  • 0

Бұл не өзі ән бе, әлде айқай ма? –
Мен білмеймін, білсең, туыс.., айт онда.
Сахнада тұр ғой өзі, уақытын
Босқа өткізіп сынамақ па бақытын?

Толық

Тау төсі ақ көбік, ақ айран

  • 0
  • 0

Тау төсі ақ көбік, ақ айран –
Қара бұлт жалайды жата қап.
Аспанда жүзеді ол дақ болып қарайған,
Сол үшін бұлт деген атақ ап.

Толық

Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ...

  • 0
  • 0

Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар