Өлең, жыр, ақындар

Осы жерде, осы жерде, өткен жыл...

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1640
Осы жерде, осы жерде, өткен жыл
Көріп едім тұңғыш күнін көктемнің –
Осы жерде үйі бар-ды досымның,
Мезгіл, мезгіл, оны қайда көшірдің?
Кім қуды екен бөлме толы күлкіні,
Сол күлкінің тиген маған бір түні.
Сол орында – көк шөптер тұр, оянған
Бұл төбенің секілденіп кірпігі.
Мына жерде – көктеменің шуағы,
Қара жерде толқынды жел қуады.
Шөптен ұшып үлгермепті бу әлі,
Сол будай боп ой да бұлдыр туады.
Ойлар, ойлар,
бұлдырама – күн ашық,
Дала жатыр көк жиекпен ұласып.
Одан әрі...
жақын дейді келешек,
(Келешекке беріп жатыр ел есеп),
Келешекке қараймын мен бас изеп!
Шөп сылдырап – қайтты толқын таси кеп.
Кенет...
Міне қарсы алдымда тұр досым,
Сонау сайға аударыпты ол іргесін.
Өз қолымен бұзыпты да ескі үйін,
Салыпты әкеп миллиардтың эскизін:
Басым тұрса жаңалықтың салмағы
«Бір ләззат табады екен жан-дағы!» –
Дос пікірін қостай бердім бас изеп,
Жасыл толқын қайтып жатты таси кеп.
Сол толқынға бір батамын бір шығып,
Нағыз егін – екен ғой деп тіршілік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенен артық бақ сұрап...

  • 0
  • 0

Сенен артық бақ сұрап
отырғам жоқ,
бір түрлі –
сенің кезің жақсырақ

Толық

Күмән

  • 0
  • 0

Сонда сен бір сөйлеп едің нан ұстап —
мен жазылдым. Ол күн кетті алыстап.
Наныңды ұстап Мысыр бардың, Шам бардың
саған емес, нанға сеніп мен қалдым.

Толық

Дәме

  • 0
  • 0

Бұлт үйірілді далаға —
Жауады екен деп күттім,
тағы да ырыс, бақ күттім
қамбасы боп Тоқтықтың.

Толық

Қарап көріңіз