Өлең, жыр, ақындар

Ғабаңа

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 3
  • 17093
Ғабит Мүсіреповке

Ғабеке,
Анда-санда сізді көрем,
Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем,
Еліктеп өзіңізге есім кетіп,
Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Мейіріммен қарайтын Сізді көрем,
Басқалар үміттерін үзді менен.
Зәһәрмен жібітем деп қу таңдайды,
Сеземін өзін-өзі жұрт алдайды.
Жібітсем кейде мен де қу таңдайды,
Басымнан Алатаудың бұлты аунайды,
Біреулер келекелеп, жыртаңдайды,
Түбінде құртса мені, құртар қайғы,
Алайда жырларымды жырта алмайды!!!
Менен де үміт күтіп туған елім!
Мен-дағы үмітпенен туған едім.
Mac болғап өлеңіне бір жан едім.
Ғабеке!
Айтсаңызшы мыналарға,
Мен кімнің қазынасын ұрлап едім?



Пікірлер (3)

олжас

Өте керемет

Светлана Калымбетова

Мұқағали ағамыздың өлеңдерін оқығанымда Өмірге риза боламын.
Өзінің қысқа өмірінде ұлкен із қалдырған Мұқағалидің рухы шад,ол дүньесі абат болсын.
Мұқағалиді оқығанымда отыз жыл артта қалған ғажап өміріме оралам.
Бакилық бауырларыммен келмеске көшіп кеткен әке шешемді сағынамын...

Негр

Klasno

Пікір қалдырыңыз

Аттанғанда

  • 1
  • 4

Қош!
Деп қанат қағады құстар маған.
Қош!
Деп мені құшақтап, құшқан далам.

Толық

Баспа, мұнар!

  • 1
  • 2

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,

Толық

Кереметі-ай, мына жарық сәуленің

  • 1
  • 5

Кереметі-ай,мына жарық сәуленің!
Езу тартып барады, әне, әлдекім,
Алатау да жатыр, әне, сәнденіп,
Ал мен болсам,бір жаныммен әуремін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар