Өлең, жыр, ақындар

Қарт жауынгер сөзі

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3878
...Қара дауыл, құлағымда тұр үнің,
Қара түтін, көз алдымда бұрымың.
Найзағайлар сермегенде сырығын,
Тірі қалдым, тірі қалдым – тірімін!

Жат өлкенің найзасынан андаған
Қалды өмірім, қалды Отаным – калды аман.
Алды бірақ көп досымды көр жұтып,
Сол өлімдер шашыратты қан маған.

Сөнді талай адам деген шын шырақ,
Мезгіл тұрды сол адамға құн сұрап.
Өшкен көздер жанарының түбінде
Ақырғы үміт қатып қалды жылтырап.

Қаһарлы күн, қаһарлы күн... өткенді
Еске аламын, көрген сайын көктемді.
Соғыс, соғыс! Керек емес мылтығың,
Мылтық ұстар қолым да жоқ... жетті енді!

Мезгіл – жақсы... шын айтуға келгенде
Жаман ойға орын қалмас кеудеңде.
Құс атуға рұқсат етпен бұл күнде,
Ол күндері адам атқан мергенге!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт-қонақ

  • 0
  • 0

Келді ме сыншыл қонақ Уақыт деген?!
Соны күтіп талайдан жатыпты өлең.
Қара дойыр сүйретіп Уақыт кірді, —
қорқып кетіп бір сөзім атып тұрды.

Толық

Сенен артық бақ сұрап...

  • 0
  • 0

Сенен артық бақ сұрап
отырғам жоқ,
бір түрлі –
сенің кезің жақсырақ

Толық

Әйелдер

  • 0
  • 0

Арулар деп бастасаң-ақ бір ойды
Ой соңын жұрт төсекке әкеп тірейді:
елестейді етектер мен балтырлар,
елестейді жасты көздер үрейлі.

Толық

Қарап көріңіз