Өлең, жыр, ақындар

Аударып тастадым календарь бір бетін

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 936
Аударып тастадым календарь бір бетін,
көйлегім тастадым көне бір.
Өлімді жек көрсе кімде-кім,
атқарған болады адамдық міндетін.
Көңілден, дүние, көңілден,
мына біз шаттығың маздаған...
Не рақат көрсем де өмірден,
бәрі де әлі де аз маған!
Сол күндер әлемге көп мінез тастады,
әлсіздік жаутаңдап күштіге,
Мұңая төніпті Европа аспаны
әкемнің өлігі үстіне.
Көмейде кетті өліп есіл үн,
бәріне бір түйір қорғасын кесті құн.
Мен кейін сол әке есімін
шешемнен естідім.
Сондықтан әкенің есімі
мен үшін бір тұнық - қозғама...
құлақта - үн ғана,
қағазда - сөз ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарапшы

  • 0
  • 0

Түгі түрлі деп сынап тоты құсты
Кірісті іске бір мықты оқымысты.
Тағдыр салса — кім тартпас ауыр сынын —
Жұлды талдап тотыны қауырсынын.

Толық

Ел-жұрт

  • 0
  • 0

Жел екпінін маған берсе табиғат,
маған берсе судың күшін табиғат,
жаңғырығын берсе жақпар-таулардың,
даладай ғып кеңдік берсе табиғат;

Толық

Ағарған Жайыққа...

  • 0
  • 0

Ағарған Жайыққа
Қонды аспан ағала.
Анау не, қайық па,
Қарайған жағада –

Толық

Қарап көріңіз