Зейнепке
- 0
- 0
Әһуалап, андатып ем Зейнеп масқа,
Құмай көз, оймақ ауыз, қиғаш қасқа.
Отырмын сұлу қызға сәлем жолдап,
Тезірек жеткіз, інім, сүмбіл шашқа.
Ей, Мақа, сау ма денің, уақытың хош па?
Арзумын жолығуға сіздей досқа!
Уәләкін үстімізден қарайтындар,
Жібермейді жалынғанмен бір дем босқа.
Күнсұлу
Бұл ұлы емес, жанына ерген рухани інісі әрі шәкірті Үбісұлтан Аяповке жазған жыры!
Дана
Күнсұлу , Қайдан білесің?