Өлең, жыр, ақындар

Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1004
Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,
Құмарлыққа күң болғанда сезімім.
Жасырамын кімнен, қалай сырымды?
Көп күнәһар пенденің нақ өзімін.
Сүймей жүріп, сүйіп қалдым бір жанды,
Көп кешігіп кезіксе де ол маған.
Тек онымен жаным-тәнім нұрланды,
Сәтім, сірә, Аллам өзі қолдаған.
Оны көрсем өмір – жұмақ бақшасы,
Көрген азап ескі кино секілді.
Теңіз терлеп, далам күлді ақ шашты,
Мен де енді бақытты боп бекіндім.
Жүзі жарқын сол адамға ғашықпын,
Тағдыр, саған тура қарап айта алам.
Түнде таңға, күндіз кешке асықтым,
Көру үшін тек сол жанды қайтадан.
Ғашықтықты кім айтады күнә деп?
Сүйе алмасам, далбаса ғой қалғаны,
Сағындырса сан күн жүрек жыла, кеп,
Бір әйелдің арман емес ардағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілсіз күндер басымда

  • 0
  • 0

Көңілсіз күндер басымда,
Сені күтемін сұр түнде.
Неге келмейсің қасыма?
Көзде жасымды сүртуге.

Толық

Сенсіз қалып жабықтым

  • 0
  • 0

Сенсіз қалып жабықтым,
Қараңғы боп жарық күн.
Ертегіге сол кез айналды ма?
Бар бағым – сен,

Толық

Әйелдік тағдырдың торында

  • 0
  • 0

Әйелдік тағдырдың торында,
Еркектің сан мұңы жолымда.
Жалғызбын деудің де орны жоқ,
Ұлым бар – үмітім қолымда.

Толық

Қарап көріңіз