Өлең, жыр, ақындар

Сен Каспийдің сағасында қалғанда

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1490
Сен Каспийдің сағасында қалғанда,
Мен Жайықтың жағасында мұңайдым.
Бармақтай бақ таба алмаған жалғанда
Мені немен жұбатады бұл айдын?
Сезім желпіп толқынға ма, желге ме?
Өзім елтіп құр ойменен сенделем.
Маған бейуақ жолыққансың сен неге?
Қалай сені сүйіп қалғам мен деген?
Маңғыстаудан мейір таппай келгем жоқ,
Жайық, төмен сала көрме жүзіңді.
Қуаныштың құшағына енгем көп,
Сағыныштан сартап жасым үзілді.
Өлең жазсам қасіретімнен айықтым,
Бар жазығым – сені өлердей сүйгенім.
Жағасында гәкку мекен Жайықтың
Жалғыздықтан жынданатын күйдемін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің қала

  • 0
  • 0

Табиғаттың көрінбей тамашасы,
Қоңыр күнді кетірер сыр бүгіп пе?
Қала күлді, көбейіп жаңашасы,
Бір бойжеткен тығылып бір жігітке.

Толық

Сезімім жанарымда жағыла мың

  • 0
  • 0

Сезімім жанарымда жағыла мың
Бір жүрген сол күндерді сағынамын.
Көңілде қуаныштан мұңым басым,
Сен неге көрінбейсің, табынарым?

Толық

Тағдыр бізге бір болуды жазбаған

  • 0
  • 0

Тағдыр бізге бір болуды жазбаған,
Кезіктіріп бақ бергенмен аздаған...
Қақымыз жоқ бір өткізіп түндерді
Мәпелеуге бір үмітті маздаған.

Толық

Қарап көріңіз