Өлең, жыр, ақындар

Қайран жеңгем

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 2
  • 10
  • 60208
Су сұраса сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп,
Қасыңа мына біреу қайдан келген?
Апырай, суық еді сұрқы неден?!
Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткіш сақшының таяғындай,
Қимылынды бағып тұр мұртыменен.
Жеңеше-ау, есіңде ме біздің ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.
Қанды балақ соғысты қарғыс атсын,
Қайран жеңгем, шырқынды бұзды қалай
Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?
Жүзің неге ымырттай түнжыраған?
Бұғалыққа тұрмайтын асау едің,
Сені әкеліп теліген кім мынаған?
Өзің болсаң, тым ағат ойланғансың,
Бақыт емес, басыңа қайғы алғансың,
Жан едін ғой жанының талғамы бар,
Қара мұртқа қалайша байланғансың?!
Ел-жұртың қараушы еді мақтан етіп.
Киіп ап аяғыңа салтама етік,
Талайлардан кетуші ең аттап етіп,
Талайларды жүруші ең таптап етіп...
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қайғыға мойымаушы ең.
Қайдан келген?!
Сағынып жүрсің бе әлде, қадірлім-ай,
Баяғы жастығыңды майданда өлген?..



Пікірлер (10)

Қалабаева Ажар

Қайран жеңгем өлеңінін басы бұлай басталмайды ғой

kz2015

Өлеңде:

Есіңде ме жеңеше ау біздің ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.

Бұл жерде ол қатарлар ортада:

Жеңеше-ау, есіңде ме біздін ағай?
Сыйласып отырар ек біз құдадай.

 

Абубакар

әнге келтірген гой негізі осылай

Роза

Осы өлеңнің тарихы қалай екен?

элиза ханская

Мен жарысқа қатысатын едім кем дегенде мұхағали мақатайывтың елу алпыс өлеңін жаттау керек

Бауыржан

Элиза, бірінші Мұқағали Мақатаев деп жазылады айналайын осыны дұрыс жазып алшы ????

Бауыржан. Ж.

Бұл өлең соғыстан кейінгі трагедияны суреттейді

Азамат

Осы өлеңнің таза нұсқасы осы ғой, тек ән жазғанда Шынберген Сүлейменов шумақтардың орнын өзгертіп 2 шумағын алып тастаган

Азамат

Осы өлеңнің тарихын мен де білгім келеді

Сабыр

Керемет өлең.

Пікір қалдырыңыз

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен

  • 0
  • 1

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.

Толық

Байқа, қалқам!

  • 1
  • 11

Қалай?!!
Қалай?!
Қалқам, маған не дедің?!
Meн өзімді зерттей алмай келемін.

Толық

Қырқа бар

  • 1
  • 2

Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының, туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар