Өлең, жыр, ақындар

Көңілімді көтерші

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1061
Сәуле шашпай, сыр түйіп кешім күміс,
Сағынышқа тұншығып көкірегім.
Шаттанғаным соңғы рет есімде еміс,
Көңілімді көтерші, өтінемін.
Ән айтып бер, Шәмшінің әні болсын,
Елітсін де, ерітіп сипаласын.
Әуенімен жанымның кемі толсын,
Шаштарымды сазы оның ұйпаласын.
Ән салмасаң, оқып бер нәзік өлең,
Махаббат па, ғашықтық жайын айтсын.
Өлсем осы сезімнен азып өлем,
Қалтырамай қаңтарда қайың қайтсін.
Биге шақыр, ойнағын домбырада,
Шаңға батқан гитарды қолыңа алып.
Құмарлықтың күлігі болдыра ма,
Күнәларға көмдірер солын танып.
Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін,
Алданамын, күлемін барлығына.
Толқынды оймен таңдарды қарсы ап жүрмін
Жалғыз қалдым, жасаған жарлығы ма?
Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемімнен кеш қалып

  • 0
  • 0

Сен жайлы ойлар таусылар емес мүлде,
Сағынышым төзімді сарқып бітер.
Күлкі күндер жоғалып, елес түн де,
Тек таңдар бар әл бітіп қалғып кетер.

Толық

Жағада жалғыз қап, жабықтым

  • 0
  • 0

Жағада жалғыз қап, жабықтым,
Сен болсаң, мұң білмей күлер ем.
Өмірім өзіңсіз бос екен, жаңа ұқтым.
Сол жайлы бұл өлең.

Толық

Қара жер мен ақ үміт

  • 0
  • 0

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп,
Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп.
Гүлнар киген қара көйлек үстімде
Қара шашым қара желге серпіліп.

Толық

Қарап көріңіз