Өлең, жыр, ақындар

Балауса түндер

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 920
Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма.
Мазасыз ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.
Адал ем, адалдық қажет пе?
Тек сендік сезімге өртеніп,
Күтумен кейде қыс, жаз өткен.
Өкінген емес ем жер теуіп.
Пенденің шындығы ашылмас,
Алдасын бір-бірін алдаса.
Жаныңның жарасы жазылмас,
Тәніңнің ыстығы далбаса.
Азапты алыста ұсақтап,
Күш берген маң далам, бел-жотам.
Мұқаңның кітабын құшақтап,
Балауса түндерде мен жатам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем

  • 0
  • 0

Ақындыққа о бастан-ақ бекінгем,
Өлең - өмір, өлең - менің тағдырым.
Енді ешқашан ештеңеге өкінбен,
Жүрегімде бар ғой менің ақ жырым.

Толық

Сәкен ақынға

  • 0
  • 0

Бірде мені дос етіп сайлап қалап,
Бірде аруға қол жетпес теңедіңіз.
Маңдайымнан иіскеп жайлап қана
«Кіп-кішкентай ақыным» деп едіңіз.

Толық

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән

  • 0
  • 0

Жанымда бір көңілсіздеу жатыр ән
Сен таңданба.
Кейде соған өлең іздеп отырам,
Жұрт ұйқыда таңдарда.

Толық

Қарап көріңіз