Өлең, жыр, ақындар

Қапырық бәрі

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 3
  • 16752
Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,
Қайындар әне
Бөксесін жерге батырып,
Ақ ұрып бәрі
Аңсайды нөсер шақырып.
Автобустар да,
Трамвайлар да тұр жанып,
Самалға шөлдеп,
Саяны қуып жүр халық.
Үп еткен желді тұтқындап алып дәу үйлер,
Демімен ыстық
Тротуарларды тұр қарып.
Қапырық бәрі:
Аспан да, жер де қапырық,
Ауыр бір тозаң
Әлемді тұр-ау жапырып.
...Оңаша кетіп,
Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен,
Жұмекендерді шақырып...



Пікірлер (3)

Ақнұр

Жақсы

Мейіржан Тәттімбек

Бәрін керемет айтқан сөзім жоқ

Жанайым

Мұқағали Мақатаевтың Қапырық бәрі өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Шәмілге жазған хаттардан

  • 1
  • 11

Шәміл-ау!
Хал-жайымды білсең еді,
Білмеймін қайтерімді...
Кім сенеді?

Толық

Жұмбақ

  • 1
  • 5

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Поэзия

  • 5
  • 95

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Толық

Қарап көріңіз