Өлең, жыр, ақындар

Ер жеткенде

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2331
Ер жеткенде есейіп,
Ер болмасқа немене!
Ерке өсіп, білімді
Кен болмасқа немене!
Өткір алмас болатқа
Тең - болмасқа немене!
Сары алтындай салмақты,
Сірә, саспас сабырлы,
Кең болмасқа немене!
Уралап айқай салғанда,
Алтын шашақ қызыл ту
Қолға алмасқа немене!
Жарқылдаған ақ семсер,
Аспаһанды, тарланды
Жолға алмасқа немене!
Қарсы келген жауыңды,
Қаһарыңмен үйіріп,
Торға алмасқа немене!
Айбатыңмен арбасып,
Айқасып жаумен қалғанда,
Қылпып тұрған қылышты
Сонда алмасқа немене!
Осы істерді істемей
Ер жеттім деген ерлердің,
Сөзіне кісі сенер ме?!

Сентябрь, 1939



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шыбын мен ара

  • 0
  • 0

Бақшада, көктемгі ескен самал желде
Отырып, қара шыбын бір көдеде,
Масайрап жайғасты да кезін салды,
Жабысқан бір араға қызыл гүлде.

Толық

Жамбылға

  • 0
  • 0

Алтын ғасыр Гомері Жамбыл ақын,
Сен ақынсың, ардақтап сүйген халқың.
Сен ақынсың, көсемге теңеу тапқан
Келтіріп тіл өрнегін, сөздің салтын.

Толық

Оқушы жыры

  • 0
  • 0

Мектеп, сені сүйем мен,
Аялаған анамсың.
Ақ сүтің — маған оқуың,
Деп берген көңілің

Толық

Қарап көріңіз