Өлең, жыр, ақындар

Қара өлең

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 50
  • 140899
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...



Пікірлер (50)

Эльнура

кара олен оте тамаша керемет соз жок

агзатай

Керемет ищдегенин табылады

Агахан

керемет

Аркоша

Отыр кушті

Ханна

Кәдімгідей бир әсер аласың мәнерлеп оқысан одан да кушти болады

АИДА

КЕРЕМЕТТ

Аида Асылхан

Керемет өлең

Айбек Ахыт

Бей қам тірліктегі. тылсым кушті сезінгендей боласын. Тамаша

Айдана

Мукагали атамыздын кара оленимен мактанады казак журты

мадина

оте тамаша

Аинур

Оте тамаша маған унады жүректен журекке жетеди

гулнур

Мен баламнин багаларин билу ушин не истеуым керек

Оралбек

Балаңыздың күнделігіне қарау керек)

Тлеубаева Аяжан

маган Мукагалидин олендери унайды

Фатиха

Өте керемет өлең маған ұнады

Аян

Өте керемет!Әсерлі өлең

Асел

Керемет !

Аяулым

Мер был олени окыганда керемет сезимде болдым Керемет!!!!!

аружан

оте керемет олендер маган унады

Перизат

өте керемет

Аружан

Рахмет

Мухагали

Тамаша керемет

Камшат

Оте тамашша

аяулым

мен осы оленди айттым оте керемет екен Мұқағали атамыздын оленин бәрі тамашаменің анама да ұнады

М Нурай

Оте керемет !!

Жулдыз

♡♡күшті өлең♡♡

Дания

Мукагали атамыз казак мактанышы
Тамаша

Макпал

өте керемет рахмет

Ғалия

Өте, өте керемет болды

Еркемай

Ғажап өлең.Біздің кітаптатолықемес.Іздегенімді осыдан таптым.Көп-көп рахметт

шакизада

неге өлең қара өлең деп аталады

Адина

керемет

нурай

өте керемет рахмет

Аяжан

Өте керемет өлең.Мағынасы өте терең.

Аянат.

Рахмет Мукагали Махатаев.

Маншук

Тамаша олен.

Назерке Габдолла

Өте жақсы маған да осы керек еді

Жансая

Бұл өлең өте керемет жазылған

Жаксы адам

Оте жаксы Мукагали Макатаев оте жаксы акын

Абылайхан

Бүл өлең өте керемет екен

Самат

✌✌

Мейржан

Оте керемет маган катты унады!!!

Аңсаған

Керемет!Өз басым М.Макатаев атамыздын өлеңдерін сүйіп окимын!❤️❤️

Бекзат

Атамыздың Өлеңдерін охысын бир жазасы асер аламызгой

М

Калкам мен Лермонтовта Пушкин емен,
Есенинмин демедим ешкимге мен.

гүлсезім

рахмет

Нартай.

Бірінші буын қате❗️
Бәсе оқығанда булығып қала берем. Кейін кітабына қарасам ЕМЕС емес, ЕМЕН екен.
Яғни:
Қалқам
Мен Лермонтов Пушкин де емен.
Есенинмін демедім ешкімге мен.
. Мұқағали ондай ұйқастық қате жібермеуші еді ғой деп қоям.
Енді сіз де дұрыс оқып көріңізші.
Айтпақшы менің парақшамда оқылып тұр осы өлең. Баға беріңіздер https://youtube.com/channel/UCc4XVGWtzwqMFC5XNyuBwEg

Темір

Ғаламат!

Нұлан

Мұқағали Мақатаевтың Қара өлең өлеңі керемет!

Айғаным

Өте керемет екен!!! Сол қара өлеңді жаттап алдым❤️

Пікір қалдырыңыз

Алматының аспаны

  • 1
  • 9

Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей-кейде

Толық

Соқ, жүрек!

  • 1
  • 7

Қалай-қалай соғады, қан-жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой.
Бұл тірлікте құм арым қанды менің.

Толық

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

  • 1
  • 5

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар