Өлең, жыр, ақындар

Май көркі

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1043
Май көркі сұлу сырға таққандайын,
Ән-күйге орман, тоғай батқандайын.
Күн нұры жер бетіне шашып шұғыла,
Көмкеріп ақ күміспен жапқандайын.
Шығыстың шымылдығы ысырылып,
Алтын таң нұрын шашып атқандайын.
Балбырап жасыл бүліс, көк өсімдік,
Құлпырған алтайымен мақпалдайын.
Жайдары осы майдың көрінісі
Қиялын жүрегімнің тапқандайын.
Майға ән сап, Әсеттейін әсемдетіп,
Жамбылша жыр бұлағын ақтарайын.
Елімнің көз салайын ой-қырына
Өмірдің көңіл қойып шын сырына.
Шат халық, бақытты елдің думан тойын
Желі ғып алтын арқау мен жырыма.
Майға біз әсем әнмен, үнмен келдік.
Жеңгендер съезімен, гүлмен келдік.
Жаңа салт, жаңа табыс, жаңа өндіріс
Жаңарған еткен майдан түрмен келдік.
Өмірдің ең шыңында тұрғанда елім
Ағылмай қалсын неге жырым менің.
Сондықтан тойға арнап төгілтейін
Шығарып дүкенімнен жырдың кенін.

Май 1939



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балтықтың жағасында

  • 1
  • 2

Балтықтың жағасында тұрмын төніп,
Толқыннан Балтық жатыр өрім өріп.
Бір ырғақ таңдайланған тан ғажайып,
Тулайды күміс суы арнаны өбіп.

Толық

Кәдір түн

  • 0
  • 0

Бұдан алпыс жыл бұрын
Оразаның айы еді,
Қара түнек бұлт басқан
Қараңғы түннің жайы еді.

Толық

О, ерлер - ау, ерлер - ау

  • 1
  • 1

О, ерлер - ау, ерлер - ау!
Еділге бүгін жау шапты,
Ежелгі ерке, ер Еділ
Солдат болып оқ атты.

Толық

Қарап көріңіз