Өлең, жыр, ақындар

Сұрарым

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 816
Жолаушымыз өмір – жолда,
Жер бетінде бірге көппен.
Жалғыз Алла өзің қолда,
Кең әлемге нұрын төккен.
Жеткізетін ойларымды,
Сөйлесін-деп, өзің берген,
Ана тілім, қайнарымды,
Сүйгіз нәзік сезімдермен.
Сақта, қара дауылдардан,
Аман болсын ата жұртым.
Көз жаздырма бауырлардан,
Көрмесінші қайғы бұлтын.
Ырыздықпен өлшеп берген,
Қысқа қылма уақытыңды,
Сақта, жала өсектерден,
Былғамасын бақытымды.
Туған жерден нәрін алған,
Өлең-жырым—тамырларым.
Желек жайып болсын орман,
Күзей көрме, жалынамын.
Кімнен қалмас бұл дүние,
Бір күн қалар біздерден де,
Жалғасын бер жасаушы ием,
Ұл мен қызым -- өзендерге,
Нәсіп берші маңдайы кең,
Жас сәбидей тілегіме,
Бір ән болып қалайын мен,
Туған елдің жүрегінде!
БҰХАР ЖЫРАУ
Қамқа тонды кимеген,
Жүйрік жорға мінбеген.
Жалған айтып көрмеген,
Құшағы тең күнменен,
Пейілі көкке өрлеген,
Қарапайым халқымның,
Өзі соғып зерлеген.
Қара өлеңін ту қылып,
Шаршы топта сөйлеген.
Жамандықты білмеген.
Жасы кәрі ,жаны жас,
Тау суындай сарқылмас,
Ізгі ойлармен гүлдеген
Нажағайдай жарқылдап,
Қаһар төккен хандарды,
Кеуде керіп көнбеген,
Әділдікпен жөндеген.
Данамын – деп, таспаған,
Тар жолыңда саспаған.
Кең әлемді тербетіп,
Төге біліп асқақ ән.
Қараңғыда жол сілтеп,
Елдің көшін бастаған.
Мұхиттайын қайнарым,
Сусындаған ой нәрім.
О, көмекей әулием,
Әруағыңнан айналдым.
Жырдан іздеп ертеңін,
Төксем – деп пәк, көркем үн.
Айдынында шарқ ұрған,
Мен бір құйттай желкенің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалау Мыңбаев

  • 0
  • 0

Қилы заман қызыл тұман шағында,
Адай Ревком елдің бітіп бағына
Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын,
Қолын созған болашақтың таңына.

Толық

Ұмтылмас Мұқағали Мақатаев

  • 0
  • 0

Тірліктің ұлан байтақ әлемінде,
Ой тастап ақыл ойдың тереңіне.
Шындықты шырқай біліп өр дауыспен,
Тебірентіп бас идірген өнеріне.

Толық

Бауыржан

  • 0
  • 0

Өзеннің арғы жағында
Қасқайып қара жол жатыр,
Ыза,кек ойнап қанында
Қарайды оған ха батыр.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер