Өлең, жыр, ақындар

Қыздарға

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 78316
Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне күзетіп.



Пікірлер (5)

Динара

М.Мақатаев жақсы ақын мен оның өлеңдерін жақсы көремін.

аконти

мықт өлеңдер

Наздрке

Жақсы екен өлең шумағы

Назерке

Жақсы екен өлеңдері

Еркеназ

Мұқағали Мақатаев - Қыздарға - Өте керемет өлең♥️

Пікір қалдырыңыз

Жасыма, көңіл!

  • 0
  • 5

Жасыма, көңіл, жасыма!
Бақытқа басың кенелер!
Серік боп қиял қасыңа,
Жүлде алып, жүйткіп жөнелер!

Толық

Қасқырға

  • 1
  • 2

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?

Толық

Дәрігеріме

  • 1
  • 9

Керегі жоқ,
Керегі жоқ,
Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ,

Толық

Қарап көріңіз