Өлең, жыр, ақындар

Мырзағұл әулие баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1370
Бақыт деген өздерің ұрпақтарым,
Ұғынсын-деп, жаныңа сыр ақтардым.
Сендер әлсіз болсаңдар бірлігі жоқ,
Былғанғаны киелі топырақтарым.
Бол алмассың сіра да дара мықты,
Ата жұрттан алмасаң даналықты.
Тамырынан үзілген қу ағаштай,
Өгейсінер өзіңді далаң тіпті.
Алауыздық отына күйіп жанып,
Тағдыр жіптің ұшында талай қалдық.
Түркі тілдес,түбі бір ел едік біз,
Билегені жауымның бөліп алып.
Өкінішім өзіңе болсын сабақ,
Хан біткенің қырқысып қырғи қабақ,
Бөлінген соң орысқа бодан болдық,
Алдарында байлаулы құлдай құлап.
Қамал жоқ ғой бір болсаң алынбайтын,
Нағыз бақыт-ынтымақ жолың айқын.
Қазық болып ырысты берекеңе,
Жоқшылыққа жығылып жалынбайтын.
Қуат құйған халықтың жүрегіне,
Бірлік дархан дүние тірегі де.
Биік болсын ұлттық рух ар намысың,
Онсыз әсте байлықтың керегі не?!
Ұққың келсе тереңнен мұның бәрін,
Жазып кеткен қаныменен бабаң дарын
Тарихыңнан көз жазба дем біткенше,
Келер ұрпақ алаулап жалындарың!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйіндік баба

  • 0
  • 0

Жеті түнде қараңғыны қақ бөлген.
Қайран баба жауға тізе бүкпеген.
Көз ілмеген қайқы қылыш асынып,
Елді қорғап Адай туын көтерген!

Толық

Оспан батырдың соңғы сөзі

  • 0
  • 1

Бір өзіме бәрі аян сырым анық,
Сұм ажалды қайтемін есіме алып.
Бәрінен де туған ел қымбат маған,
Көз алдымда езілген қайран халық,

Толық

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Қарап көріңіз