Өлең, жыр, ақындар

Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 17361
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Дәл осылай он алты жасымда мен,
Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Баяғыдай мінезім, ақылым да,
Кеткенім жоқ әлі ұзап шақырымға.
Мытып қалсам өкшемді атырылған,
Жирен тай жоқ жалғыз-ақ тақымымда.
Баяғыдай күндерім түнге ұласқан,
Түнді сүйем...
Сүюші ем түнді жастан.
Өмір деген мектепті бітіре алмай,
Көше алмай-ақ келемін бір кластан.
Баяғыдай шыт-шыбыр жейделерім,
Баяғыдай күлгенім, сөйлегенім.
Баяғыдай ұрттап ап ыстық астан,
Аузым күйіп қалады кейде менің.
Баяғыдай...
Бәрі де баяғыдай.
Баяғыдай кілемін жаяды май.
Енді маған қырықтың қылығын бер,
Ақылын бер, арын бер, ая, құдай!..



Пікірлер (3)

Асемай.

өте тамаша әсерлі.

Фариза

бұл Мұқағали дың өзі шығарған өлеңіме

Бота

Мұқағали Мақатаевтың Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Тауда

  • 0
  • 2

Шоғыр тас, құлама құз төніп тұрған,
Қарағай басын иіп тағзым қылған.
Бар тіршілік қойнына паналаған,
Алып дене құралған ұзақ жылдан.

Толық

Дүниеге ақын келгенде

  • 0
  • 1

Дүниеге ақын келген шақта қайратты,
Шаттанды да Табиғат,
Шартарапты жайнатты,
Қайратты ақын: "Менікі!" — деп

Толық

Уайымдап, ойға шомып

  • 0
  • 1

Уайымдап, ойға шомып, отырмын мен шерменде,
Уайымдар жандар бар деп,
тағы басқа елдерде.
Германия,

Толық

Қарап көріңіз