Өлең, жыр, ақындар

Бір тал жусан

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1065
(Зейнолла Қабдоловқа)

Әрбір сөзі жыр болып,
Әлдилеген халықты.
Академик Қабдолов,
Сырқаттанып қалыпты.
Мереке інім жол бастап,
Көңіл сұрай барғанда.
Ұлы ұстазым жаны асқақ,
Ұқсап кетті Абайға!
Қарсы алдымда әулием,
Кестелеген сөзден зер.
Мен алдында бас ием,
Өз ұлың ғой өскен ел.
Не сыйласам данаға,
Жарасар-деп,қысылдым.
Жылойдан-деп,жан аға,
Бір тал жусан ұсындым.
Жарқ етіп нұр жанары,
Сәуле шашқан таңымдай,
Қуанып бір қарады,
Көңіл оты жалындай.
Исін-ай!-деп,әкелген,
Жұпарын кең даламның.
Ой әлемін көтерген,
Сырын ұқтым дананың.
Тапқандай боп бір емін,
Алыптың нар жанына.
Тулағаны-ай жүрегім,
Шапағатқа малына.
Әрбір ізі гүл болып,
Әрбір сөзі жыр болып,
Үні болған халқымның,
Мәңгі жасар Қабдолов!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абат байтақ

  • 0
  • 0

Небір дүлей дауылдарға бас имей,
Ғасырлардан еркін жүзген кемедей.
Атына сай асқақтап жел өтінде,
Кең далама керілген ақ желкендей.

Толық

Есболай батыр баба үні

  • 0
  • 0

От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.

Толық

Әлиханы Алаштың

  • 0
  • 0

Бостандық пен Туысқандық, Теңдік деп,
Адамзаттың ойын жырмен өрнектеп.
Асқар тауым тірек болдың еліңе,
Зар заманда қу түнектен жетектеп!

Толық

Қарап көріңіз