Өлең, жыр, ақындар

Әулет диалогы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3707
Атам айтты: "Ұлым ел қорғаса", - деп,
Әкем айтты: "Сұм соғыс болмаса" - деп.
Мен айттым: "Коммунизм орнаса" - деп,
Ұлым айтты: "Бәрі де далбаса" - деп.

Атам "Аттан, кедейін!" айта күліп,
Әкем жатты, "Фашистер тойтарылып"...
Мен даурықтым: "жатырмыз қайта құрып"
Ұлым күлді "кетпейік қайта құрып".

Атам айтты: "Кеңеске - бағалыңмын!"
Әкем күлді: "Піріңмін Заманымның".
Мен де шыңға шырқауға шама қылдым,
Ұлым айтты: "Бүрі жоқ табаныңның".

Атам пісті сабасын: "төгілді", - деп,
Әкем күлді: "Спиртпен көңілдірек".
Мен сырамды сімірдім, ұлым айтты:
"Нашақорлық жайлады өмірді", - деп.

Ақтады атам бидайды қауызындағы,
Ойланды әкем: "Сол қулар сау жүр ме әлі?.."
Мен газетке үңілдім. "ТФУ" деді –
Ұлым "Қазақстанын" аузындағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен кім едің?

  • 0
  • 0

Ол ақынды көрге бір-ақ тепкенбіз,
Ол ақынсыз өтіп жатыр көктем, күз...
Келді менің енді өзіңді бір көргім,
Сен кім едің, Марат тастап кеткен қыз?!

Толық

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар»

  • 0
  • 0

Тірлік деген толқынды теңіз бе әсем,
Сол тірліктің бетінде көп із кешем.
Өтінемін,
Сөзіме сеніңіздер,

Толық

Асан Қайғыны аңсау

  • 0
  • 0

Әзелден біздің бабамыз қазақ болған-ау, сірә, қыр кезбе,
Даланың төсін қоныстай берген тайпалар кезіп жылда өзге.
Дендерім менің, кең жерім менің, көлдерім, қырат-белдерім.
Асан Қайғы атам өтіпті сенен "Жерұйықты" іздеп бір кезде.

Толық

Қарап көріңіз