Өлең, жыр, ақындар

Қарой, 88

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1710
Жанса бүгін ерліктің арай-шамы,
Тектіліктің шырқалмас қалайша әні.
Бауырыңа батырды басып алып,
Жатырсың ба тұнжырап, "Малайсары"?!

Көңілімнің кіршіксіз ақ парағын,
Айғыздады тағы да қап-қара мұң.
Қадіріңді арттырған ер едің ғой,
Қабіріңе егіліп көп қарадым.

Әкелмедік басыңа арақ-шарап,
Оқымадық құран да арапшалап.
Батыр баба, бағыштап аруағыңа,
Жыр оқысақ болмай ма қазақша нақ?!

Өткізгенмен басыңнан талай сынақ,
Бұл сұрағым, емес-ау оңай сұрақ.
Шамырқанған шырайлар келген сәтте,
Көр-лақатта жатырсың қалай шыдап.

Көңіл кетсе қиялдың кезіп елін,
Көз алдымда көк-мұнар өзің едің.
Мынау көрді қопарып орыныңнан,
Қарғып тұра келердей сезінемін.

Жайлағанмен әділдік сан қырқаны,
Тіршіліктің әлі де бар бұлтаңы.
Кіші жүздің өлген мен Жәңгір ханы,
Зұлымдықтың өлген жоқ мәңгі ұрпағы.

Заман парқын білмеген адам нарқын,
Ұға алмапты-ау, байғұстар бағаңды алтын.
Анау қырға бір шығып қайтайыншы,
Ықыластар кездесіп қалар бәлкім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желтоқсандағы жыр

  • 0
  • 0

Мен - қазақпын, жүре алмайтын
Шаттанбаса, күлмесе.
Мен - қазақпын,
Ішкен асын тастай салар жыр десе.

Толық

Неліктен көзіңе жас толады

  • 0
  • 0

Неліктен көзіңе жас толады,
Жан едің өнегелі.
Сеземін, қимайсың Астананы,
Қимайсың және мені...

Толық

Жүрегімде жыр — әлем

  • 0
  • 0

Өзіңді іздеп шарқ ұрғалы ұлы өлең,
Саған қарай талпынғалы мына мен.
Өмір енді емін-еркін кеудемде,
Тебіренді жүрегімде жыр-әлем.

Толық

Қарап көріңіз