Өлең, жыр, ақындар

Мойындату

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1460
Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.

Қол бұлғарда қайғымменен реңдес Күн,
Жұлдыздарды жоғалған түгендестім.
Падишасын жоқтады патша көңіл,
Тәңір жаққа тепсінді күрең бестім.

Жігер отын жандырдым шапшаң барып,
Бұрын тұтата алмап ем тоқсан налып.
Күреңімді қамшысыз көкке өрлеттім,
Көсіп-көсіп аттым да.., шақшамды алып.

Көкке қарай кер мінез байқатқасың,
Енді кімін жіберіп айтақтасын.
Көптен бері көрінбей кеткен Құдай,
Көк жүзінде тұр екен шайқап басын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен кім едің?

  • 0
  • 0

Ол ақынды көрге бір-ақ тепкенбіз,
Ол ақынсыз өтіп жатыр көктем, күз...
Келді менің енді өзіңді бір көргім,
Сен кім едің, Марат тастап кеткен қыз?!

Толық

Әулет диалогы

  • 0
  • 0

Атам айтты: "Ұлым ел қорғаса", - деп,
Әкем айтты: "Сұм соғыс болмаса" - деп.
Мен айттым: "Коммунизм орнаса" - деп,
Ұлым айтты: "Бәрі де далбаса" - деп.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалықтым. Жабықтым. Жаңа ұқтым,
Еңсемді езеді тамұқ-түн.
Сығалап қарадым мен оған,
Терезесінен табыттың.

Толық

Қарап көріңіз