Өлең, жыр, ақындар

Шайырдың шабытсыз шағы

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2040
Тағы да қаламыма сайтан сарып,
Бір өлең жаза алмадым сойқан салып.
Жеріген төсегінен жезөкшедей,
Келмеді бүгін тағы сайқал шабыт.

Бір өлең жаза алмадым бүгін емге,
Түгі жоқ бедеу түннен түңілем бе?
Кез болып қала ма деп шабыт сені,
Іздедім бөтелкенің түбінен де.
Шалдығып, шарап ішіп басы ауырған,
Шайырды емдер болсаң, бүгін емде!

Шабытсыз болып қалып қуыс кеуде,
Сені іздеп барға барып у ішкенде.
Мен талай сен келер деп алаңдадым,
Бокалдар сыңғыр қағып түйіскенде.
Түйісіп, бір-бірімен сүйіскенде.

Ақынға ем өлеңге артқан базынасын,
Маңдайға қашан енді жазыласың.
Миымнан мың сан ойлар ұшып кетті,
Өзіңді күте-күте қажығасын.

Ей, шабыт, шының ба бұл ойының ба?
Өлеңге жоқ-ау сенің тойымың да...
Тағы да сойқан салып, сайқал шабыт,
Жатырсың қай ақынның қойынында?!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дос

  • 0
  • 0

Жеті жастан бірге өстік,
Болды-ау талай білместік.
Бірімізді біріміз,
Сыйласумен күн кештік.

Толық

Баян өлке – аяулы өлке

  • 0
  • 0

Асқар таулар көмкерген асқарын қар,
Баурайында баянды жас шағым бар.
Шақырады біздерді ақ шағылдар,
Асқар таулар, ал енді қош болыңдар.

Толық

Сол жылдардан жеткен үн

  • 0
  • 0

Ит тірлік, зәһарыңнан маған да құй!
Япырмай, біткені ме жаманға ми.
Заманым ақырзаман болған шақта,
Мен едім "Банды" атанған Аманғали

Толық

Қарап көріңіз