Өлең, жыр, ақындар

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 8755
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
«Қозым-ау»,-деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.

Оянбай қалам,
Бұл шындық, ұрыспа қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары...
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып егіліп , жылайсың әлі.

Жүректе – ызғар, баста- мұң, көңілде-қырау,
Оңай ма, жаным, кеудеңді қайғы ауыртқасын?.
Жүретін кезім бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?

Басымнан ұштың, бақытым, базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған...

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
«Қозым-ау»,- деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам,
Бәлкім, оянып кетермін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұма күнгі жыр

  • 0
  • 0

Туа қалсақ – тосады таныс қабір,
Мәңгілікке кетуді күттім менде ...
Төрт қабырға –төрт Құран, ғарышта-нұр,
Ал, қапастың ішінде тұтқын пенде ...

Толық

Егіз-лебіз 1-ші лебіз

  • 0
  • 0

Шартарапқа шарқ ұрып көңіл-дөнерінен,
Жастық шаққа, жүргенде, сенуменен.
Өнеріңді, жүргенде, өруменен,
Кеп қалды ма ер жасы – Елу деген?

Толық

Біздің ел

  • 0
  • 0

Қамшысының өрімі - сегіз өрім,
Қалқасының еріні - нағыз ерін.
Қобызының мұң-зары - құс қондырған,
Ұлы түгіл қыздары дұшпан қырған...

Толық

Қарап көріңіз