Өлең, жыр, ақындар

Ұрпақ сөзі: «Абайлаңдар, адамдар»

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1548
Тірлік деген толқынды теңіз бе әсем,
Сол тірліктің бетінде көп із кешем.
Өтінемін,
Сөзіме сеніңіздер,
Қодар мен Бекежан егіз десем!

Сайлап мінер сұмдықтың сұр жорғасын,
Сатқын заман қайтадан бүр жармасын.
Ақиқаттың ажалы болған талай,
Бір сұр жебе, бір қанжар, бір қорғасын ...

Өмір-ана тартады бірлік күйін,
Тірлік қиын, алайда, тірлік қиын.
Ықылас пен дантестер Қодарларың ,
Немересі екенін білдік кейін ...

Бірлік күйі тоқтама, Арындашы,
Жалғандықтың мұқалсын қарындашы.
Ал, Қаплан кешігіп, кенже туған,
Болып шықты Дантестің қарындасы.

Той- думанмен жүргенде, сауықпенен,
Тірлік-теңіз үстінде ауып кемем.
Сол зұлымдар тағы да бір тасадан,
Шыға келетіндей боп қауіптенем.

Көрмеу үшін жесірдің жылағанын,
Көрмеу үшін алыптың құлағанын.
Екінші рет тумайды бұла –дарын,
Абайлаңдар, адамдар!
Сұранамын!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлылармен ұғысу (Жамбылға)

  • 0
  • 0

Кездесе кетсе кем түспейтұғын
Қашаған менен Абылдан,
Қазақы қанды қара өлеңдегі
Қайыспас қара қабырғам.

Толық

Өкпелемеші

  • 0
  • 0

Өкпелемеші,
Өтірік мен де жұбатпан
Өзегімді өртеп жазбайын хат та жырақтан.
Өкпелемеші,

Толық

Сөз соңы

  • 0
  • 0

Үтірмен сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің,
Өлең-өмір тұр бітпеген.

Толық

Қарап көріңіз