Өлең, жыр, ақындар

Ұлылармен ұғысу (Абайға)

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1455
Ақылдан аққан ақжарма
Ағытқан кезде арнасын,
Орынсыз жерде одыраңдатпас
Алтыннан асыл алмасым.
Текті тобықты торсық шеке ұлды
Тоқалынан-ақ түлеткен,
Алашаңдай басқан абайсыз елге,
Абай, сіз керек болғасын.

Ақындар үшін фәнилік парыз
Жыр жазуменен өтелмек,
Шақырғаны шын шабыт құсыңның
Заңғар шыңдарды мекендеп.
Михаэлистерге Гейне боп сосын
Қалқыдың «Шыңғыс» төрінен
Шығысты Батыс етем деп ...

Содан соң самғап кеттің де бардың,
Қанаты талмас қырандай,
Соңында сенің өңкей шуылдақ,
Шуылдап қалдық ұлардай.
Батыс болам деп күнәға батып,
Ата-ғұрыптан айрылып,
Ал, енді жүрміз, Батысты Шығыс қыса алмай ...

Қара өлең киген көне күпінің
Жамаймын дей ме жыртығын,
Ойына дым да кіретін емес
Кәдімгі қазақ «қыртының».
Комсомолдарша қомаданып барып,
Коммунистерше толғанып,
Бөтен сөзбенен былғадық талай
Сіз әдіптеген жыр тілін.

Абайдың рухы! Кезің бір келді
Елге де біздің ат байлар,
Текті өнеріңдітеңгеге салған
Тентекті көрсең тоқтай қал!
Шәкәрім менен Абайды көріп,
Шамасын біліп, жыр жазбай,
Өз даңқын өзі өлтіріп өткен
Пайғамбар екен Көкбайлар ...

Күншіл халықтың күңкілін даттап,
Күңірінсе сендік кәрі жыр,
Не демек бүгін ғасырдан асқан
Ойлы өлеңіне қарыз ұл.

Тәлім жырыңнан тәрбие алмаған
Тексіз ұрпақтың қолында,
Оразбайлардан мұра боп қалған
Баяғы шоқпар әлі жүр ...
Р.S. Біздің де, шіркін, болады ма екен
Кезіміз бір күн гүлденер,
Ирани баққа айналмас әзір
Бүргелер тұнған түрмелер.
Сендерді қайтсін жабырқау жыр мен
Мұқалған көңілі мұңды өнер,
Абайың түгіл, Құдайын таптап жүрген ел ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойындату

  • 0
  • 0

Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.

Толық

Ұлылармен ұғысу (Жамбылға)

  • 0
  • 0

Кездесе кетсе кем түспейтұғын
Қашаған менен Абылдан,
Қазақы қанды қара өлеңдегі
Қайыспас қара қабырғам.

Толық

Сен кімсің?

  • 0
  • 0

Қарттардың тыңдай - тыңдай сөзін кілең,
Өзіңді, сөзіңді ойлап көз ілдірем.
Бұл елдің досысың ба, қасысың ба,
Сен кімсің?

Толық

Қарап көріңіз