Өлең, жыр, ақындар

Әйелдер-ай

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 10
  • 144088
Әйелдер-ай!
Әйелдер!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қандайсың?!
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай,
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай!
...Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...



Пікірлер (10)

қамбар

жүректі ауыртатын өлеңдер...әттең түсінетін адамдар болса...

абылайхан балнур

не дегенкушти олендер жаксы жазылган маган катты унады мен5 сынып окимын

Есет көтібарұлы

Керемет

Бота

Әйел деген әдемі ғой, әдемі!

Фариза

Күшті керемет! !!☆☆☆¤♡♡☆¤¤♡♡¤!!

Алмагүл

Мұқаңнан артық ақын жоқ шығар… Ұлы ақын ғой, ұлы!

Алмагүл

Ұлы ақын ғой!

Алмагүл

Бүгін оның туған күні …

Мейрам нусылтан

Неткен керемет бұдан асқан өлең жоқ

Айтгуль

Күшті айтылған

Пікір қалдырыңыз

Көзің нұрсыз дейсің сен

  • 1
  • 1

...Содан бері шыныммен жыламадым,
Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым.
Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің,
Әлде бір шыныңмен-ақ сынағаның

Толық

Қыздарға

  • 1
  • 5

Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.

Толық

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?

  • 1
  • 2

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.

Толық

Қарап көріңіз