Өлең, жыр, ақындар

Қарқаралы

  • 13.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1940
поэма
I
Арқаның шоқтығындай Қарқаралы,
Қондырып ақбас нардан қарқараны.
Ақбаян арқа аруы аңыз дейді ел,
Кеткен деп тауға қойып Қарқараны.
Кім білсін қыз қойды ма, ел қойды ма?
Әйтеуір таудың аты Қарқаралы.
Жерге жал, Сарыарқа нар, молтақ өркеш,
Сияқты қарқарасы — Қарқаралы.
Әсем тау қарқардай әшекейлі,
Бөленген қалың нумен сай салалы.
Торғын түк, толықсыған көкшіл орман,
Бусанып бұйра шашы, тамған балы.
Шындары Қарқаралы көкке бойлап,
Айқасып ертелі кеш бұлтпен ойнап.
Андыздап ақар-шақар сұлу шыңдар,
Салғандай самғап шығып, аспанға ойнақ
Арудан аққұбаша қайың киіп,
Шырқаған Мырзашоқы көкке шүйіп.
Жарқырап шоқтығында Шайтанды көл,
Айнадан Қарқараға қойған қиып.
Шөп өсіп, шөлең баспай, мөп-мөлдір боп,
Шырқауда шар айнадай, шалқып, тынып —
Тұрғанын көргеніңде көкке ұқсап,
Қиялың құлаштайды құзға шығып.
Айнала алып жартас, аспан зәулім,
Төңірегін көлге төсеп, басын иіп.
Дірілдеп, кестеленіп, әсем сурет,
Астына аударылған, аспан сыйып.
Тағы арқар тарғыл шыңда ойын салған,
Өрекпіп, оршып асып, таудан биік.
Лақтырған тастай зырлар түйіледі,
Шыңына Жиренсақал шыққаныңда,
Алдыңа Арқа алабы тегіс сиып.
Сылдырап оңтүстікте Балқаш көлі,
Шығыстан Шыңғыс белі бұйрат жиып.
Мұнартып солтүстікте сұлу Баян,
Сапырылып Сабынды көл керіп иық.
Керіліп аспанға асып Ақбет шыңы,
Толықсып қарағайдан қамқа киіп.
Батыста езу тартып сылдыр қаққан,
Шерубай, анау Нұра шалқып жатқан.
Жәмшилі, Тоқырауындай екі ерке өзен,
Балқашқа балдай суын құйып жатқан.
Шымырлап шынды етектей аққан Жарлы,
Көбелей сыртын орап Қарқаралды.
Қақ жарып Кенттің қоңыр қарағайын,
Баурайында ойнақ салған ерке Талды.
Андыздап асыр салған бауыр сырттан,
Еркесі Қарқаралдың Талды, Жарлы.
Тау сұлу асқар шыңы нуыменен,
Ерке өзен тас сабаған суыменен.
Тау сұлу, тамашалы сай салалы,
Көлі мен көлде жүрген қуыменен.
Тау сұлу қазына атқан кеніменен,
Тау сұлу кенелген бай еліменен.
Тау сұлу тамылжыған сырыменен,
Сыр сұлу елге тәтті жырыменен.
Ел жанын тербететін ертегідей,
Кешірген кешегідей шыныменен.
Аз ба еді Қарқаралдың сондай сыры,
Жоқ па еді сырын айтар сұлу жыры.
Басынан қилы-қилы күндер кешкен,
Сыры көп Қарқаралы таудың бірі.
Аз шолып Қарқаралдың өткен күнін,
Күңіренген бір кездегі елдің үнін.
Түспесем айналып кеп әңгімеме,
Айтуға бір кеңесін бүгінгінің.
Бір кезде шер жайлаған Қарқаралды,
Өрбітіп өрістетпес мал мен жанды.
Түтігіп тұлпар мінген ерлер кетіп,
Езіліп жау қолында елі қалды.
Кез болған ел езіліп, ерлер азған,
Балды су, шүйгінді шөп, жерлері азған.
Нулы тау, шұрайлы өлке жатқа кетіп,
Шешілген ақкіреуке Балақаздан.
Омырайып найза ұңғыдан, сары саптан,
Тұлпары тобасынан басқан қақпан.
Бөктеріп қорамсағын, жанына асып,
Балақаз пана іздеген басқа жақтан.
Төбеге туын тіккен жатыр қатып,
Маңайын жан баспаған жаны батып.
Ұясын өр қыранның өктем күшпен,
Қол қатпай, тіл үйретпей, алған тартып.
Ол күштің дүмі дүлей, аты — мылтық,
Ойрандап Арқа жонын оқпен жыртып.
Қала сап, қарауылын елге кезеп,
Ордасын тікті обырлар жұтпақ болып.
Қол артып сол қалаға елді сатып,
Шен алып, шекпен киіп жарқыратып.
Жамантай, қасқыр — Құсбек хандық құрған,
Қарғадай қара жұртты шуылдатып.
Жарлыға Жамантайдай хан жантайып,
Төріне қара құсы ірге жайып.
Ордасын омақадай тіккен сонау,
Сазына Көктал, Жарлы қожырайып.
Арқалап ел қорғаған ерлер ерін ,
Армандап жау қолынан тастап жерін.
Обыр бай, қамсыз төре, қанішерлер,
Ішқұрттай жатты жайлап қазақ елін.
Табандап Талды бойын Құспек жайлап,
Обадай орда тігіп, шалқып жайғап.
Қасқырдай қойға шапқан елге шауып,
Еңіретіп ел арына қадап (сайғақ-?).
Ауылына аңдаусызда атпен келсе,
Алғызған ат бауырына, жаяу айдап.
Түсіріп түстік жерден тізерлетіп,
Қусыртып қолын төске «Алла жарлап!».
Сүйгенге — таяғының үшін беріп,
Сүймеске — ұстатпаған, таяғын да.
Асқақтап, ақымақ хандар тиссе де арға,
Түссе де қанды қармақ малға, жанға.
Ысқырып әбжыландай сан шенеунік,
Қаладан қаһар төгіп тұрғанда да.
Халықтың сағы сынды, сынбады ары,
Қасарып кек жинады одан ары.
Ел кегі өрши берді өрттей қаулап,
Бай-төре, шенеунікке қайнап қаны.
Асқынып бойында кек ашынғанда,
Халықтың шықты талай арыстаны.
Арындап айға шауып сан мерт болған,
Халық үшін құрбан болып серке саны.
Өлмесе ел өр рухын өзі табад,
Шынында ердің ері — халық жаны.
Ер халық ескі арманын бір тарқатты,
Атқанда октябрьдің алтын таңы.
Шаттанып, шадыман өмір құшағында,
Қолына ап асқар шыңды қыр, қаланы.
Қыр гүлдеп, асқар нулап, қала жайнап,
Кірген ед жаңа ғана өмір сәні.
Сол бақыт, сол дәуренге суық қолын,
Салмаққа қандай жауыз қимылдады.
Берілді қолдан жауға туған жердің,
«Түбірлеп тұп көдеден жалғыз талы».
Болған бір есіме алдым оқиғаны,
Айтуға алып қалам, ал кірістім.

СУ БАСЫНДА
II.
1.
Арқаға көктем күні нұрын төгіп,
Мамырлап сәуір бұлты тауға шөгіп.
Бытырап түткен жүндей тасқа оралып,
Киіп ед Жиренсақал бұлттан бөрік. (2.)
Шуақтап күн көзіне жан-жануар,
Қарқындап қар суына дала бөгіп.
Секіріп суық бұлақ тастан-тасқа,
Мөп-мөлдір меруерттей ғып суын төгіп.
Асқардан тулап түскен мөлдір бұлақ,
Қаланың ортасымен жарды құлап.
Сылдырап сырты күліп, сыры ішінде,
Орғиды ойдан ойға төмен зырлап.
Тамбады бұл бұлаққа кімнің жасы,
Сыр шертіп иілмеді кімнің басы.
Сан зарлы, сан мұңлының сырын тыңдап,
Түспеп пе ед сан аунақшып малта тасы.
Тыңдасаң құлақ қойып оның үнін,
Сыбырлап жыр қылады өткен күнін.
Сарғайған санаменен сан асықтың,
Жар күтіп, жан қинаған қара түнін.
Әлдилеп әкетпей ме алыс сырға,
Алдыңнан андыздатып өмір түрін (?).
Ел зарын ертедегі елестетіп,
Болғанын ел жүрегі тілім-тілім...

2.
Серуендеп сол бұлақты шықтым бойлап,
Өткізген жас шақтарды суында ойнап.
Еске алып өткен күннің суреттерін,
Ойыма үн қосқандай бұлақты ойлап.
Сылдырап аға берді мөп-мөлдір су,
Секіріп тастан жарға салып ойнақ.
Туған жер, өскен өлке жүрген сүйіп,
Сағынып тұрса қай жан сырға тоймақ.
Мен-дағы терең бойлап түстім сырға,
Бөлеңді су тілінен жаным жырға.
Алдымда асқар тауым айна бұлақ,
Дегендей тұрды күліп мені жырла.
Мен сонда сабақтадым сырды содан,
Тізілтті жүйрік қиял жырды содан.
Бұлақтың қабағында тұрды Сымтас,
Бір кезде тұла бойын қанмен жуған.
Сол тастың бетінде тұр жазулы сыр,
Жазудан ағытылды бір үлкен жыр.
Жазудың ең басынан түсті көзге,
Мың тоғыз жүз жиырма бірінші жыл.
Бұл таста жазулы тұр бірнеше есім,
Есімнен елестетіп достар түсін.
Сол жылда құрбан болған қайран ерлер,
Халық үшін, өмір үшін, Отан үшін.
Тізіліп өтті алдымнан бірден бәрі,
Аралас сап түзеген жас пен кәрі.
Барлығы осы тасты жатыр құшып,
Пәниден қаза тапқан ерлер тәні.
Сыры бар әр есімнің бөлек-бөлек,
Көңіліңді толғандырар сырға бөлеп.
Жүректі бір күйдіріп, бір тоңдырып,
Бойыңа алуан түсті әсер беред.
Ол сырды кезіп қиял кетті алысқа,
Құйқылжып ұқсап бейне ұшқан құсқа.
Ақтарып Қарқаралы біраз сырын,
Сөйле деп сөз маржанын салды ойыма.
Ой-қыры-терең сыры туған жердің,
Өмірі ертелі кеш өткен елдің.
Шұбырып көз алдымнан көшкенде аңдап,
Мен-дағы қаламыма ерік бердім.

3.
Асқардан тулап түскен мөлдір бұлақ,
Қаланың ортасымен жарды құлап.
Сылдырап сырты күліп, сыры ішінде,
Орғиды ойдан-ойға төмен зулап.
Серуендеп сол бұлақтың бүтін бойын,
Советтің ерке жасы салған ойын.
Керіліп көктемдегі күн нұрына,
Тойлаған тоят алып өмір тойын.
Көктемнің балдырындай кілең жастар,
Еркелеп күн көзіне мауқын басар.
Сыбыры судың сыңғыр күлкісімен,
Көтеріп бір-біріне әзіл тастар.
Меруерттей ақық судың ақ көбігін,
Біріне-бірі шашып, ойнап, жасқар.
Асырып иығынан алтын күнді,
Ұзартты көлеңкесін айбынды асқар. 
Сол кезде қала ішінен қарулы қол,
Бет алып тар кезеңге түзеген жол.
Шұбырып жіті жүріп өтіп жатты,
Сайланған саңлақ мініп қаруы мол.
Алысып ауыздықпен аттар қунап,
Атқылап тақымына тұрмай зулап.
Қойынына Қарқаралы кетті кіріп,
Оранған қалың нуға сайды қулап.
Бақылап қала маңын қырда жүрген,
Серуендеп судың бойын ойнап, күлген.
Жастардың қақ қасынан жөнелді қол,
Жол тартқан .................. таңға түннен.
Қол бастап Бекбай менен Черепанов,
Асынып қару-жарақ, айбарланып.
Түйіліп, қанаттанып Қаракері,
Бекбайдың көкке шапшып ойнақ салып.
Бұл қолдың көпке жұмбақ шыққан жолы,
Аттанып танды бетке ап қала қолы. 
Беловтың бандысынан хабар кеп ед,
Сапарға аттанып ед тоса соны.
Қасымға айқын еді бұл барлық сыр,
Түйіліп тауды тінтіп ойланып тұр
Жастардың көпшілігі сырдан аулақ,
Таңданып жолға аттанған қарайды құр.
Алайда Зәйіт мұны зерттей қарап,
Қасымға жеке тұрған келді жанап:
«— Аттанған мынау кілең қалың қолдар,
Қару ап бұлар тауда қайда барат?
Сайқалсып зәрлі күлкі, улы тілмен,
Суық түс, сұсты қабақ ауыр зілмен:
«Бірақ сен комсомолсың бізге сеніп,
Сырыңды айтпайсың ғой естіп-білген», —
Дегенде түйрегендей өкпеге біз,
Улы тіл, қорлау күлкі, өшпейтін із.
Салғандай Қасым қанын ішке тартып,
Зәйітке деді: «Ептісіз, қорлауға сіз» .
Кекетіп зұлымдықпен қаны бөлек,
Ұрынып сөз қозғаған әдейі кеп.
Зәйіттің сөзі батыс шымбайына,
Қасымнан кетті қайнап ежелгі кек.
— Сыр айтсаң, айтшы кәне, әкең қайда?
Ел қанын борсықша еміп, піскен майға.
Күшікше қаңғып жұртта қалмап па едің,
Қашқанда әкең ақпен Орқашқарға.
Жатсың сен, қаның бөлек жаңылмайтын,
Қасқырдың күшігісің ұяң-апан сайда?..». ...
Көрген соң қатуланған Қасым сөзін,
Жаймалап Зәйіт күлді басып өзін.
«— Мен саған қалжың қылып айтып едім,
Кеттің ғой шын ашуға сенің өзің», —
Деп Зәйіт залымдықпен жайды сөзін,
Тұрса да ар жағында қағынды ойы.
Қасымды ескермес деп айтып салып,
Артынан сасқан болды сөзбен жуып.
Бұларға келіп басқа жолдастары,
Сөздерін ушықтырмай одан әрі.
Ойын қып артқы жағын әкеткенмен,
Тарқамад екеуінің ішкі зәрі.
Серуендеп сол бетімен үйге тарап,
Қайтса да Қасым ойын сөз жаралап.
Көп қолдың асқан жерін кезіп-шалып,
Келеді ойға батып қырға қарап.

ТҮНГІ БҮЛІК
(ҚАНДЫ TYН)
III.
Ел жатты, мамырлады көктем түні,
Шақылдап тастан шығып байғыз үні.
Тынғандай аз тыныстап, өмір үні.
Салбырап дуға бөлеп мұнарланып,
Көкке асып Қарқаралының асқар шыңы.
Тартқандай демін ішке қала тынып,
Торғындай көкшіл аспан бұлтсыз тұнық.
Шашылып бриллиянттай жұлдыз жайнап,
Мылқау түн табиғатқа хандық құрып.
Жібек жел майда леппен тауды желпіп,
Аңқытып көктем лебі жүректі ертіп.
Қасымның бойын қулап қытықтайды,
Отырған ауыр ойда қиялға елтіп.
Кеткенін сонан қолдың қайда аттанып,
Бандының жолын тоса алдын шалып,
Шығып ед окомолдан жаңа ғана
Қайыптан төніп тұрған хабар алып.
Кенеттен бұза жара тыныштықты,
Ат қойған қалаға андап дүсір шықты.
Винтовка, пулеметтар оқ жаудырып,
Зулатып қала үстінен оқ ыршытты.
Қаңқылдап Қарқаралының тас кеудесі,
Үнімен винтовканың қоса шықты.
Қаладан қарсы атылған біраз мылтық,
Шықты да бір қағынып, қайта бұқты.
Қаланың алды үрейін қаһарлы екпін,
Келтірген үстін асқа аспан көктің.
Боп кетті жер тулақтай, тау қаңбақтай,
Лезде-ақ ұшты үрейі тұрғын көптің.
Шошынған мезгілсіз де жауған оқтан,
Атылып көр сылқа қып ойда жоқтан.
Үйіне қаны қашып кіріп Қасым,
Адамдай сұры қашып жайын соққан.
Үдеді барған сайын мылтық үні
Бұрқырап аспанға ұшып көк түтіні.
Көшіріп ат тұяғы асыр салып,
Ыдырад іргесінен қала түні.
Кетсе де шу дегенде шошып, тулап,
Жүрегі түсті орнына бойы қунап.
Үйіне кірді Қасым қайраттанып,
Шығуға жауға қарсы қаруын ап.
Ажар да шошып тұрған төсегінен,
Мұрша жоқ, жүрегі ұшқан, алуға дем.
Құшақтап Қасымды кеп, үрей буып,
Қалтырап, буыны құрып соққандай сең.
Қасым да қайрат кернеп, өжеттенді: —
Мен қазір жүгірейін кеңсе жаққа,
Болмайды бұғынуға мұндай шақта.
Білейін бұл не сұмдық мезгілсіз де,
Боп жатыр қандай жайлар ауком жақта.
Анасы қимаса да Қасымтайын,
Білетін: айтса — қайтпас Қасым жайын.
Бірақ та Қасым құр қол, қапылыста,
Жоқ еді түк аспабы тұрған дайын.
— Құлыным құр қол бар ма мұндай шақта,
Кім білед не боп жатыр ауком жақта?
Әкеңнің тапаншасын әперейін,
Деп берген аманат ед саған сақта.
Деп ана қараңғы үйді қолмен шарлап,
Мылтықты тыққан жерден тапты қармап.
Қолына Қасымының берді оғымен,
Алты оқты тапаншаны тыққан арнап.
Жүгірді Қасым шығып ауком жаққа,
Көрінбей көше іргелеп ешбір затқа.
Оқ түтеп, ауком үйі іштен-тыстан,
Қырқысып жатыр еді осы шақта.
Жақындап бір пұшпақтан Қасым бұғып,
Қолына ап тапаншасын оғын тығып.
Түскенде терезеден ашып жолын.
Таныды тұлғасынан біздің Қасым,
Таныс ед қимылына әбден оның.
Шеге үйші Қарқаралыға келгеннен-ақ,
Болатын қарауында Қасым соның.
Шеге үйші тұрған үймен қоймасы бір,
Шатырсыз аласа үйден шығатын бір.
Көзі отты, әнтек тапал қара бала,
Денесі қорғасындай тым-ақ шымыр.
Аз сөйлеп көп ойлайтын көне жандар,
Тұнжырап түс ашпайтын ар жағы зіл.
Көп жүрді сырттан бағып бала бойын,
Табылмай бір ретте сұрауға сыр.
Сүйтсе де сұңғыла ойлы Шеге үйші,
Алдында есігінің бір күні кеш.
Отырып сол баланы шақырып ап,
Ақтарып бала сырын құрды кеңес.
Ағытты бастан-аяқ бала сырын,
Ел сырын, өзі білген дала сырын.
Өлімін әкесінің өкінішті,
Қан жұтқан қасіретті ана сырын.
Баланың ұғынған соң сырын қанық,
Өзі өжет кекке піскен оттай жанып.
Шығатын бір қайраттың бар екенін,
Шеге үйші іркілместен білген танып.
— Мен енді бұдан былай тәрбиешің, —
Дейді ол жас Қасымның қолын алып.
Үйіне ертіп келіп отырғызып,
Көп кеңес Қасымға айтқан ақыл салып.
Баяндап бастан-аяқ тап күресін,
Өзінің бастан кешкен әңгімесін.
Азамат соғысында болған талай,
Ауыр күн оқиғаның бір нешесін.
Кіруге кеңес беріп комсомолға,
Түсіріп жас Қасымды тура жолға.
Сол күннен бастап еді ұлы достық,
Қасымды Шеге үйші алып қолға.
Мінеки, сол қыранды банды қамап,
Жабыла оқ жаудырып ортасына ап.
Жалындап жауға шауып жолбарыстай,
Ер жалғыз, банды қалың қимылы шақ.
Сыртқылар сезіп оқтың шыққан жерін,
Айлантып ар жағынан нешелерін.
Мылтықтың шыр айнала астына алды,
Қалдырмай бой тасалар барар жерін.
Мылтықты жан-жағына кезек атып,
Сілтеді сірестіре домалатып.
Пұшпақтас қарсы тұрған арғы үйге,
Шеге үйші барып кірді бір-ақ атып.
Қасымды байқаған жоқ әлі банды,
Барлығы ауком үйге қимыл салды.
Біразы Шеге үйшіні қуып тығып,
Атқылап жан-жағынан ортаға алды.
Ыңғайлап қолына алып тапаншасын,
Паналап биік үйдің ірге тасын,
Жауды аңдып, ебін тауып атамын деп,
Пұшпақта таспен тас боп отыр Қасым.
Мылтығы Шеге үйшінің тынды үн қатпай,
Еш банды арғы үйден мылтық атпай.
Тым-тырыс бола қалды үн басылып,
Он шақты банды әлгі үйге кірді қаптай.
Сол кезде шолып алып айналасын,
Бетіне ап арғы үйдің бір тасасын.
Білмекке Шеге үйшінің не болғанын,
Сығалап көзге түспей тұрды Қасым.
Оқ тиіп неше жерден жатқан талып,
Бәрі де Шеге үйшіні ортаға алып.
Созғанда ыңыранып батыр қолын,
Бір банды қылышпенен қалды салып.
Көрген соң айуандықты қызды қаны,
Қолдағы жауға безеп тапаншаны.
Жіберді атып-атып бандыларды,
Көзімен Қасым шалып айналаны.
Бір өзі құлатқандай бірнешеуін,
Бандының Қасым оғы шығарды есін.
Енді олар үйден шығып үлгіргенше,
Қасымның таппай қалды жау елесін.
Аз оғы тапаншаның қалған бітіп,
Далаға қалған банды шыққан зытып.
Айланып арғы үйді жан ұшырып,
Жөнелді көше бойлап Қасым жытып.
Ішінен жауған оқтың жан ұшырып.
Келеді үйін бетке ап зыр жүгіріп.
Секіріп әр пұшпақтан бұлтарғанда,
Қасымды қуған банды қалды тұрып.
Қасымның ендігі ойы үйін шалмақ,
Анадан үйде қалған хабар алмақ.
Жүгіріп, жан ұшырып келе жатқан,
Қасымның қақ алдынан адам андап.
Жүгіріп жан жағынан шыға келіп,
Аттатпай ұстай алды қолдан қармап.
Балдырған майыстыра жас денесін,
Жабыла жіберді ұрып, шығара есін.
— Барасың қайда қашып, кімсің өзің?
Деп тергеп, біреу зекіп, біреу кесім.
Шығарып: -Ана жаққа апардағы ат,
Тұрсыңдар кеңес қылып мұның несін.
Деп бірі, өкіректеп тағы бірі:
— Атпа әзір, түрмеге апар, тұрсын тірі.
Деп: — Ертең тергеу ашар кім екенін,
Шығады байланғанмен қазір тілі.
Қасарысып Қасым қатпай бұларға тіл,
Түйіліп қорғасындай ішінде зіл.
Білдіртпей жауға сырын сұстиып тұр,
Дейтіндей «не қылсаңдар өздерің біл».
Бір-екеу: «Әйда жүр деп, - бізбен бірге», —
«Әйда!»,— деп алып жүрді үлкен түрме.
Әкеліп есігінен қалды итеріп,
Күйзелген, күңіренген жұрт бәрі осы үйде.

AHA
IY.
Қасымның оралайық анасына,
Мылтықты тауып берген баласына.
Қасымын қан майданға аттандырып,
Көз алмай үзілгенше қарасына.
Жауған оқ ет жүрегін түршіктіріп,
Үйіне сасқалақтап кетті кіріп.
Есігін жапқанынша жағаласа,
Бір топ жау тұра қалды мылтық құрып.
— Шық шапшаң, үйде кім бар—деп ақырып.
Мылтықты күрсілдетті қатар тұрып,
Есіктен төрге өрлете айнала атып,
Жауыздар жапырласа келді кіріп.
Бұл кезде түскен ана оқтан құлап,
Қан саулап, жүрегінен қаны сулап.
Бандылар үйді тінтіп жарық қылып,
Көріп ед «тірі ме» деп жауап сұрап.
Ұққан жоқ банды сөзін сезім сөніп,
Ақырып сұрағанмен кезек төніп.
Бүкшиіп оқтың орнын қолмен басып,
«Қанішер, сұмырайлар!», — деп бөліп-бөліп.
Бытыратып ақтық сөзбен жауын атып,
Булығып көзі аларып, қанға батып.
Елестеп көз алдына Қасымтайы,
Құлынын құшағына ап аймалатып.
Еміреніп емшегіне қойып басын,
Мұңайып көзден төгіп қанды жасын.
Булығып ыстық қанға жан бергелі,
Жатқанда жан ұшырып құшты анасын.
Қысқандай бауыр етін бауырына,
Иіп еді созған қолдың толғап басын.
Жан кетіп созылған қол иілмеді,
Алыстап көз алдынан жоқ боп Қасым.
— Құлыным, ет жүрегім бір көрін, — деп,
Ұмтылып көтермек боп жерден басын.
Төңкеріп ақтық рет билеп көзін,
Айтпақ боп Қасымына ақтық сөзін.
Қадады қалшылдатып қылыш жүзін.
Кірш етіп ана мойнын түсті қиып,
Жоқ болды содан былай ана сезім.
Әкеп ед бандыларды Зәйіт бастап,
Қасымды өлтірмекке әдей қастап.
Қасымды түсіре алмай қолдарына,
Анасын қызыл қан ғып шауып тастап.
Жөнелді анадан ап Қасым кегін,
Істеді айуаңдықпен істің шегін.
Қалада Қасымды іздеп таппақ болып,
Бастады қасындағы қанішерін.
Тазы ит сұм бандыны тағы ертіп ап,
Жөнелді дүрсілдетіп дала белін.

ҚАСЫМ
Ү.
Ізделік енді сонау Қасым қайда,
Кіргізген банды апарып тұтқын жайға.
Жас қыран жан ұшырып қолға түскен,
Қапылыс қара түнде таппай айла.
Орын жоқ абақтыда аттап басар,
Біреуді біреу басып, езіп, жаншып,
Қамалған қараңғы үйде жиылып жұрт,
У-шу боп есі шығып төгеді зар.
Зарлайды ана боздап, жайып шашын,
Қатындар шырылдатып жас баласын.
Күңіреніп кемсеңдейді кемпір-шалдар,
Зарлы үнге тұншыққандай болды Қасым.
Адамды үсті-үстіне айдап тығып,
Біреуді біреу таптар басып шығып.
Шырылдап жас бөбектер астында аяқ,
Әлсірер нәзік дыбыс әрең шығып.
Қасымның жас жүрегін ыза жайлап,
Алқынып албырт қаны шығып қайнап.
Айуандық бұл не деген ардан аттап,
Азынатып ата-ананы (бөлектеп — ?) айдап.
Қазықсыз мазлұм жұртты қан жұтқызып,
Нәзік тән нәрестені оққа байлап.
Өңірге оқ ойнақтар, қылыш төніп,
Жарқылдап алмас берен нажағайлап,
Қасымның түсті есіне алтын ана,
Майданға аттандырған жаңа ғана.
Алдынан Шеге үйшінің түрі елестер
Бандыдан қора .................................
Ананың қалған түрі жалғыз үйде,
Түсті ол аласапыранда қандай күйге?.
Тапты ма әлде қаза жау қолынан,
Әлде айдап кіргізді ме осынау үйге?.
Түнеріп түрлі қиял бойын басты,
Езілтіп ет жүрегін Қасым жасты.
Шулатып топты жанды тағы айдап кеп,
Жендеттер жер сілкінтіп есік ашты.
Тартылған от жарқ етіп сіріңкеден,
Есіктен әлсіз ғана сәуле шашты.
Қасымның сол сәуледен көзі шалды,
Қанішер қару асқан төрт-бес банды.
Біреуі таныс Зәйіт қолда қару,
Желкелеп кіргізді әскер бір топ сонда.
Бұлардың көбісі әйел жатқан тасып,
Қан жауған, сау жері жоқ үсті-басын.
Виталий Шеговичтің жамағаты,
Кіргенде танып қалды оны Қасым.
Шалғанда Қасым көзі Зәйіт сұмды,
Бандының барлық сырын енді ұғынды.
Жаулары бостандықтың бай мен банды,
Түскенін құшақтаса жақсы білді.
Бір сөзі түсті еске Шеговичтің:
«Талайы әлі болад мұндай істің,
Сан рет тап жаулары бас көтермек,
Жаны көп бостандықтың жамылған түн».
Мінеки, сол айтқан жау бас көтеріп,
Қапыда қамсыз жатқан қалаға еніп.
Іштегі елдің жауы бұғып жүрген,
Шыққанын бүгін Зәйіт бандыға еріп.
Тұп сырын Қасым анық түсінбеді,
Қасымның Зәйіт болды түйілгені.
Қылтасы қиылмай қап жас күшіктің,
Қалғанын қалада анық бүгін білді.
«Жаралы жанды аяған болад» деген,
Тегі жат ел болмасын білді енді.
Дегенде жас Қасымды жандыратын,
Ондай сыр көз алдына сулап келді.
Жас қиял әлдеқайда артқа қайтып,
Бір сұмдық ескі сырды жалғап берді.
Ол сырдың ауыр жағы — Зейіт, Омар,
Басымен байланысты жаны тігілді.

ЗӘЙІТ
ҮІ.
Зәйіт кім танысайық енді содан,
Кетемін көп кеңеске соқсам оған.
Бірақ та оған соқпай кете алмаймын,
Тарайды Қасым сыры тегіс сонан.
Зәйіттің өз әкесі Әбдірахым,
Пенде боп көрсетпеген жанға рахым.
Қырда мал, қала сайын сауда дүкен,
Халықтың қанын сорып жеген хақын.
Жұмсаған жүздеп малды еңбек қанап,
Бермеген тиісті ақы қолдан санап.
Он тиын бір тиыннан пайда көріп,
Байыған көпес еді жұртты талап.
Кетіп ед Әбдірахман шетке қашып,
Ілесіп ақтарменен Қытайға асып.
Қашалмай шешесі мен Зәйіт жас боп,
Қалып ед дәулет қалып, елде адасып.
Кеткенде абдыраған ақтарға еріп,
Тұрмасын ерте болжап басында ерік.
Зәйітті шешесімен кеткен тастап,
Өтірік айрылған боп енші беріп.
Салиғы кеткен қойып жасап қулық,
Күн болса қайта оралар майлық, сулық.
Болар деп бөлтірігі қалдырғанда,
Айтқан ед аманатын ұғындырып.
— Менің бар жолдастарым ниеті бір,
Солармен қол ұстасып ұйымға кір.
Олардың құпиясын қиынға ұста,
Кеудеңнен жан шыққанша бермесін сыр.
Әлі олар көтеріліп талай сайран,
Салады сансыз бүлік ортаға ойран.
Сол кезде қайрат көрсет, қапы қалма,
Әсіресе, жау таны, жатпай ойлан.
Деп еді аттанарда: — Өсиетім,
Көп болар бізге өшіккен жесір-жетім,
Солардың ебін тауып үнін өшір,
Келтіріп өзің сыртта, келсе ретің».
Сол күннен бандылармен қаладағы,
Байлармен кектескен жау даладағы.
Бірлесіп ашқан ұйым ішінде боп,
Зәйіттің бүліншілік қалағаны.
Қасымның көз алдынан шұбап бәрі,
Зәйітті көргеннен соң одан әрі.
Астары арғы сырдың айқындалды,
Зәйіттің бандыға кеп қосылғаны.
Кешегі кездескені су басында,
Тіпті тек емес еді расында.
Жансыздар қала сырын сырттан барлап,
Шыққан ед Зәйіт аңдып әдей қырға.
Мөлшерін бағып жүр ед қолдың қарап,
Кеткенін қанша әскердің сыртқа тарап.
Кім қалып, ісім кеткенін шолып зерттеп,
Қандайлық әкеткенін қару-жарақ.
Ішінде Серов кетті барлау қолдың,
Бөгетсіз Беловтарға ашық жолдың.
Болғанын күні бұрын тұрған біліп,
Қалада құрылғанын ажал тордың.
Алаштың азаматының қалдықтары,
Жұрттың бай, болыс, биі, шонжарлары.
Қаланы қолға алуға басын қосып,
Күтулі ед Беловқа тек қосылғалы.
Алдынан шапқыншы бар тұрған күтіп,
Алмақ боп Қарқаралды бірақ түтіп.
Байлардың шапқыншысы Козлов еді,
Ой, қырда өсек теріп, елді ірітіп.
Қаланың шет жеріне өз адамын,
Андытып қойған мықтап әр қадамын.
Советтің басшыларын бағып жүр деп,
Қолға алған телеграф, почта жолын.
Астыртын бай табынан банды қарап,
Әбеннің Омары да қаруын ап.
Қалаға кіріп еді кеше ғана,
Беловтың алдын тоса шапқыншы сап.
Омар да кіріп еді қала ішіне,
Жәй келген шаруа боп сырт кісіге.
Ат баптап, қару саптап бүлікшілдер,
Зәйітті сезіп танып өз ісіне.
Бұл істен коммунистер хабар алып,
Беловқа алдын-ала барлау салып.
Аттанып бірсыпыра коммунистер,
Құпия қала жайын кеңеске алып,
Отыр ед коммунистер жиылыста,
Сау етіп банды басты, қапы қалып.
Не керек алданды ерлер, қапыласты,
Бандының ішкі, сыртқы айласы асты.
Қамданбай большевиктер бейқам тұрған,
Кезінде сайланған жау араласты.
Ол жауды күтіп тұрған шолып тауды,
Қалада Талат, Омар, Захар бар-ды.
Құлшынып құдайын қол бергендей,
Беловты құлдық ұрып күтіп алды. 
Өш еді Зәйіт, Қасым әуел бастан,
Өссе де екеуі ойнап бала жастан.
Жалшының жарым көңіл, аш баласын,
Басынып бай баласы көңілі асқан.
Сан сабап, самайынан қан ағызып,
Жасытып жас Қасымның ойын бұзып.
Қорғанып қол көтермей қорғанатын,
Тұрса да кек тұтанып, қаны қызып.
Күн үшін қарсыласпай, Қасым ығып,
Кек жинап, тісін қайрап өскен бұғып.
Өмірлік әкесі құл сол есікте,
Шешесі отпен кіріп, күлмен шығып.
Өмірдің тозағында томсарған күн,
Қоймасын қорлық сырды ішке тығып,
Ақтық кек, аталы кек, әке өлімі,
Біртіндеп беті сынып, асты шығып.
Жататын жас Қасымның жадын ұштап,
Өмірлік өшпейтіндей таңбасын сап.
Серпіліп кейде ойы көсілетін,
Өткен күн, өксік өмір, қорлықты ойға ап.
Қасымның аз бөгеліп сол сырына,
Берермін оқушының өз сынына.
Серпілтіп, сезім сырын желпіп тастап,
Соғармын оралып кеп өз жырыма.
Бағана қағысқанда су басында,
Шаншу боп Зәйіт сөзі жас Қасымға.
Тұтанып ескі кегі жанды бірде,
От беріп көкіректегі кек тасына.
Арқалап екі кекті екі кеуде,
Тап келді бір-біріне жаумын деуге.
Алдынан айқасатын күн күткендей,
Айрылған ажал азап сен бе, мен бе?
Дегендей бірін-бірі зілмен торып,
Шайқасар күн туса деп айқас жорық.
Қайнаған қанды бүгіп ойларына,
Тістеніп кетіп еді өрттей болып. (5.5.)

СҰРАПЫЛДА
ҮІІ.
Жабырқап жаздың сұры ерте қашып,
Күз төніп салқын лепті қойнын ашып.
Сұр бұлт түсі суық көкте көшіп,
Дүнияға тікенектей зәрін шашып.
Көлі жоқ, көк иірім сай-саланың,
Жаз жаны жалығып тұр қайғы басып.
Ағаштан жапырақ түсіп, шөптен бөлек
Жер бетін бір сұрсыздық алған басып.
Қаңқылдап көлде жүзген қаз бен қу жоқ,
Мұнартып балбыраған жерде бу жоқ.
Сылқылдап көк орайды сүйіп күліп,
Сылдырап ағып жатқан сайда су жоқ.
Тоқталған сайранынан таңда көкек,
Шарлайтын таң бозынан әндеп төпеп,
Бозторғай дала еркесі, онда да үн жоқ,
Жаңбыр жоқ найзағайлы жарылған көк.
Қуарған қурай, сасыр сай салада,
Бозарып шөп те сусыз сол далада.
Қыр қурап, дала азынап, жел сай қуып,
Тұрмастай байласа да ит далада.
Қаңырап, қаңсап тұрған дала түрі,
Екпе ағаш жапырақ күйіп түскен бүрі.
Қала үсті қалқып ұшқан қара түтін,
Құлазып ызыңдайды жылмен құры.
Өлкеде көк орайлы шөп қалмаған,
Сарғайып сана баспай, көк қалмаған.
Келеді ызғарлы қыс, жаз кетед деп,
Дамылсыз солтүстіктен жел сарнаған.
Ызындап кең даладан азынап жел,
Қар тосып, қарақабақ тұнжырап қыр.
Шапқылап суық бұлақ өрден құлап,
Суымен тастай суық таңдай тілер.
Шың басын Жиренсақал бұлт қоршап,
Кейде бұлт бусанады тағып моншақ.
Кейде бұлт жартастармен қойындасып,
Жатады ертегідей дию құсап.
Сүмірейіп сұры қашып Қарқаралдың,
Апшытып өмір өңін мал мен жанның.
Әбжылан он алтыншы жылғы күндің,
Түрі осы ед ел күйзелген мұң мен зардың.
Тарылып ел тынысы, еңсе түсіп,
Қамыққан халық шулап қайғы құсып.
Қаладан қатар ұшып, қырға ойнақтап,
Жарлықтар жалмауыздай елді қысып.
Шашпап па ед Шестаковтар, қатал бұйрық,
Бұйрықтан бұйрық туып жылан құйрық.
Жалмауыз жеті басты бай мен болыс,
Етпеп пед ел боздағын шенге сыйлық.
Көкіректің көкей кесті шерін төгіп,
Қыңсылап қырдың желі зарға бөгіп.
Ел үні еңіреген өбелектеп,
Ана үні, ару зары көкті сөгіп:
«Көк ала тұман қаптады,
Ішкен асым батпады.
Мал садақа, жан пида,
Ел тыныш боп жатпады.
Абыралы Дегелең,
Арысы бар демеген.
Қайда барса — жан қалар,
Келді ғой соқыр тебеген.
Берікқара, Қуменен,
Біраз жүрдік думенен.
Кент кісісін берген соң,
Қалаға шаптық шуменен».
Деп зарлап, ел еңіреп, ер қысылып,
Бел байлап, кейде ширап жанды ұсынып.
Зұлматқа төніп келген жай оғындай,
Туралды құлдық ұрып қол қусырып.
Кейде кек кемерінен асып лықсып,
Лапылдап өртше өрекпіп, қызған бықсып.
Қабынып елдің кегі ереуілдеп,
Қорғаным қор болма деп майданға шық.
Ұрандап елдің сүйген ер баласы,
Шулады кеше момын ел даласы.
Алғандай бауырына ерін асап,
Халықтың қару алды кәрі-жасы.
Бұлқынып Жарлы суы жарын теуіп,
Өлкесі өрт жүргендей сазы кеуіп.
Көк шалғын көкорайдан жұрдай болып,
Түйіліп суық сұр бұлт зәрін сеуіп.
Сумаңдап солтүстіктен қадалып жел,
Қалбаңдап қаңбақ ұшып, сазарып жар.
Күз кеші, күңіреніп сұр бейуақпен,
Түн басып қас қарайып түйілген бір,
Жамылып сұр бейуақыт түнді бетке ап,
Түйіліп, түйдек шоғыр шапқан зулап,
Суырылып сынадай боп, қусырылып,
Кезінде түнменен таң түйіскен шақ.
Бір топ қол бекінді де жолды бағып,
Қол құлап, қыран көздер шамын жағып.
Бұрғылап түннің шыңырау қара өлкесін,
Отырды айналасын тінтіп қауіп.
Шылдырап бір қиырда қоңырау үні,
Елгезек үнді өшіріп жарлы түні.
Ат желіп, арба ойнақтап тастақ жолмен,
Шыққанда-ақ аңдушылар көрді мұны.
Біріне бірі ымменен хабар беріп: —
Ал қамдан, қапы өткізбе, бол, — деп берік,
Барыстай бар қайратты қолға жиып,
Күтулі сын минутын ерлікке ерік.
Пәуеске троикесі мойнын бұрып,
Орта атқа божы қағып шеткі атты ұрып.
Самсаған салт аттылар: «Алғалап»,
Келеді құйындатып алас ұрып.
Жол жағын бейіт түбіне түскен жанап,
Бекінген бейіттегілер демін санап.
Ашулы арыстандай айқасқалы:
«Кел жауым, кезек бер» деп отыр қарап.
Келгенде арба таяп, атқа қонып,
Отырған ашулы жұрт жауын тосып.
Тас бейіттен тап бергенде қол дуылдап,
Пәуеске аударылды жерге қонып.
Быт-шыт боп салт аттылар тұра қашты,
Тройке тас-талқан ауып, арба шапты.
Құлаған пәуескеден бір екеуді,
Бас салып, бейіттен шыққан жаяу басты.
Сөз алып, ақберен де бірнеше рет,
Шығарды түнді жара үнін ашты.
Сатырлап салт аттылар үріккенде,
Ерлер де егей төске қамшы басты.
Ат тулап, ойран болып, арба жығып,
Күйме аунап құлағанда есі шығып.
Сақтанған күні бұрын Әбен, Ақбас,
Жандәрмен алтыатарға оғын тығып.
Алғанша сермелмеді қол қарысып,
Барыстың тұяғыңдай қармай қысып.
Сындыра қайырғанда артына иіп,
Алтыатар қолдарынан кетті түсіп.
Әбен, сұм суырылады жаны бойдан: —
Қабансың ел қанына еркін тойған.
Пристав солдатыңмен санап түйреп,
Салмақ қой, сенің ойың халыққа ойран.
Жетпейсің ол ойыңа, жеткізбейміз,
Халық боп, қабірің бар қазып қойған.
Деген үн түн бұлтындай түсі суық,
Жалындап ашулы үндер жалғас туып.
Біреулер: «Қолыма бер, жайратам», — деп,
Біреулер: «Алып жүр», — деп тас қып буып.
Ақбасты Әбенменен беттестіріп,
Қыл шылбыр қия буған етке кіріп.
Борпылдақ борсықтардың бос денесі,
Шыпшыды быжылдаған қан боп іріп.
Келгенде бұларды алып бейітке таман,
Жанынан Жолтосардың лапылдаған.
Дүрсілі қалың қолдың жер дүңкітіп,
Дауыстар түнді жара саңқылдаған.
Атылған бағанағы мылтық үні,
Хабар ед көпке берген жарлы түні.
Болыс пен приставты осы арада,
Халықтың жолын тосып алмақ күні.
Қалың қол тауда жатқан хабар тосып,
Мылтықтың үнін естіп шапқан жосып.
Құйылды бейіт үстіне тасқын судай,
Жапырып құба жонды тұяқ осып.
Болғанмен пристав пен болыс қолда,
Түспеді атты солдат қашқын қолға.
Мылтықты қуғыншыға қарсы төсеп,
Қалаға қашып еді түсіп жолға.
Қуғыншы өжеттеніп ауық-ауық,
Лап қойып бірнеше рет қарсы шауып.
Мылтықтың жалақтаған... оғы иментіп,
Бата алмай тайқи берді бет ауып.
Солдатты қуғанменен өршеленіп,
Алғызбай сол бетінде қалаға еніп.
Сол түнде дүрліктірді қаланы ол,
Отызға ел жайынан хабар беріп.
Ақырайып Щестаковтың жалғыз көзі:
«Қырамын бар қазақты», — болды сөзі.
Берілді гарнизонға қатал бұйрық,
Әскерді ап аттансын, — деп бас боп өзі.
Келгенде қуғыншылар бейітке оралып,
Болыс пен приставты ортаға алып.
Қалың ел Жолтосарға серпіліп ед,
Мойнына екі сұмның шылбыр салып.
Түскендей аздап орта елдің кегі,
Қолда отыр тіс қайраған екі жегі.
Тағдырын екеуінің қалай шешпек,
Соны айтып талқыға сап кеңеседі.
Ауып тұр өлтіруге жастар беті,
«Қайрауды таста, үлкендер жауға кәні».
Деп қайрап егделерді басалқы айтқан,
Жалындап өртше өрекпіп кептің беті.
Өмірдің талай ащы уын татқан, Айдалып
Сібір өткен бос нахақтан.
Өктем күшін зорлықтың көрген жастар,
Зұлматтың тіс-тырнағы тұтас батқан.
Ішінде осы топтың Түсіп те бар,
Болса да жасы көне баршын тартқан.
Түскенде елге салмақ ер жатпақ па?
Ел зары ер жүрегін жалындатқан.
Болса да өзі көне баласы жоқ,
Қара күн елге туған ерге батқан.
Қарт қыран атқа мініп алға түскен,
Ой салып, елге лажын білмей жатқан:
«Жалында. Жауыңа шап, жабықпа жұрт,
Қару ал, қапы қалма, оян аттан», —
Деген сөз елді оятып ерлендіріп,
Шоқтанған кек жалынын лапылдатқан.
Қару ап қатуланып ашынған ел,
Жонында Жолтосардың шеру тартқан.
Сол топтың ортасында отыр Түсіп,
Толғанар бір кез келіп отқа түсіп.
Алды-артын алыс шолып аз кідірді,
Елде отыр: «Не айтат» деп ойшыл Түсіп.
Тілмәрі аз Алшынның Өскенбайы,
Табақтас, тастамайтын бек пен байы.
Болыс, би приставтың кеңесқойы,
Сарнауық сайқал тілді жезтаңдайы.
Суырылып елге топтан салмақ болып: —
«Ойлаңдар, қалай болмақ істің жайы,
Қолда отыр бұл екеуі бүгін міне.
Қазір жоқ барар жері, кірер іні,
Өлтіріп бұл екеуін кек біте ме?
Бір-екі ит өлгенменен басқа ит тірі!?
Бұларға ойлаңыздар патша жоқшы.
Қиынға айналмай ма істің түбі,
Жас бала, қара қазан қамын да еске ап,
Онан да серт қоялық тастап тірі».
Төркіні шығар сөздің Өсекеңнен,
Белгілі ед тұрған көпке ойлап кеңнен.
Халықты қайратқа емес, қайраққа үндеу,
Әдеті Өсекеңнің сүтпен сіңген.
Таныған емеурінін епті тілдің,
Бықсыған доңыз сырын ішкі кірдің.
Тепсініп Өскенбайға өжет Өтеп:
—«Қорықсаң біздің іске неге кірдің,
Шық былай, бізден аулақ, ірітпе елді.
Әбенге арашашы болғым келді,
Дедағы ойдағыңды айтшы айқындап»
Деген сөз ел аузынан шықты зілді.
Ойнақтап отты көзі жалын шашып,
Қалшылдап сұп-сұр болып қаны қашып.
Тұйғындай тұңғиықта қазға шүйген,
Ашумен ақыл шөгіп иіні асып.
Түйіліп келді Түсіп Өскенбайға: —
«Сұрқия кешегі ішкен антың қайда?
Бүгін кеп іріткі салып басалқы айтып,
Суырылып салып тұрсың тілге майда.
Әбеннің қанын ішпей қалай тоқтар?
Әбенге халық кегі азғантай ма?
Көгендеп көген көзін орысқа ұстап,
Бермек боп, шенге сатқан бұл сұмырайға!
Сен не деп ара түсіп, араша іздеп,
Сап тұрсың сайқалданып тілге майда»
Деп төніп келгенінде Түсіп жетіп,
Құнысып Өскенбайдың есі кетіп.
Байланып самар тілі салбырады,
Жерге еніп тізесіне басы жетіп.
Сол жерде қыл шылбырды тебірентіп,
Алмақ боп ел жүрегін тілмен ертіп.
Сорасын сорғалатып көзден Әбен,
Сөз тілеп көрмек болды арыз етіп. —
«Көпшілік бұл орынды, кінә менде
Ұлыққа сөз ұстаттым салмай елге.
Тұрғанда өзімде ерік, ескермедім,
Екенін тағдырымның «Елім сенде!»,
Асқақтап адасқандық тақсыретін.
Отырмын міне тартып болып пенде,
Күнәмді мойыныма алам, кеш әлеумет.
Қойса да қай орынға құлмын елге,
Тілегім жалғыз қасық қанымды қи.
Жұрт қайда жұмсаса да барам менде!».
Деді де Әбен құлап түсті зарлап,
Дірдектеп екі көзден жасы парлап.
Солқылдап Ақбас көлдей ол да егіліп,
Өтірік екі сайқал жылады алдап.
Дегенде өжет Өтеп көптен бұрын,
Білеміз бұл сұмдықтың барлық сырын.
Алдайды Әбжыландай аярлықпен,
Өлімнен құтылуға төнген бүгін.
Кетеді ертең танып босаса егері,
Онан да осы арада өшір үнін.
Бер мына жігіттердің өз қолына
Орнатсын бұл сұмдардың қара түнін.
Бұларды мұнда жайғап таңнан қалмай,
Ауылының ұшырамыз көкке күлін.
Сонан соң Қарқаралыға аттанамыз..
Дегенде көп ұйлығып көзін ашпай,
Тілекке ойлағандай көптің беті,
Келгенде келісімге ұласпай.
Түйіліп бұларға кеп Түсіп тұрды,
Салмақпен көпшілікке мойнын бұрды.
Не айтат бұл тілекке көпшілік деп,
Аужайын көптің байқап, болжап сырды.
Сайқал тіл босатқандай кек кірісін,
Қанына қарайса да ел қайрап тісін.
Өңінен уыт қайтып байғұстардың,
Рахымға ойысқандай көрді түсін.
Түсіп те ескі, жаңа кек ұласып,
Қайырылмас қаталыққа табан басып.
Тұрса да көп райын сезе қалып:
«Айт қауым тілегіне көзіңді ашып», —
Дегенде Әбендерге кейбір сеніп,
Қалғандар: «Дәл бүгінше өлтірмелік. 
Tipi ұстап бұл екеуін отырғанда,
Болыстың бар мал-мүлкін алып келіп.
Қатынын бала-шаға қолымызға ап,
Көрелік өз басына ерік беріп.
Егерде айтқанды істеп антқа тұрса,
Ұлықтан алып берсін халыққа ерік.
Босатсын солдатқа алмай, тілек осы,
Емеспіз қара жүрек қанға жерік».
Құйылды көп ауқымы осы сөзге,
Баладай алданды да көрер көзге.
Күпсінген көлдей ашу күлдей ұшып,
Кекті жұрт келісімге басты иді.
Жол тартты болыс ауылын шаппақ барып,
Мал мүлкін, қатын-бала бәрін алып.
Арсалап ақ ордасын, аруын ап
Келмек боп ат артына жайдақ салып.
Бармады бұл қуаныш онша көпке,
Кеткендей есіл еңбек болды текке.
Хабарлап Қарқаралға қашқан солдат,
Щестоков бұйрық берді отрядқа.
Сол түнде қалада еді Әбдірахым,
Әбеннің ата досы жан қиятын.
Өзінің жылқышысы Өтеп, Бекбай,
Естіп ед көтерілген «жаманаттын».
Қол бастап жылқышы Өтеп Бекбайменен,
Мініпті Шәйкөз, Көкжал қос бәйге атын.
Шыдамай осы кекке о да аттанды,
Басшы боп төте жолмен апаратын.
Бұл кезде тыңшы болып сонау қолда,
Жүр еді сүйретіліп Қали молда.
Жылыстап қарбаласта қашып шығып,
Кіріп ед Қарқаралға келіп ол да.
Жеткізіп жатқан жерін қалың қолдың,
Хал-жайын барлық сырын кірер жолдың.
Тәппіштеп, айтып бәрін жаңа Әбеннің,
Ауылын шабуға қол бөлінгенін.
Тиген соң отрядқа мынау хабар,
Келген соң жатқан жерін тура табар.
Бір минут бөгелместен шықты отряд,
Винтовка, қол пулемет көп қару бар.
Қали мен Әбдірахым жүрді бастап,
Қам қолдап, тура тартпай шетке із тастап.
Жеткізбей екі қолды бір-біріне,
Қапыда топ бекінді болды баспақ.
Алдымен Әбендерді аман алып,
Сонан соң қойға қасқыр араласпақ.

ҚАПЫЛЫС
VIII.
Шабуға Әбен ауылын кеткен бөлек,
Күдіксіз тік қопара алып келед.
Деп тосып қала жақтан хабары жоқ,
Жау бар деп тап сол күні бекінді елеп.
Сақтанбай бейқам халық жатқан кезде,
Кенеттен қоя берді оқ себелеп.
Кенеттен атқан оқтан дегбір қашып,
Аттары қолға түспей босып, сасып.
Құр дырду бір ұғымсыз туды лезде,
Күшті жау қапылыста араласып.
Ұйлығып атқан оқтың екпінінен,
Қол дулап серпілгенде бекіністен.
Өскенбай жүгіріп кеп Әбендерге,
Байлауын қиып тастап «Жөнел» деген.
Әбендер босана сап жан ұшырып,
Сайды өрлеп көп бұтаға кетті кіріп.
Бұларды қапылыста жан іздемей,
Жоқ болып қалың жерге кетті кіріп
Дүрлігіп серпілгенмен шу дегенде,
Қол есін алды жиып қашқан демде.
Шыққанда Түсіп даусы халық үйіріліп.
Ұқсады оң терісті соққан желге.
Бір шеттен Өтеп бастап айғай салып: —
Құр қорқып сыр білдіріп ұйлықпалық,
«Қорықсаң қосты талап алма» деген.
Өлсек — шейт, өлтірсең қазы болып,
Көреміз не де болса бір айқасып.
Қашқан не аз солдаттан оқтан сасып,
Қамаймыз қаптай шауып, ал жүріңдер», —
Дегенде бәрі де атқа қамшы басып,
JIan қойып құйылғанда қара құрым.
Тіл қатпай бұғып тұрған андып бұрын,
Пулемет бытыр қағып қоя берді.
Шапқан жұрт күткен жаудың білмей сырын,
«Тәуекел ажалды өлер» қайда болса.
Деп шапқан жау қайдалап халық ұлын,
Түсті орып, түсі суық бір жат мылтық.
Қол тобын ыдырата жұлым-жұлым,
Еткенде елдің беті қайта толқып.
Көрмеген мұндай сұмдық бұдан бұрын,
Біреудің аты осқырып өзі құлап.
Біреудің аты оққа ұшып түсті сұлап,
Біреудің қолы үзіліп, біреудің сан.
Ат кісінеп шыңғырды адам жылап,
Түскендей төңкеріліп аспан жерге.
Түскендей қиямет күн болды да елге,
Жығылып қалғандарын ала алмады.
Оқ тиіп қол бастаған талай ерге,
Оқ тиіп астындағы Шайкөз керге.
Ер Өтеп түскенде ұшып өзі жерге,
Бекбай кеп ат сауырын бергенінше.
Өтепке тағы оқ тиіп түсті жерге,
Бекбайдың қайырылуға әлі келмей.
Жауған оқ түсуге аттан мұрша бермей,
Оққа ұшып өжет Өтеп қала берді.
Қапысыз бір айқасып майданға енбей,
Қолында ағаш сойыл қара бадам.
Мылтықтан алысқа атар құр алақан.
Қалың жұрт қанша ерленіп шапқанменен,
Қанды ауыз жау мылтығы қоймайтын жан.
Қайтадан беттей алмай қарсы ажалға,
Халықтың беті қайтып шайлыққанда.
Ішінен іріткі сап Өскенбайлар,
Қашырып жұртты азғырып «Енді барма»
Деп көпті енжар қылып бытыратып,
Құр бекер қырылма деп қанға батып.
Қамқорсып қарбаласта айтқан сөзін,
Қаймыққан жау күшінен жұрт ұнатып.
Түсіпке кейбіреулер қоймай құлақ,
Қорқаққа құр дырдушыл қашқан ұнап.
Өзіне серік болар Өтептердей,
Жігіттің бірнешеуі оққа құлап.
Бұларсыз қалың дүрмек қашты жосып,
Алмақ боп елге кеткен тобын тосып.
Қолдағы барлық қару соларда еді,
Келмекке қаруланып басты қосып.

ӨТЕП САЙ
IX.
Дем беріп мынау жеңіс отрядқа,
Қашырды ел үрейін келген бетте.
Бұзғанын ел бекінін көтерілген,
Сүйсінді бәрі бірдей пулеметке.
Тұрғанда сай ішінен иек артпа,
Бұтаны паналаған қашқан жақта.
Әбен мен Ақбас тұрып көтерді қол,
Жүгіріп тыр жалаңаш солдат жаққа.
Ойда жоқ тура ұмтылып екі адамды,
Көрген соң солдаттар да сасып қалды.
Атуға мылтықтарын кезей-кезей,
Теп-тегіс жарлық күтіп тұра қалды.
Бастығы отрядтың дүрбі салып,
Ақбасты бұлжытпастан бірден танып.
Атқызбай солдаттарға берді бұйрық,
Екеуін киім беріп, келуге алып.
Қасында офицердің Әбдірахым,
Бір тұр ед о да қолға дүрбіні алып.
Жүгірді танып қалып о да Әбенді,
Шапанын үстіндегі жапты барып.
Алған соң Ақбас пенен Әбенді аман,
Офицер одан сайын тасқындаған.
Мақтан ғып мылтық күшін елді қорлап,
Қазаққа туғызған деп ақыр заман.
Мардамсып күшін айтып отрядтың, —
Мінекей, осылайша біздің екпін.
Қойларды қорасынан айдап шығып,
Қырамыз аузына ұстап пулеметтің.
Деп жосып тұрды офицер Әбендерге,
Мадақтап, құлдық ұрып Әбендер де: —
Өлсекте, міні қазір бізде арман жоқ,
Ақ патша бізге тәңірі, біздер пенде.
Зеңбірек түсіргенде шалғыша орып,
Айызым тұрды қанып, көңілім толып.
Ұмытылды сол минутта көрген бейнет,
Қолында бассыздардың пенде болып.
Не керек түспей кетті Түсіп қолға,
Бәрін сол бастап жүрген осы жолға».
Әбеннің қалған сөзін аяқтатпай,
Қосылып бір жағынан Қали молда.
—Кеткенмен Түсіп тірі жан серігі,
Оққа ұшып ожар Өтеп түсті қолға.
Сол еді тым өрекпіп басылмайтын,
Қыздырып елді азғырып жасымайтын.
Әбеннің мол сан малы жел жетпесі?
Қойсын ба ез «Қодарларға» тасымайтын.
— Көретін жаннан артық Шәйкөз атын,
Бала кер екі бірдей қос қанатын.
Бекбай мен Өтеп сұмырай ұстап мініп,
Басынды қайдан шыдап тұрсын дәтім.
Сонан соң шықтым бастап отрядты,
Басуға өз апығын уақыт жетті.
Және де қалай шыдап тұра алайын,
Сені ұстап әкетті деп хабар етті», —
Деп солай солдат күшін Әбдірахым,
Ие боп ұлықтарға өте жақын.
Адам боп Әбенге де бұл достығын,
Мүшел ғып сыр сабақтап қойды тағын.
Сол кезде қолға түскен кісіні атпен,
Барлығын айдап кетті, отрядпен.
Барғандар, қол серпіліп жөнелгенде,
Кісі боп жауын жеңіп талқан еткен.
Оқ тиіп оң қолынан кеткен бөліп,
Астынан оқ тигенде Шайкөз өліп.
Ішінде қолға түскен кісілердің,
Өтепті Әбдірахым көрді келіп.
Қансырап сүйретілген құр сүлдері,
Ғаріп боп қолға түскен ердің ері.
«Құрбақа құлағында ойнамай ма,
Құдыққа құлан түссе жаман жері».
—«Е, батыр қалай екен оқтың тілі,
Түскенің жақсы болды қолға тірі.
Бақытты ең бірден өліп кетсең егер,
Көресің шын өлімді енді міне», —
Деп күліп жаралы ердің жанын қинап,
Тепті, ұрды тітіркенбей, оқтан қирап.
Үзілген қолынан да, басынан да,
Жығылып жатты ала алмай есін жинап.
Қосылып бір жағынан Әбен сұм да: —
«Келдің бе батыр Өтеп ақыр мұнда
Өлімді алып көрші бүгін өзін,
Жұмсап ең кеше маған тұтқиылда».
Деп ол да ерді қорлап қолмен, тілмен
Істеді көп қорлығын өзі білген.
Болса да тәні жара, жаны тұтқын,
Жан ба Өтеп жараламас жауын тілмен.
Жанына қанжардай боп жалын жалап,
Қадалып қансырата іштен тілген.
Отты ауыз, орамды тіл ер емес пе?
Орынды жерде орайын айта білген.
—Ей сұмдар мен өлгенмен ел өлмейді,
Демеңдер ел сазаңды бір бермейді.
Мен өлсем мені сұрап алатын бар,
Сендерді өлсең сұрап ит келмейді.
Ұры емен қолға түскен қағын жалар,
Ерлерді қолға түскен қатын сабар
Мынау қан жерде тамған кімді табар?
Осы қан түптеріңе жетпей қоймас,
Кім ішті кімнің қанын сынға салар.
Өлтірсең біз қазымыз, өлсек шейт,
Бар шығар бір үлкен тез тергеуге алар.
Мен өлсем өлдім анау елім үшін,
Көрсеттім жауға қалың елдің күшін», —
Деді де қалы келмей одан ары,
Ер жатты жерді құшып төсеп төсін.
Өртеген Өтеп сөзі екі жауыз,
Тоқсырған ел қанына қос қанды ауыз.
Әмір ғып қасындағы жендеттерге:
«Шап» деді қылышпенен үнін тауыс».
Қансырап жатқан ерге бір сұм келіп,
Жіберді қылышпенен көсіп-көсіп.
Дәрменсіз ердің тәнін езгіледі,
Шапқылап сау жақ қолын түсті бөліп.
Ыңыранып ердің әрең шығып демі,
Көзінің бірте-бірте нұры сөніп.
Батысқа бетін беріп түсті аунап
Ер тәні бола берді жансыз өлік,
Аларда ақтық рет Өтеп демін.
Жұтқанда жұпар сепкен Арқа желін,
Елестеп көз алдынан Ажар, Қасым.
Тұрғандай болды көріп түс-бедерін,,
Ажары аңырап кеп аймалаған.
Сияқты жан қинаған жара жерін,
Жар қолы — жан дәруі сияқтанып.
Тигендей болды тағы ерінге ерін,
Қасымы шырылдап кеп құшқандай боп.
Бауырына бауырын төсеп қысқандай боп,
Жаутаңдап балапаны қасына кеп.
Боп кетті қанат қағып ұшқандай боп,
Ерді көп қинаған жоқ жан әсері.
Үйіріліп бетін сипап Арқа желі,
Бозарып жерді құшып қала берді.
Бұрқанып қанда бөгіп жатқан жері,
Ер тәні жалғыз емес көппен қалды.
Халық үшін қан майданда қиған жанды,
Жанына ап жолдастарын жолбарыстай.
Күйзелтіп ару тәндер жапты маңды,
Жан қинап өлтіргенмен жабыққан жоқ.
Күткендей күлімсіреп атар таңды,
Жау кетті, өлтірдім деп елдің ерін.
Ер жатты мен өлгенменен, өлмейді елім,
Ел тірі, мен де тірі, ер де тірі.
Жауыздар, ел сазаңды берет сенің,
Бауырында сонау бір сай Жолтосардың.
Сол күні болды ұясы мұң мен зардың,
Халық үшін қан майданда ұшқан оққа.
Боялып ер қанымен сан тұлпардың,
Ол сайдың оқиғасын ұмытпайды ел.
Ол сайды «Өтеп өлген» қанды сай дер,
Сол сайдың оқиғасын жас Қасымға.
Айтатын Бекбай жайлап деп: «Ести бер»,
Әке өлген, панасы жоқ шеше жесір.
Тентектің ұрпағы деп салған кесір,
Жұртына аш жалаңаш кеткен тастап.
Қансыз бай Әбдірахым сол күйімен жыл,
Қаңғыртып жұртқа тастап суық күзде.
Баста үй жоқ, ішер тамақ жапан түзде,
Қалғанда қайырылған қашып жүріп,
Көрінген Бекбай түсіп сонда көзге.
Сондықтан Бекбай әке, Қасым бала.
Біріне бірі болып сүйеу пана,
Бір жандай елжіресіп кеткен дос боп.
Сүйіскен махаббатпен жанын сала,
Айтқанда Бекбай сонау сайдың сырын,
Сай емес, қаны қара болдың сырым.
Жалындап жас Қасымның от жүрегі,
Болатын кекке ұласып тілім-тілім.
Қасымның нашар еді оқ-сүреңі
Жас қаны жанып, қайнап отыр қызып.
Не керек түсті торға күш жоқ қолда
Тас үйді тар абақты шығар бұзып.
Қасымның түсті есіне тағы бір үй
Болды деп мазлұмдарға қандайлық күй.
Қамардың көз алдынан өңі елестеп,
Дегендей күлетіні сырымды түй,
Түсіптің аға достық ақ жүрегі
Қамар мен Қасым болып бар тілегі.
Жүрегін қолына ұстап екеуіне
Дейтіндей екі сәулем көрші мені,
Өтепті есіне алса, төгіп жасын:
«Асылдың сұра-дағы қарғам Қасым.
Расымда Қамарымнан бөлектемен,
Дейтұғын батыр Түсіп осы расым.
Қасымның Қамарменен жүрегінде,
Шалдың бір сыр бар-ау деп тілегінде.
Түйін боп түсін ашса ойланатын,
Бір жұмбақ болушы ед бұл тегінде.
Екеуі бірін бірі іштен сүйіп
Жүретін тіс аша алмай іштен күйіп.
Туыстай тұнып тұрған махаббатты,
Айтпайтын бірін бірі батып-қиып.
Бірақта бұл екеуін сырттан күндеп,
Әбеннің сұм Омары айырам деп.
Әрекет әлденеше істеп те еді,
Түсіпке түрлі айламен жабысқан ед.
Біресе құдалыққа кісі салып,
Біресе өтініш қып өзі барып.
Біресе қыр көрсетіп қорқытпап боп,
Қолымен зорлық қылып қыспаққа алып.
Солардың бәріне де Түсіп көнбей,
Қолынан бермейтінін қолында өлмей.
Айтушы ед түңілдіріп түсін бұзып,
Бірақта алғы ойынан сыр бермей.
Осының Қасым ойлап тағы бәрін,
Еске алды не күйде деп Қамар жанын.
Бандыны арқаланып жолды мерт қып,
Қамарға күш жұмсар ма Омар залым.
Алдынан осындай ой тағы елестеп,
Қиын боп мұның бәрін жалғыз шешпек.
Не болмақ? Өз тағдырын о да ұғымсыз,
Әлде өмір, әлде ажал сұм тұр кес-кестеп.

ШЕШІЛГЕН ҚОЛ
X.
Оқушым көп өтінем, ет кешірім,
Айтам деп қазымырлап жаудың сырын.
Шегініп шеру тартқан кеңес қозғап,
Шерткенім шермен өткен жүрек қылын.
Дей көрме неге соқты сол бір сырға,
Айналдым ұлы кектен туған жырға.
Сіздер де ел кегіне ортақтасып,
Таныссын деп ойладым тұп тамырға.
Ал, енді кеңесіме қайта кіріп,
Бар сырмен сонда болған таныстырып.
Білелік сонау кеткен шолғыншыны,
Бастаған Бекбай менен Черепанов. 
Кіргенде Қарқаралды Белов басып,
Шолғыншы тау көбелеп жүрді адасып,
Мөлшерден бұлар күткен жан кездеспей,
Қаладан хабарланбай кетті қашық.
Ой түсіп алданғанын сезді бұлар,
Бекбай мен Черепанов ақылдасып.
Қаланы тезден барып шалу үшін,
Жөнелді Кеңдараны Бекбай асып.
Өрлесін, Бекбай ассын, Кеңдараны,
Ұйытқылы орман, түбек кең дараны.
Отряд тау көбелек жорта тұрсын,
Алайық енді шолып біз қаланы.
Қаласы Қарқаралдың қанға бөгіп,
(Бандылар кеше кетті өлім) төгіп.
Шашылып адам тәні айналаға,
Қаланың қабырғасын найза сөгіп.
Үңірейіп үйлер көр боп, сынып, бүлініп,
Талқан боп терезе-есік жатты үгіліп.
Шуылдап құзғын-қарға сайға қонып,
Иесіз үйден безген иттер ұлып.
Тұнжырап Мырзашоқы, Жиренсақал,
Қалаға қабақ түйіп тұрды үңіліп.
Бандының бассыз жауыз тырнағынан,
Қашқан ел қырды бетке ап,жүр шұбырып.
Екінші қараңғы түн қайта басқан,
Жер тұман, көрінбейді жер мен аспан.
Отырды түнді күтіп, ұйқы қашты,
Белгі ғып жолдасына Жұмбақтасты.
Әдейі Бекбай үшін шымылдық боп,
Сұр тұман қоюланып л езде басты.
Қалаға кірмек болып өзі жаяу,
Жолдасын иек артпа тасқа таяу,
Әкеліп, белгі берер кезін айтып,
«Ұйықтама, мен келгенше отыр ояу», —
Деді де шыға берген жолдасынан
Кезінде қарандады бір, екі, үш жан.
Байқады отыра ғап қару қандап,
Әлде бұл бандылар ма сезіп қалған.
Алған соң қараңғыға көзі үйреніп
Бұларды баға қалды үнсіз тұрық
Айдаған алдында бір жаяуы бар,
Бір-екеу қақ қасына қалды келіп.
Байқады артқы екеудің түсі суық,
Алдына біреуді сап шыққан қуып.
Жаяды неге түнде алып шыққан,
Түсінді келген кезде тасқа жуық.
Артқы екеу алдыңғыға хабар беріп
Көтерді қылыштарын қатар келіп:
«— Тұр солай, қимылдама, орның осы
Не айтасын, ақтық минут берілді ерік.
Қарасаң түсінесің жан-жағыңа,
Білесің ілінгеніңді қармағыма.
Әдейі өзім шықтым, турау үшін,
Кез келді кекті сенен алмағыма.
Біз сені өлтірмейміз бірден шауып
Мылтықпен атады деп етпе қауып.
Оқ қымбат бізге сендей балшабектен,
Кескілеп өлтіреміз қолмен шауып.
Онан да айт шыныңды қайда мылтық,
Үйіңнен түк таппадық іздеп тінтіп.
Кешегі оқ-мылтықты қайда қойдың,
Қай жаққа жібердіңдер көзін құртып?
Бекбайлар қолға түсті анау қырда,
Қырылды бар коммунист қалған мұнда.
Жемтігі жатыр, әне, көзіңмен көр,
Жыраның ана біреу шұңқырында.
Қасымның қақ қасында терең жыра,
Адамның денесіне іші тола.
Жарқырап қол-аяғы мылжаланған,
Түскенде көзге (...).
Қасымның қаймықты одан жас жүрегі,
Жауына жан берем деп илікпеді.
Сұрамай жаудан сауға өлген артық,
Көзінше қайраттанып былай деді:
— Мен не айтам бұл арада сен сұмдарға,
Сендерде сөзді тыңдар жүрек барма.
Талайтын, түнде жортқан қасқырсыңдар,
Батырар қапылыста елді қанға.
Зәйіт сұм, ал кегіңді мен қолыңда,
Мақсатың қан ішу ғой, соны орында.
Бірақ сен құтылмайсың балшабектен,
Тағдырың мынау қалың ел қолында.
«Әуелден адам қанын қорек еткен,
Қасқырдың бөлтірігі сонау кеткен.
Қылданды қиғанынша большевиктер
Істеп қал жаулығыңды қолың жеткен».
Алғанда Қасым үнін Бекпай танып,
Зәйіттер өлтіруте шыққан да алып.
Бетінде кездескенін білді дағы,
Қалай да қорғар мыналар қимыл жасап.
Белдегі қолына алып гранатын,
Тастауға бұрап бинтін от алатын.
Көріп ед ыңғайланып болмады оған,
Қасымның ала беріп жау қабағын.
Болар деп Қасым жазым қапылыста,
Лақтырмай қайта қойып гранатын.
Бұл кезде екі жендет жарқ еткізіп,
Көтерді қылыштарын боп шабатын.
«Осы-ay деп, Зәйіт сұмырай, ұлы денең
Оны бір жолдасын бір салды басып».
Қоя сап гранатты наганменен,
Серметпей қылыштарын ұрам деген.
Зәйіт сұм ............................................
Алды да, аз желпініп Қасым, Бекбай,
Болмайды отыруға бұл жерде жай,
Қалаға қайтсек тағы кіру керек,
Хабарды алу керек таңды атырмай.
Десті де тәуекелге белді байлап,
Ыңғайлап қаруларын алды сайлап.
Үшеуі атты тастап алысырақ,
Қаланың шет жағынан кірді абайлап.
Бұл кезде қысқа көктем таңы рауандап,
Шығыстан қызыл шұғыла аспанға андап.
Түріле түн зұлматы таң шапағы,
Әлемді келе жатты сәуле жандап.
Бекбайлар кірген кезде қала ішіне,
Көшеде көрінбеді бір кісі де.
Тым-тырыс, қалада үн жоқ, қалшиып тұр,
Не от жоқ, не дыбыс жоқ, тыныш үйде.
Алдымен шалып еді ақ кеңсені,
Жым-жылас онда жан жоқ, ашық еді.
Бандының жөнелгенін білді бұлар,
Үшеуі енді тұра түрме келді.
Түрменің құлпын дереу бұзып ашты,
— Жолдастар, тез шығыңдар, банды қашты
Дегенде дабырлаған көптің дауысы.
Алтын таң сәулесімен араласты.
Тұтқындар бәрі сыртқа шықты дулап,
Топталып жатты тарап бунақ-бунақ.
Жамырасқан қой мен қозы сияқтанып,
Аралас күлкі, жылау үндер шулап.
Бекбай мен Қасым жүрді үйге қарап,
Сарғайып таң сіберлеп шықты тарап.
Долданып нарттай болып күн саз беріп,
Көрінді күйзелгендей барлық алап.
Келгенде Бекбай, Қасым үйге таяп,
Зіл басып, тұла бойы жүрмеді аяқ.
Серпіліп жүректегі елес шаттық,
Алдында ұлы қатер тұрғандай-ақ.
Үй маңы үңірейіп, есік ашық,
Құлазып қоңырайып соры қашып.
Айрылған айналасы тіршіліктен,
Жабырқап, қабақ түйген қайғы шашып.
Ажардың аймалауға ана бетін,
Алдымен Қасым үйге ұмтылды ашып.
Қалшиып қаны қашып тұра қалды,
Баса алмай босағадан ілгері асып.
Қалтырап буыны құрып тұрды Қасым,
Көргенде бөлек жатқан ана басын.
Бетінен нұры тамғанару Ажар,
Қан жапқан ұйыстыра қара шашын.
Ананың бошаланып ару тәні,
Төгілген қанын қолдан мазлұм дағы.
Қасымның жас жүрегі кетті талып,
Сезбеді еш нәрсені одан әрі.
Ардақтап аялаған жан анасы,
Қинаған банды сұмдар кесіп басын.
Өлімін өте аяныш өткен ана,
Көргенде Қасым көзден төкті жасын.
Сорғалап омырауына жас құйылып,
Аздан соң Қасым сергіп, есін жиып,
Алғанда қайрат беріп қаста Бекбай,
Ол да ауыр кеткен ойға бір тұңғиық.
Деп зарлап: -Айқаса алмай аза тұтып,
Жан анам қиналдың ба банды қысып.
Жауыммен жағаласып белдеспедім,
Қырқысып қылыш жұмсап, оқ атысып.
Ананың жазығы не, жауыз қайда,
Салғандай ару тәнін боршалауға.
Қас қылған қара жүрек іштегі жан,
Бандыға кескілетті-ау, тартып сауға»
Аздан соң қайраттанып, тиып жасын,
Орнынан атып тұрып келіп Қасым.
Қасына анасының берді бір ант,
Тереңге түйілгендей жас лашын:
Жібермей жаным барда ана кегін,
Жауыңнан, ардақты анам, алам кегің.
Жан берген отан үшін, халық үшін,
Малышкин, Шегоновичтей ердің.
Алармын қоймай кегін банды жаудан,
Айдармын жер бетінен бұлттай ауған.
Жас қайрат келешегім кек үшін өс,
Болса да қайтпан қандай ұлы майдан».
Сол кезде қаланы бір дүсір басып,
Даурыққан қуанысып үн аспанда асып.
Денис пен Бекбай, Қасым шықты сыртқа,
Қалаға құйылды әскер судай тасып.
Алысып ауыздықпен аттар жүйткіп,
Жарқырап мылтық, қылыш, пулеметтер.
Сап-сап боп саңлақтанып, ерлер ұйытқып,
Командир астында ақбоз арғымағы.
Түзеген айбын төгіп әскер сапты,
Оқ бойы ойын салып астында аты.
Командир қолды бастап келе жатты,
Қаланың ортасында кең аланда.
Командир тұрды тоқтап қарап маңға,
Әскерлер сап-сабымен жатыр тоқтап.
Беріліп тәртіп пенен бір команда.
Бастаған Черепанов шолғыншылар,
Ішінде осы қолдың олар да бар.
Баян мен Ақмоланың шыққан қолдың.
Алдынан шапқыншы сап шыққан солар.
Алаңға қала халқы бәрі шығып,
Бандыдан өлім көріп қалған бұғып.
Құрметпен ел қорғаған ерлеріне,
Алад деп кеткен кегін жанын сығып.
Атына мінді Бекбай мылтықты алып,
Жіберді құбақанын жанып-жанып.
Ойнатып ортекедей Телқоңырын,
Қосылды сап түзеген қолға барып.
Қасым да көп ішіне кірді келіп,
Айбыны мынау қолдың жігер беріп.
Алданып қам көңілі, қайғы ыдырап,
Азайып ана азасы............................
Командир көпке қысқа хабар шашты:
— Бізді естіп банды сұмырай түнде қашты,
Өкшелеп тез қумасақ кешігеміз,
Халықты бандыға етпей аяқасты. 
Бандыны жоймай тұрып жолын кесіп,
Жастантпай жауымызға жерден бесік,
Қара жүз бандылар мен байлар тобын,
Жойған соң тынығармыз белді шешіп.
Аттансын бар коммунист қаладағы,
Қару ап қосылуға жарағаны,
Қорғалап қорыққандар қала берсін,
Емес пе қорқақтардың жоққа саны».
Шыққанда командирден қысқа жарлық,
Дайын боп коммунистер шықты барлық.
Қосылды қолға келіп қару алып,
Осы ма артқа қарап ойланар шақ.
Барабан күрпілдетіп жорық үнін,
Бір шаттық билегендей көктем күнін.
Шешкендей шер бүркеуін Қарқаралы,
Үстінен серпі тастап басқан зілді. 
Аттансын бар коммунист қаладағы,
Қару ап қосылуға жарағаны.
Қорғалап қорыққандар қала берсін,
Қосылсын ............жорыққа ............»
Шыққанда командирден қысқа жарлық,
Дайын боп коммунистер шықты барлық.
Қосылды қолға келіп қару алып,
Осы ма артқа қарап ойланар шақ.
Барабан күрпілдетіп жорық үнін,
Бір шаттық билегендей көктем күнін.
Шешкендей шер бүркеуін Қарқаралы,
Үстінен серпі тастап басқан зілді. 

5.
Бөленіп күннен бүлде тақты үкілеп.
Қамығып қайғы құсып тұрған дала
Үстінен серпіп тастап басқан зілін.
Мінгенде қаны қайнап, қайратына.
Қарсы алып халық әскерді, шешті тілін.
Бойына сиғыза алмай жауға кегін,
Кек тілеп жалындаған жас жігерін.
Қасына командирдің келді Қасым:
— Бандыға ерекше еді менің кегім,
Деп бастап: — Ару анам азаппенен,
Қолынан өлтірілді залымдардың
Қаланы қапылыста алғанында.
Төгілді мазлұм қаны талай ердің.
Қала үшін жанын қиған сабаздардың,
Деп едім сұм бандыдан алсам кегін
Мен-дағы сіздерменен бірге аттанам.
Майданға аттандырған сүйген анам.
Қолыма мылтық беріп тапсырғанда,
Тап үшін тартынбай бар, — деген, — балам».
Жалынды Қасым сөзі жанын ұйытып,
Қару ап қан майданға баруға ынтық.
Жарайды, жас жауынгер, жігітсің!, — деп,
Командир күлімдеді түсін жылтып.
Пулемет арбасына мінгізді әкеп,
Әмір ғып: — Өзіне арнап бер мылтық, — деп.

6.
Қорада бір сұмдықтың бар екенін,
Сезді де Бекбай еппен барды таяп.
Деді де аттан түсті бір жолдаспен,
Кірді үйге, кемпір отыр шашын жайып.
Үй іші күңіреніп толған халық
Кемпірді жұбатуда ортаға алып.
Байқаусыз кіріп келген Бекбайлардан,
Шошынып өре тұрды қару алып.
Бекбайды таныған соң шулап бәрі,
Мұң шағып солқылдады жасы, кәрі.
Түсіптің қарт жолдасы Қалампыр да,
Ұлғайтты шаға зарын одан әрі.
Сұңқылдап төкті мұңын зарлы кемпір,
Бір талып, бірде ес жиып алды кемпір.
Көрген соң Бекбайына зар шаққандай,
Үдете ащы зарға салды кемпір.
Ұққандай үннен Бекбай кемпір жайын,
Болғанын бір сұмдықтың етті пайым.
Ішінен отырған көп айтты жайлап,
Болғанын батыр Түсіп жазатайым.
Қорада бір сұмдықтың бар екенін,
Сезді де Бекбай еппен барды таяп.
Деді де аттан түсті бір жолдаспен,
Кірді үйге, кемпір отыр шашын жайып.
Үй іші күңіреніп толған халық
Кемпірді жұбатуда ортаға алып.
Байқаусыз кіріп келген Бекбайлардан,
Шошынып өре тұрды қару алып.
Бекбайды таныған соң шулап бәрі,
Мұң шағып солқылдады жасы, кәрі.
Түсіптің қарт жолдасы Қалампыр да,
Ұлғайтты шаға зарын одан әрі. 
Сұңқылдап төкті мұңын зарлы кемпір,
Бір талып, бірде ес жиып алды кемпір.
Көрген соң Бекбайына зар шаққандай,
Үдете ащы зарға салды кемпір.
Ұққандай үннен Бекбай кемпір жайын,
Болғанын бір сұмдықтың етті пайым.
Ішінен отырған көп айтты жайлап,
Болғанын батыр Түсіп жазатайым.

ТАМАРА
XI.
Тастаған желкесіне шашын түйіп,
Еркекше үстіне ықшам киім киіп.
Тамара комиссарға ода келді,
Қатулы бар қайратын бойға жиып:
— Комиссар, менде барам бұл майданға,
Қапысыз жауға айқассам жоқ арман да.
Қапыда өлген мынау ерлер қанын,
Бандыдан өз қолыммен алам сонда.
Тарқар ед сонда кегім сұм жауымнан,
Батырды жан жарымды солар қанға.
Халық үшін, партия үшін, Ленин үшін,
Аттанам өмір үшін атқан таңға.
Тамаша пулеметтің білем тілін,
Азамат соғысында болғам бұрын.
Жолдасым Шеегвич пен сан соғыста,
Сан жаудың ұшырысқам көкке күлін.
Дегенде қайратына Тамараның,
Сүйсініп комиссарда қабылдадым,
Дейді де пулемоттың арбасына,
Қасыммен бірге мін деп қосты барып.

МАЙДАНДА
XII.
Қол тартты қопарыла жырымдасып,
Бұлар да жетті Кентке Талдыбасып.
Алысып ауыздықпен тұлпарлары,
Жөңкіліп жауар бұлттай, шықты тасып.
Көк сұрғылт Қарқаралды тұман бөлеп,
Андыздап асқарлары бөлек-бөлек.
Бөленіп қоңыр бұйра қарағайға,
Найза шың бұлтқа оранып көкке төнет.
Созылып сағым киіп қала берді,
Кеткенде Кенттен асып әскер жөнеп.
Құйындап қол алдынан шапқыншы озып,
Жер шалып, жауды өкшелей қолды созып.
Үдере күн-түн демей тартып берді,
Өзенін ол Түңіліктің аттап өтіп.
Андыздап айдын төгіп Абыралы,
Құшақтап көктем күнін мамырлады.
Шығандап көкке шырқап биік шыңы,
Айды алып аясында жамырады.
Қол асты Абыралыдан Шыңғыс беттеп,
Өкшелей банды қолын шолып шеттеп
Асырмай Дегелеңнің деңгейінен,
Бандыны бой жаздырмай қуып жетпек.

ТҮСІП ҮЙІНДЕ
XII.
Қосылып банды жолы қанды сорап,
Қырғындап жолдағы елді шауып тынар.
Үдере күндіз, түні тынбай тартып,
Қысылып қуған қолдан тоқтар шолақ.
Барады барған жерін оттай отап,
Малды айдап, мүлік тонап қырып жүріп.
Аруды әжуалап қолға түскен,
Қан жұтып, қарсы келген талқан болып.
Өкшелей жауды зерттеп жолды шолып,
Қасына «жершіл» неше жолдас алып,
Жан-жағын банды ізінің кесіп өтіп,
Отыр ед Абыралыны Бекбай шолып.
Көбелеп Жалғыз тауды «аңды» қағып,
Өлкесін Қасқабұлақ құлдай қағып.
Екжейлеп елден сұрап банды жайын,
Түстігін түнер суын болжап анық.
Бойында Қасқабұлақ қас қарайып,
Жұлдыз бар, ай тумаған, аспан айық.
Түсіптен тіл алмаққа тартты Бекбай,
Жолынан тауға тарта аз қисайып.
Бар ма екен әлде үйінде батыр Түсіп,
Қарт қыран шөккен нардай аттан түсіп.
Меңдетіп әлде ауру жатыр сабаз,
Әлде атқа мінді мекен жауды тосып.
Жоқ әлде ежелгі жау — елдің байы,
Бандыны арқаланып сұмырайы.
Батырды байқаусызда мерт қылды ма,
Болды екен қандай күйде қарттың жайы.
Деген ой қатарласып қанат жайып,
Қораның қасынан кеп етті байып.
Қорада тіршіліктен бар бір сарын,
Бірде өшет әлсіз дауыс бірде ұлғайып.
Үздігіп сүйреткенде іңір желі,
Сияқты толқын қуған жыртық қайық.
Бір зарлы үн бірде шығып, бірде сүңгіп,
Бейуақта жалғыз қора тұр мұңайып.
Қорада бір сұмдықтың бар екенін,
Сезді де Бекбай еппен барды таяп.
Көрмей де, аттан түсіп екі адам,
Кірді үйге кемпір отыр шашын жайып.
Үй іші күңіреніп толған халық
Кемпірді жұбатуда ортаға алып.
Байқаусыз кіріп келген Бекбайлардан,
Шошынып өре тұрды қару алып.
Бекбайды таныған соң шулап бәрі,
Мұң шағып солқылдады жасы кәрі.
Түсіптің қарт жолдасы Қалампыр да,
Ұлғайтты шаға зарын одан әрі.
Сұңқылдап төкті мұңын зарлы кемпір,
Бір талып, бірде ес жиып алды кемпір.
Көрген соң Бекбайына зар шаққандай,
Үдете ащы зарға салды кемпір.
Ұққандай үннен Бекбай кемпір жайын,
Болғанын бір сұмдықтың етті пайым.
Ішінен отырған көп айтты жайлап,
Болғанын батыр Түсіп жазатайым.
Қапы қап ағайын жұрт қабарланбай,
Неше күн сақтанса да дамыл алмай.
Бандыны Қарқаралдан шықпас деген,
Жайылған елге лақап өсек солай.
Алданып сол өсекке көппен бірге,
Сақ-сақ боп хабар күтіп жүргендерге.
Түсіптің айтып өзі таратыпты,
Бәрінде үйді-үйіне өткен түнде.
Сол түнде Түсіпке кеп араласып,
Қапыда қартты банды алған басып.
Ал айда қару қылып жалғыз өзі,
Қорғаған балапанын жанталасып.
Қару қып қарсы тұрған қарт қызы үшін,
Қан ішер қаптап келген қасқыр банды.
Шапқылап өлтіріпті сүйегі үйде,
Жерлеуге тұрмыз күтіп келер таңды.
Десті де Бекбайына дос сүйегін,
Көрсетті дегеннен соң сол тілегім.
Көрді де қанын ішке тартып Бекбай,
Бойында Қасқабұлақ қас қарайып,
Жұлдыз бар, ай тумаған, аспан айық.
Түсіптен тіл алмаққа тартты Бекбай,
Жолынан тауға тарта аз қисайып.
Бар ма екен әлде үйінде батыр Түсіп,
Қарт қыран шөккен нардай аттан түсіп.
Меңдетіп әлде ауру жатыр сабаз,
Әлде атқа мінді мекен жауды тосып,
Жоқ әлде ежелгі жау елдің байы.
Бандыны арқаланып сұмырайы.
Батырды байқаусызда мерт қылды.
Болды екен қандай күйде қарттың жайы.
Деген ой қатарласып қанат жайып,
Қораның қасынан кеп етті байып..
Қорада тіршіліктен бар бір сарын,
Бірде өшед, әлсіз дауыс бірде ұлғайып.
Үздігіп сүйретілген іңір желі,
Сияқты толқын қуған жыртық қайық.
Бір зарлы үн бірде шығып, бірде сүңгіп,
Бей уақта жалғыз қора тұр мұңайып.
Қорада бір сұмдықтың бар екенін,
Сезді де Бекбай еппен барды таяп.
Деді де аттан түсті бір жолдаспен,
Кірді үйге, кемпір отыр шашын жайып.
Үй іші күңіреніп толған халық
Кемпірді жұбатуда ортаға алып.
Байқаусыз кіріп келген Бекбайлардан,
Шошынып өре тұрды қару алып.
Бекбайды таныған соң шулап бәрі,
Мұң шағып солқылдады жасы, кәрі.
Түсіптің қарт жолдасы Қалампыр да,
Ұлғайтты шаға зарын одан әрі.
Сұңқылдап төкті мұңын зарлы кемпір,
Бір талып, бірде ес жиып алды кемпір.
Көрген соң Бекбайына зар шаққандай,
Үдете ащы зарға салды кемпір.
Ұққандай үннен Бекбай кемпір жайын,
Болғанын бір сұмдықтың етті пайым.
Ішінен отырған көп айтты жайлап,
Болғанын батыр Түсіп жазатайым. ...
Қапы қап ағайын жұрт қабарланбай,
Неше күн сақтанса да дамыл алмай.
Бандыны Қарқаралдан шықпас деген,
Жайылған елге лақап өсек солай.
Алданып сол өсекке көппен бірге,
Сақ-сақ боп хабар күтіп жүргендерге.
Түсіптің айтып өзі таратыпты,
Бәрінде үйді-үйіне өткен түнде.
Сол түнде Түсіпке кеп араласып,
Қапыда қартты банды алған басып.
Алайда қару қылып жалғыз өзі,
Қорғаған балапанын жанталасып.
Қару қып қарсы тұрған қарт қызы үшін,
Қан ішер қаптап келген қасқыр банды.
Шапқылап өлтіріпті сүйегі үйде,
Жерлеуге тұрмыз күтіп келер танды.
Десті де Бекбайына дос сүйегін,
Көрсетті дегеннен соң сол тілегім.
Көрді де қанын ішке тартып Бекбай,
Бойында Қасқабұлақ қас қарайып,
Жұлдыз бар, ай тумаған, аспан айық.
Түсіптен тіл алмаққа тартты Бекбай,
Жолынан тауға тарта аз қисайып.
Бар ма екен әлде үйінде батыр Түсіп,
Қарт қыран шөккен нардай аттан түсіп.
Меңдетіп әлде ауру жатыр сабаз,
Әлде атқа мінді мекен жауды тосып,
Жоқ әлде ежелгі жау - елдің байы.
Бандыны арқаланып сұмырайы.
Батырды байқаусызда мерт қылды.
Болды екен қандай күйде қарттың жайы.
Деген ой қатарласып қанат жайып,
Қораның қасынан кеп өтті бақап..
Қорада тіршіліктен бар бір сарын,
Бірде өшед, әлсіз дауыс бірде ұлғайып.
Үздігіп сүйретілген іңір желі,
Сияқты толқын қуған жыртық қайық.
Бір зарлы үн бірде шығып, бірде сүңгіп,
Бей уақта жалғыз қора түр мұңайып.
Қорада бір сұмдықтың бар екенін,
Сезді де Бекбай еппен барды таяп.
Деді де аттан түсті бір жолдаспен,
Кірді үйге, кемпір отыр шашын жайып.
Үй іші күңіреніп толған халық
Кемпірді жұбатуда ортаға алып.
Байқаусыз кіріп келген Бекбайлардан,
Шошынып өре тұрды қару алып.
Бекбайды таныған соң шулап бәрі,
Мұң шағып солқылдады жасы, кәрі.
Түсіптің қарт жолдасы Қалампыр да,
Ұлғайтты шаға зарын одан әрі.
Сұңқылдап төкті мұңын зарлы кемпір,
Бір талып, бірде ес жиып алды кемпір.
Көрген соң Бекбайына зар шаққандай,
Үдете ащы зарға салды кемпір.
Ұққандай үннен Бекбай кемпір жайын,
Болғанын бір сұмдықтың етті пайым.
Ішінен отырған көп айтты жайлап,
Болғанын батыр Түсіп жазатайым.
... Омар сұмырай,
Қамарды ап, бандыға еріп қытайға аспақ.
Бандыны Қарқаралдан шықпас деген,
Жайылған елге лақап өсек солай.
Алданып сол өсекке көппен бірге,
Сақ-сақ боп хабар күтіп жүргендерге.
Түсіптің айтып өзі таратыпты,
Бәрінде үйді-үйіне өткен түнде.
Сол түнде Түсіпке кеп араласып,
Қапыда қартты банды алған басып.
Алайда қару қылып жалғыз өзі,
Қорғаған балапанын жанталасып.
Қару қып қарсы тұрған қарт қызы үшін,
Қан ішер қаптап келген қасқыр банды.
Шапқылап өлтіріпті сүйегі үйде,
Жерлеуге тұрмыз күтіп келер танды.
Десті де Бекбайына дос сүйегін,
Көрсетті дегеннен соң сол тілегім.
Көрді де қанын ішке тартып Бекбай,__
Төккізбей жас арудың жауызға арын.
Қарыс сап қара пышақ қарулы қол,
Сермелген шашамын деп банды қанын.
Мендеген ауру билеп қарт құлының,
Жауына жара салмай қағылғанын.
Қан ішер қайқы қылыш жау қолынан,
Шаптыққан жалғыз шалға шабылғанын.
Жүзімен жүзі қара қанды қылыш,
Шал қаны шапшып көкке ағылғанын.
Көзінің жанары өшіп жалғызым деп,
Қарт кірпік ақтық рет қағылғанын.
Тас жүрек қанды қылыш қатал қолдан,
Быт-шыт боп батыр сүйек шағылғанын.
Алдыңнан андыздатып аянышты сыр,
Үнімен күңіренткен жалғыз кемпір.
Күйзеліп күбір қағып жортқан желмен.
Мұңайып тұнжырады қою іңір,
Талыққан қайғы бөлеп жалғыз қора,
Өлі аруақ үн қатқандай түнде мола.
Бандының жауыз жүріп бір топ сұмы,
Орнатқан қиямет күн үйге сона.
Болмайды бөгелуге бұдан әрі,
Күңіреніп қимағанмен мұңды кәрі.
Бекбайлар қонғанда атқа қош айтысып,
Беріп ед түн түріліп таңда сәрі.
Бетіне ап таң сәулесін аттанды ерлер,
Ширығып тақымда ойнап жортты аттары.
Үңірейіп ессіз үңірейіп ессіз қора елі босқан.
Сақтанып кеше қашқан елдің бәрі.
Болмаса жансыз-жақсыз мешеу үйлер,
Бандыдан кеткен үркіп бұл тұстағы ел.
Құлазып үңірейіп ессіз қора,
Мұңайып томсарғандай құбаша бел.
Аңырайып азынаған бір айдала,
Бұйығып ызың қағып жортады жел.
Алғанда Қарқаралы Белов банды
Дегеміз Омар сұмырай күтіп алды.
Қаладан Белов қолы қашқан да үркіп.
Омар да көшке ілесе бірге аттанды.
Бұл істің тиянақсыз артқы жағы,
Болғанмен бір арам ой Омардағы.
Қалайда серік тапса елден кетіп,
Қосылмақ қашқан аққа Қытайдағы.
Ол білед, өзіне елде өріс тарын,
Беловқа өз сырының айтты бәрін: —
Білемін қырдың жолын, басшы болам,
Деп жаңа алды өтіп басқалармен.
Жалғыз-ақ біраз іске берсең ерік,
Боламын жан қиысар мықты серік.
Бар еді сүйген қызым ала кетсем,
Әкесі жібермеді қолдан беріп.
Сондықтан осы кеште біраз жігіт,
Менімен біраз жерге бұрылса еріп.
Қыз алып қызбалықты мүлікті алып,
Келерміз ат азықты тағы теріп.
Дегенде ат пен азыққа қызықты қыз,
Беловтың обыр ойын қызынтты қыз.
Қасыңа ал өзің қалап біраз жігіт,
Кешікпей орында онда жөнел де тез».
Қан ішер қасына алып жауыз топты,
Омар сұм қарт Түсіпке безеді оқты.
Қамарға сан қызынып жағалаған,
Сөз салып жылы жауап алған жоқты.
Өжет қыз өңменінен тіл өткізе,
Омарды сан орында бетке соқты.
Кісі сап сұрағанмен Түсіп шалдан,
Болса да басқа кемтар жарлы малдан.
Қан безер қағынды Омар, Қамар жанын,
Сөздерді күйзелтетін аузына алған.
«— Жауызға Омар сынды бармас Қамар,
Ол үшін Омар сұмың қамал салған.
Болса да бар пәлеге көніп алдан,
Қамардан дейтін жан не аяп қалған».
Сонымен бұзық Омар қолы жетпей,
Күштеуге өз ғашығын айтпаса ептей.
Түсіптен түбі шикі қаймығатын,
Сол еді жүргені де алып кетпей.
Әйтпесе өзі кедей қураған шал,
Қызы анау жалқы өскен, көк өрімтал.
Омардың обыр ойы жүргенде улап,
Беловтың мына жолы тап дәлме дәл.
Келді де барды түнде Омар бастап,
Қасында қанпезер көп бұзық бар.

ҚЫСПАҚТА
XI.
Басқа зар, малға кенде болса да шал,
Қорекке қанағат қып қолында бар.
Ардақты — ағайынға, еліне — ерке,
Медеуі — қыз да болса жалғыз Қамар.
Сол Қамар он алтыға биыл жетіп,
Шал-кемпір бетін қақпай еркелетіп.
Бірдей боп ерке шора үйде-түзде,
Өнерге ойнай туған жастан жетік.
Сайраған бұлбұл құстай домбыра алса,
Толқытып, тоқсан ырғап әнге салса.
«Андаздың» алабына ән төгілтіп,
Еміреніп елсіз өлке әнге қанса.
Шал ойнап сыбызғыдан төгетін күй,
Думан боп күйге балқып кететін үй.
Қамардың он саусағы перне бойлап,
Жорғалап домбырада (...).
Домбыра сыбызғымен үнін қосып,
Шығатын үн тасқындап сыртқа жосып.
Асқақтап ағыл-тегіл күй еркесі
Аптығып андыздайтын шектен асып,
Бірде күй — шапса батыр түйілгендей,
Бірде күй — таңнан-таңға төгілгендей .
Бірде күй — Алшағырдың ащы зарын,
Аңыратса жүрек шерге көмілгендей.
Жалғызы жауға түскен ер Алшағыр,
Күңіренген күй көрінген жүрекке емдей.
Ащы күй бірде зарлап, бірде өрекпіп.
Жауына батыр найза үйіргендей.
Елеуреп бірде тасып Ертіс суы,
Батырдың алдын кескен өткел бермей.
Бөгеліп күй қоңырлап баяулаушы ед,
Өткелсіз өзенге ер күйінгендей.
Баланың байлаудағы даусы жетіп,
Үстіне бала мұңы үйілгендей.
Күй жылап, күйінеді тынады кеп,
Алшағыр ақ найзасын сермей-сермей,
Қамар қыз кезек тартып күй мен әнді,
Елжіреп ата-анасы мейірбанды.
Думан боп ертелі кеш шалдың үйі,
Ұмытып мәз болатын мұң мен зарды.
Сондай бір шалдың үйін шаттық кернеп,
Қамардың әсем әні жанды тербеп.
Қуанды батыр Түсіп шат хабарға:
«Бандыдан Қарқаралы арылды» — деп.
Көңілі жайланғандай қауып кетіп,
Қамарын алуан түрмен еркелетіп,
Түсіп қарт отырса да Қасым жайын,
Қояды көз алдына елестетіп.
Қалды ма Қасым аман, әлде қандай,
Басына күн туды ма, өші бардай —
Өмірдің өткелсізі кездесті ме,
Бандыға берді ме ұстап Омар сұмырай?
Жоқ, әлде құтылды ма ебін тауып, —
Деген ой қатарласып ауық-ауық.
Біресе — көз алдына келеді үміт,
Біресе — түнереді қатер-қауіп.
О л ойды ойламайтын Түсіп жалғыз,
Түсіпке сыр білдірмей саналы қыз.
Дөңбекшіп күндіз-түні құлақ түріп,
Қасымнан хабар күтіп, бағатын түз.
Болатын Қамар жастың көзі қырда,
Ешкімді ортақ қылмай асыл сырға.
Алысып жүрегімен толғанатын,
«Не болды Қасымым?, — деп бұл шапқында.
Осылай Түсіп, Қамар алмақ-салмақ,
Қасымды ойлап жатты естеріне ап.
Ел жатты, Қамар кетті тәтті ұйқыға,
Қарт Түсіп, келгенінше таң жақындап —
Көзіне ұйқы келмей шығып тысқа,
Зер салып құлақ түріп әр дыбысқа.
Көбелеп көк теңізін ақша танлақ,
Жылыстап таянғанда күн шығысқа.
Қарт Түсіп дыбыс тыңдап, шалып маңды,
Үйге кеп аз жантайып демін алды.
Көзінен ұйқы қашып, жүрек тулап,
Мазалап ұйықтатпады батыр шалды.
Жатқанда елегізіп, бұза-жара,
Үйіне көрді кірген төрт-бес жанды.
Жарқылдап жап-жалаңаш қылыш, қанжар,
Жарыса тұра қалды қамап шалды.
Бөлеген уыз ұйқы жас Қамардың,
Бір суық құлағына дыбыс барды.
Оятқан суық дыбыс сұлу Қамар
Ақырын бетін ашып, көзін салды.
Сөйткенше түсі суық біреу келіп,
Төсектен апыраңдап жұлып алды.
Жалаңаш шал-кемпірге қылыш төніп,
Қалғанын ұшты үрейі Қамар көріп,
«Жүресің бізбен қазір киін», — деді,
Бір банды қолда қылыш қызға төніп,
Бандының есіткенде мына сөзін,
Қарт Түсіп кетті білмей өзі-өзін.
Қылышты төніп тұрған елеместен,
Орнынан атып келіп құшты қызын.
«— Қамардан айрылмаймын бар да жаным,
Төгілсін жалғыз үшін жайрап қаным.
Білегін абыройлы, арам қолмен,
Ұстама, ұстатпаймын, сұмырай залым», —
Деді де шал қарманып, үйді аймалап,
Ұмтылды бір нәрсені қолына ал-ақ.
Жарқ етті суық қылыш жан-жағынан,
«Қозғалма, шабамыз», — деп қақты жалақ.
Шал оны елеген жоқ қылыш бар деп,
Қарт денем қаны жосып, шабылар деп.
Айырып Қамаржанын алмақ болып,
Құлаштап қанжар сермеп ұмтылды кеп.
Наркескен қарт қаруы, қанды қанжар,
Қадалса қапсырғандай жанды қанжар.
Сілтеген жанталаса шал қолымен,
Сыр етіп әлде нені шалды қанжар.
Бұл кезде қылыштар да кіршіл қағып,
Дірдектеп арық еттен жосып ағып
Қан шапшып айналаға, жанталасқан,
Шал басы жоңқаланды қылыш қағып.
Байланып үні шықпай кемпір тілі
Есі жоқ, жоқ қозғалады әрең тірі.
Бандылар үйден сүйрей жөнелгенде,
Қамардың апалаған әлсіз үні.
Құйылды ащы зары құлағына,
Жеткізіп қанды қара әмір түні.
Шал анау қаны жосып жайрап жатқан,
Тұтқын боп қаражүзге Қамар күні.
Бір тұрып, сорлы кемпір бір жығылып,
Сұмдарға жармаспақ боп көрді ұмтылып.
Қамарды қайда әкетсе қалмаймын деп,
Есіктен аттағанда буыны құрып.
Жығылды босағаға соға басын,
Құшақтай табалдырық жалпақ тасын.
Алыстап Қамар үні «Апалаған!»,
Түн жалмап көрсетпеді жау қарасын.
Сол сорлы үй қан бусанып қара киген,
Қапыда қара түнде банды тиген.
Алдынан Бекбайлардың тап болып ед,
Түсіптің Қалампыры дертке күйген,
Жұбатып Қалампырдың дертін біліп,
Бар жайын ақиқатын көзбен көріп.
Қош айтып Қалампырға тартты Бекбай,
Қамарын құтқаруға уәде беріп (5.2.).
Болмады бөгелуге одан әрі,
Күңіреніп қимағанмен мұңлы кәрі.
Бекбайлар қонғанда атқа қош айтысып,
Беріп ед түн түріліп таң да сәрі.
Бетіне ап таң сәулесін жортқанда ерлер,
Қайшылып құлақтарын құбағаны.
Бандыдан кеткен үркіп бұл тұстағы ел,
Мұңайып елсіз қора, томсарып бел.
Аңырап азынаған бір айдала,
Ызыңдап сумаң қағып еседі жел.
Жарысып астындағы ат ала таңмен,
Қусырған жер апшысын келеді ерлер.
Жортқанда жоны осылып, тартылғандай
Танабы жиырылып жиексіз жер.
Қу Омар Беловқа кеп құлды құрып,
«Мақсатын» орындалған айтып тұрып,
Қамарды «қалыңдығым осы еді» деп,
Беловқа таныстырды мақтан қылып,
Беловтың көзі түсіп Қамар жасқа,
Қолаң шаш, құралай көз, нәркес қана.
Оның да обыр ойы ойнақ қағып,
Омардан «жолдастығы» қалды басқа.
Қамарды «Отырғыз» — деп өз қасыма,
Қабағын қаққан кезде, жолдасына.,
Қамарды алып келді екі жендет,
Ойнатып қанды қылыш қыз басына.
Қамардың бұл қорлыққа қайнап қаны,
Сұмырайдың көкпар етіп қорлағаны.
Шыдатпай, бұлқынғанда отырмастан,
Әкелген екі жендет тұрғызбады.
Бұлармен бірге келіп Омар сұм да: —
Төреге керек болсаң отыр, тұрма,
Сен — менің әмірімді, мен —төренің,
Істеуге міндеттіміз, мойын бұрма», —
Дегенде Омар беті шімірікпей,
Қадады Қамар көзін оған тіктей:
«Білігім менің сенде емес, азғын,
Көнбеспін айтқаныңа өліп кетпей», —
Деді де қайратты қыз атып тұрып,
Омарды тап ауыздан жіберді ұрып.
Сол кезде екі жендет екі жақтап,
Қамарды ұстай алды бұлқындырып.
Омар кеп ұрамын деп ұмтылғанда,
Ақырды оған Белов: «— Келме маңға».
Қамарды өзі келіп қолынан ап
Отыр деп өз қасынан ұсынғанда.
Омардың қайраты жоқ көпке жетер,
Пенде жоқ өзін аяп рахым етер.
Сонда да түсін жылтып түшіркенбес,
Әйтеуір ойдан аулақ бой селт етер.
Қасына отырмады оныңдағы:
«Көп болса өлтіреді, не қылады», —
Деді де теріс қарап жүріп барып,
Сүйенді бір арбаға қасындағы,
Беловқа осы кезде тоқтау түсіп:
«Қайтемін бұл арада онша қысып,
Қашқанмен құтылады енді қайда,
Ашуын басады әлі өзі ойысып», —
Деді де, — Тимеңдер, — деп жендетіне,
— Бармаңдар, еркіндік бер өз бетіне.
Күштен де алдауға сал, тез түсінед,
Шыққан соң ұзаңқырап ел шетіне». 
Сұңқардай торға түскен торығып қыз,
Мұң басқан оймен улап жүректе сыз.
Сүйеніп бір арбаға қару артқан,
Сандалып, күңіреніп тұрды жалғыз:
« —Дариға-ай, су түбіне кеткенім бе,
Талдай бой — тәлкек үшін жеткенің бе.
Қара көз қайғылы қан қапырықтан,
Басқаны бір көре алмай өткенің бе?
Сорлы атам сақтанушы ең ертелі-кеш,
Жалғызым, жауға... жет дедің бе
Жанына менің көркім қанжар болды,
Сендерге азап болмай кетпедім бе.
Сорлы анам зарлы үніңді түннің желі,
Күңірентіп арттан ұзақ ерткенінде.
Құйылып құлағымнан қолқамды үзе,
Жүректі шалады улы дерттері де.
Мен бір лақ бөрі әкеткен маңыратып,
Сорлы анам сені артымда аңыратып.
Сорлы әке мені қорғап жауға шапқан,
Қалды әні қатал жаудан қанға батып.
Жауыз қол жан әкемді шапқан сонау,
Ұмсынды көрмек болып мені уатып.
Ажалдың инесіндей жанды түйреп,
Шаншылад жүрек кегін дуылдатып.
Әлсіз жан, дәрменім жоқ қолдан келер,
Күшім жоқ қарсыласар жауға батып.
Дариға, жанымнан да қымбат арым,
Ар кетсе неге керек құрғақ жаным.
Жауымның мазағына көнгеннен де,
Төгейін, анам — жерге жүрек қанын.
Дариға, мына түнде қанат бітіп,
Жарқ етіп көтерілсем аспанға ытып.
Аспанның жұлдызындай азаттық ап,
Қарқылдап тұрсам күліп таңды күтіп.
Жау қалса санын соғып, тауып аран,
Мен барсам, мұңға батқан бейшара анам,
Қуанып құшағына алмас па еді,
Дариға, ондай өмір қайда маған, —
Деп жылап тұрғанында қыз зарланып,
Үміт жоқ,бостандықтан, жаны налып.
Абыржып айналада банды сұмы,
Жүгірді бет-бетімен қару алып.
Мылтықтар аузын төсеп айдалаға,
Оқ жосып, от ойнады, жарқ-жұрқ қағып.

АЙҚАС
XII.
Бекбай мен Черепанов бастаған қол,
Орап кеп Шаған жақтан төтелеп жол,
Бейхабар банды тылы жатқан кезде,
Ат қойып киіп кеткен кезі еді сол.
Бекінген қойнауды ала қолын шашып,
Бөлектеп араларын ашып-ашып,
Банды да өре тұрып оқ жаудырды,
Қалса да шу дегенде біраз сасып.
Жан-жақтан өршелене оғын төгіп,
Ерте алған қарауылды қырға шөгіп,
Арнасы Тасбасқанның дал-дұл болып,
Қопыратты жер қыртысын тұяқ сөгіп.
Жерден шаң көтерілді көкке тулап,
Жалындап оқ ойнақтап жатты зулап,
Жалындай өрекпіген өрлей шалқып,
Коммунар жауға ат қойды бунақ-бунақ.
Бұл кезде арттағы қол түре тиіп,
Бандыны арт жағынан кетті киіп,
Алайда қаруы мол қалың банды,
Ерте алған қолдарында барлық биік
Артқы қол неше жерден алған құрып,
Пулеметке банды жақ тіреп тұрып,
Жапыра жау бекінін жалындатып,
Талқандай бас көтертпей жатыр ұрып.
Сімерлеп баяу жылжып көктем таңы,
Бұлт болып танды бүркеп майдан шаңы,
Жұлдыздар бірте-бірте сөне берді,
Жеңіліп таң нұрынан қашып қаны.
Бытырлап пулеметтер оқ боратып,
Әулікті винтовкалар бет келді атып,
Жарқылдап болат семсер қаршылдап жүр,
Мүйіз сап құрыш қолда қалған қатып.
Домалап доптай ыршып талай бастар,
Дөңбекшіп талай дене қалды жатып.
Қасым да пулеметпен қатарласып,
Мылтығын командасыз атпай сасып.
Өзімен бірге мінген пулеметшік,
Қасына Слепновтың жақындасып,
Тамара Слепновпен о да бірге,
Бірі атып, бірі оқ беріп көмейді ашып.
Бір кезде пулеметті ілгерлете,
Қоюға бекініске жатты сасып,
Қырпуын аңдып жатқан банды мерген,
Дәл көздеп Слепновты қалды басып.
Слепнов оқпен бірге түскенде ұшып,
Атып кеп ұстай алды Қасым құшып.
Көтеріп жерден басын жолдасының,
Қанатпай оқтың орнын қолмен қысып.
Сөйлеуге әлі келмей көзбен ымдап,
Айтқанын жүрегімен Қасым тыңдап,
«Мені қой, пулеметке бар», — дегендей,
Үзілтіп бір нәрсені айтты ыңылдап.
Қимылын пулеметтің тұрған бағып,
Түскенде Слепновты оғы қағып,
Алуға пулеметті қолдарына,
Биіктен банды тобы жүгірді ағып.
Болысты Тамараға Қасым келіп,
Оқ төкті көмейіне білте беріп,
Шалғындай жапырылып алды құлап,
Бандыны кейін серпіп салды итеріп.
Қуанып атысына Тамараның,
Кернеген қысылшаңда жаудың алдын,
Қасымда қақтықтырмай оғын беріп,
Көрсетті ерекше ерлік қимылдарын.
Серпіле қашқан жауды қуа түріп,
Лап қойып қызыл ерлер кетті бүріп,
Жеткізбей бекінінен айдап шығып,
Жусатып бір бөлігін салды қырып.
Тамара Қасымменен пулеметті,
Қолға алып қысылшаңда атып кетті,
Жау беті жапырылып серпілгенде,
Қасым кеп басын сүйеп Слепновты.
Жарасын көйлегімен танды жыртып,
Сол кезде оқ құйылтып тағы мылтық,
Үйіріп жарқылдатып қылыштарын,
Құйылды бір топ банды оқты ысқыртып.
Сүйей сап Слепновтың жерге басын,
Қасына Тамараның келіп Қасым,
Бандының алдын бөгей оқ түтетті,
Көрсете екеуі ерлік тамашасын.
Бандыны пулеметпен айнала атып,
Беттетпей алдын бөгеп қорғалатып,
Тұрғанда сол жақ қолын Қасымның да,
Жау оғы өте шықты шымырлатып.
Салдырап илікпеді сол жақ қолы,
Сонда да елеген жоқ Қасым оны,
Оқ беред Тамараға жалғыз қолмен,
Жауған оқ, қаптаған жау оңы-солы.
Тамара айнала атып пулеметін,
Түтеген жапыра алмай жаудың бетін,
Жау шошып қысылуға айналғанда,
Атты қол түре тиді жаудың шетін.
Айқасты екі жақтың атты қолы,
Сілкініп Тасбасқанның тастақ жоны,
Жарқылдап қылыш, мылтық тозаң тулап,
Қырқысты қиқу көшіп оңды-солды.
Бір толас болған кезде жараны орап,
Таңдырып Қасым қолын байлатып ап,
Сүйек сау өтеп өткен оқты елер ме,
Майданда өмір-өлім екі ұдай шақ.
Бір тасты бекін етіп жау мергені,
Дәл атып шапқандарға жол бермеді,
Бір ғана винтовка емес пулеметте,
Сол жерден оқ құйылтып жол кернеді.
Сан рет сол бекінді атты көздеп,
Шақылдап оқ түседі — тасқа кез кеп,
Алды тас, арты қырқа мықты бекін,
Сол жерден оқ құйылтып тұрады тек.
Тамара сол бекінді қолмен нұсқап,
«Талқан боп анау бекін алынса тап,
Болар ед жауға соққы шіркін дүние,
Тасталса дәлдеп тұрып қол гранат».
Деді де бір түнеріп айналаға,
Қарап ед жан түспеді көзге жана,
Жалғыз-ақ қолы жара қаста Қасым,
Істерлік бұл арада жоқ еш шара.
Түн бөлеп тұнжыраған бір терең сай,
Тұйығы жау бекінісін түскен орай, 
Жүгіртті сайды өрелете Қасым көзін,
Кетуге гранатты ап ептеп солай.
Бірнеше гранатты тізіп белге,
Алды да винтовкасын бұғып жерге,
Тіл қатпай Тамараға кетті түсіп,
Сайды өрлеп мөлшерлеп ап түп бекінге
(бекініске — жоба жет.).
Бандыны бүріктіре Черепанов,
Екпіні арыстандай топты жарып,
Ойнатып ақ жиренді орғытып жүр,
Қырқысып қылышпенен ойран салып.
Бекбай да Черепанмен тізе қосып,
Сан банды аттан құлап қаны жосып,
Сан тұлпар ойнап шығып осқырып жүр,
Сүйретіп адам тәнін үркіп босып.
Айқасты екеуімен бір топ банды,
Өлер жау өршелене қимыл салды,
Қамалап біреуі арттан, біреуі алдан,
Састырды ортаға алып қос қыранды.
Бұлар да бірін қоспай біреуіне,
Сермеді жанып-жанып алдаспанды,
Қара жүз қаба сақал бір сұм банды,
Ту сырттан Черепанды басып салды.
Ер тәні оқпен бірге жерге ауғанда,
Осқырып ақ жирен де тұра қалды.
Қалшылдап екі көзі қанға толып,
Ақырып арыстандай ұмтылғанда.
Екі жақ араласып жаяулы атты,
Қырқысып қызыл қанға майдан батты,
Қылыштар жарқ-жұрқ ойнақ салып,
Сан басты доптай қағып домалатты.
Сол кезде шығыс жақтан бір қара нор,
Майданда құйындата тартқанда жол,
Екі жақ бірдей састы кім екенін,
Біле алмай, бұл қай жақтан құйылған қол.
Келгенде қол таянып қызыл тулы,
Таныған қызыл ерлер салды шуды,
Уралап алды қарсы жолдастарын,
Құйылған қысылшаңда күшті нуды.
Қапыда қамсыз жатқан Қарқаралды,
Бүлік сап бүлдіргенін Белов банды,
Семейден естісімен аттанған қол,
Қиырлап алдын кесе келіп қалды.
Сол қол ед мынау келген селдей тасып,
Бандының жолын кесе алдын басып,
Бандылар осы кезде демдеген боп,
Саны артық қаруы көп қашқын пасық.
Жығылып Черепандай ер майданда,
Күшейіп жаудан қауып әскер сасып,
Тұрғанда туы шалқып жөнкілген қол,
Тың күшпен, көп қарумен кетті айқасып.
Бандылар қару жұмсап қарсы шығып,
Қайсарсып қарсы шапты кетпей ығып,
Сол кезде Қасым да кеп жеткен еді,
Бекінге өкпе тұстан келіп бұзып.
Мөлшерлеп от тигізе гранатты,
Бекінге дәлдеп тұрып Қасым атты,
Бірнеше тастағаны жетпей түсті,
Тастады дәлдеп тұрып тағы Қасым,
Құлатты екі адамды бірақ сәтте.
Сау қалған бір мергенін дәлдеп тұрып,
Атып еді винтовкамен түсті жұлып,
Үні өшіп пулемет пен винтовканың,
Бекінді Қасым келіп салды қырып.
Қасым кеп қолға алғанда пулеметті,
Қызылдар қаптай шауып ода жетті,
Бандыны сол бетімен бет қаратпай,
Бөктерлей Тасбасқанды қуып кетті.

ҚАМАР ҚҰТЫЛҒАНДА
XIII.
Жығылып банды туы бекіні ойран,
Болғанда пушкі аттары жегіп қойған,
Лап қойып бет-бетімен қашты тұра,
Бірі өрге, бірі ылдыйға құлай ойдан.
Дүрлігіп банды қашқан қарбаласта,
Ентігіп алас ұрған Шабдары аста,
Қамарға Омар жетіп келді дағы,
«Мін» деді жетегінде жирен қасқа.
Ұқпаған (...) жөнді соғыс сырын.
Көрмеген мұндай дүрмек бұдан бұрын.
Қамардың үрейі жоқ, өңі кетіп,
Тұрғанда келді жетіп, бұл жексұрын.
— «Не болды, неге састың, мінем неге?!
Бармаймын мен ешқайда әурелеме,
Аулақ жүр менен жауыз үмітіңді үз»
Дегенде Омар сұмырай өршелене.
— «Мін шапшаң жаның барда жау кеп қалды
Көрдің бе кетті қашып қолдың алды,
Қамалап Беловтарды алдан тосып,
Большевик айналаны қамап алды.
Бәрі бір қалдырмаймын тірі сені,
Өмірден сені тастап күтем нені,
Мінесің мынау атқа не өлесің»,
Деді де аттан қарғып түскен еді.
Қамарды міндіргенде қолмен атқа,
Омар кеп жармасқанда бір қолы атта,
Қамардың тұла бойын ашу кернеп,
Өлімді елеместен сол сағатта,
Омардың алып Қамар жағасынан,
Батыр қыз жанды аяр мажауға ашынған,
Бір қолды салды Омардың қылышына,
Суырып жарқ еткізіп алды қыннан.
Қаруын жұлып алып қарсыласқан,
Ашынған Қамар түрін қылыш тартқан,
Көрген соң Омардың да зәресі ұшып,
Қыз мынау жаяу қалад айырылса аттан.
Жымиып жолбарыстай жүні шығып,
Шапқалы екі көзден жалын шығып.
Сұрланып қайратына мініп Қамар,
Айқасты, ұмтылып ед кетпей ығып.
Наганын қолына алып Омар безеп:
— Атамын, атқа мін, — деп тұрды кезеп,
Көлденең атты тартып Қамарға Омар.
Атарын, атпасын да білмей тежеп.
Ашуға жеңгізсе атар — Қамар қызды,
Қамар қыз қарсы тұрды, түсті бұзды.
Атпаса, әлде өзін жазым етер,
Атса — өлед, топырақ басад көзді.
Үмітін әліде үзбей Қамар қыздан:
— Алмайын қапыда атып аңдаусыздан, —
Деді ол наган аузын қызға төсеп:
— Мін атқа, жау кеп қалды артымыздан, —
Дегенде Қамарға да келді бір ой:
«Көнбесем атып кетер Омар сұм ғой,
Онан да атқа мініп айқасайын, —
Деді де мінді атқа бұрғандай бой.
Көлденең тарта берді Қасқаны Омар,
Бүркіттей тұғырына ырғып қонар,
Қамар қыз қарғып мініп алды да атқа,
— Жүр, — деді — кетер болсақ тұрар не бар.
Көнді деп айтқаныма Омар сеніп,
Наганын қамсыз ұстап, бойын беріп.
Қамармен қатарласа жөнелгенде,
(Атылған бір оқ келіп жұлып түсті),
Омардың наганы бар қолын келіп.
Қылышпен қалды тартып Қамар сермеп,
Долы қыз кекке уланған қайрат кернеп.
Қанжармен қос өкпеден салды сермеп,
Долы қыз кекке ұласқан қайрат кернеп.
Сылқ етіп наган қолдан түсті жерге,
«Ұрдың!» — деп Омар тұра жөнеліп ет.
Шабдарды аттатпады жирен қасқа,
Салса да сатқын Омар тік жартасқа.
Сол қолға бентопкесін алғанынша,
Жіберді Қамар көміп тағы басқа.
Қанжардың жүзі Омардың басын жалап,
Түсті ойып бір шекесін маңдайды ала-ақ.
Сол кезде ала түсті жағасынан,
Айқасты ат үстінде Қамар жанап.
Қасқаның екпінінен жұла тартқан,
Оң қолын қанжар тіліп салбыраған.
Басынан қаны жосып есі шықты,
Омарды Қамар жұлып алды аттан.
Жіберді лақтырып бір жартасқа,
Алысып ауыздықпен ойнап қасқа,
Бүктеліп жатқан жерде тағы Омарды,
Қамар қыз ашынып кеп көмді басқа.
Омардың іліп алып бентопкасын,
Бұрарын енді қайда аттың басын.
Ойланып алғанынша Қамар толғап,
Дуылдап қол қаптады айналасын.
Оқ зулап жан-жағынан, төніп қылыш,
Жартасқа оқ соққанда тырс-тырс.
Орғыды көкке шапшып оқтай ыршып,
Айқасқа астындағы көрмей тыныс.
Тақымнан шыға ойнақтап тастан-тасқа,
Қиялап Тасбасқанның найза шыңын,
Жіберді аттың басын Қамар тасқа.
Ашылып Құбақанның аузы арандай,
Құйылды төрт аяғы бір тас салмай.
Түлкідей жымды басқан жытыла ағып,
Шүйіліп келеді арттан біреу қалмай,
Ақырды таяп келіп: «Түс!», — деп аттан,
Қылышын көкке үйріп жарқындатқан.
Тікірейіп сақал мұрты, көз қанталап,
Маңдайын орамалмен кесе тартқан
Қамар да жан бермек пе қарсыласпай,
Қайсар қыз сыр білдірмей, қорқып саспай.
Қасқарып қияны ала айқасуға,
Тежеді аттың басын енді қашпай.
Қамданып тұрғанында сұлу Қамар,
Жарқ етті жалын шашып екі жанар.
Қанды айтап алма беттен күксүр ашу,
Жүзінде айбын төккен бір ыза бар.
Бекбайдың жауға кекпен жалын шашқан,
Көзіне түскенінде мынау қашқан.
Адамның ай сипатты ару қызы,
Тау өрлеп, сәуле шашқан сияқты аспан.
Тұмандай жел үрлеген түнек ашу,
Ыдырап бойдан үркіп біткенде ашу.
Жүрекке рахыммен шуақ түсіп,
Лып етті бір жылылық етті де су.
Айқаста ажалға арнап кекке үйірген,
Қылышын Бекбай сермеп көп түйілген.
Қайтқаны әлде неден алмас жүзі,
Майрылып шапса өтпестей қолда иілген.
Сияқты болып кетті бір минутте,
(Жауына рахым етер бұл минут пе).
Жоқ әлде жау дегені — жанашырма,
Бұл қалай жүйе босап кетті мүтте.
Сесті жан сұры бөлек мынау неткен,
Екпіні мынау шынды селкілдеткен.
Сияқты бар қайраты ыдырап,
Сұқсырдай сұңқар қуып сұсы кеткен.
Қамардың қайратының жалғыз талы,
Қалмаған, біткендей боп айла-амалы.
Ажалға еріксізден бой сынғандай,
Қаймығып тұрды қарсы, ұмтылмады.
Қамардың ақша беті қабағымен,
Ақ боғақ, алма мойын сағағымен.
Бобырап қолаң шашы жел үйірген,
Оралып қос жыландай аш белінен.
Бекбайдың қылышының сағасында,
Тағдыры шын жанашыр ағасында.
Боп кетті ақ балапан ару Қамар,
— Ал аға, мені қиып шабасың ба? —
Дегендей бір қарады сонда Қамар,
Бекбайға ашу біткен қылыш шабар.
Қылыштың қыздан жүзі кетті тайқып:
Сенбісің шыныңды айтшы, рас Қамар.
Жоқ әлде жаңылыс па, алдандым ба,
Шыныңды айт, сұлу өңмен алдадың ба?
Ажалға ару жүзді қалдым қимай.
Қылыштың төнген жүзін тарттым шыңға», -
Деп еді меруерт жас ыршып көзден,
Бере алмай ешбір жауап тілмен, сөзбен.
Бекбайдың «Қамар!» — деген ыстық лебі,
Шыққанда, тілдескендей бота көзбен.
Жас бойлап жапаңдаған ұзын кірпік,
Шашылып ақ меруерттей жастан бүртік.
Андыздап ақ бетінен жас сорғалап,
Бұршақтай боғағына түсті сырғып.
Бөкеннің бөрі әкеткен ылағындай,
Айдынның дауыл жыққан құрағындай.
Жас сұлу жанталаса жапандады,
Жан ашыр жақынына от жалындай.
Кірмей ме бір ыстық леп ішке қарай,
Кетпей ме бауырды езіп, жүректі алып.
Сол лепке қарпылған ед батыр Бекбай,
Қамардың шыққанда үні өзін танып.
Шығар ма ед, ер орнына қан майданға,
«Бауырым» — деп еңіремеген ешбір жанға.
Бекбайдың шықты аузынан осы жолы.
Кемпірдің көз жасы есте—« Қамарлаған»:
— Жолығып, аман алсаң жау қолынан,
Соны естіп арман барма берсем де жан».
Қалампыр қақсағанда Бекбай бір ант,
Бермеп пе ед әкелем деп Қамарды аман.
Сол анты түсті есіне осы жерде,
Елестеп көз алдына Түсіп ер де.
Бандыдан қаза тауып Қамар үшін,
Қан болып жатқанына кез келгенде.
— Жауыңнен батыр досым алармын кек,
Қайратты сізге жияр, салар міндет.
Айтпап бе ді түн жамылып жалғыз сертін,
Сол серті түсті есіне тағы да кеп:
«— Кел Қамар, бөрі әкеткен ақ бөкенім,
Айыру сені жаудан сертім менің.
Анаңа аңыраған артыңдағы,
Қамарды жаудан аман алам деп ем.
Сол сертім орындалды тірі таптым,
Андаусыз ашу билеп ат ойнаттым.
Жауым деп жан ашырым саған төніп,
Қылышты қыл мойныңа жарқылдаттым».
Деді де қасына алып Қамар жасты,
Аз сөзбен майдан үсті амандасты.
Екеуі тізе қосып жауға жетіп,
Көп қолмен бірге олар да араласты.
Нарттай боп қызыл алтын нұрын шашып,
Әлемге сәуле төгіп қойнын ашып.
Кимелеп көкжиегін көтере ырғап.
Шығыстан көктем күні шықты тасып,
Тебендеп жерге жасыл жаңа өң берген.
Балдырған күлімдеді күнге ғашық.
Қызғалдақ қыз іргесін күн оятты,
Бозторғай көкте шырқап әнге басып.
Желбіреп жеңіс туы қызыл байрақ,
Жапырыла жалқындай боп күнге ұласып.
Басына Тасбасқанның орнады ту,
Ел тоқтап, майдан тынып, шуын басып.
Қылыштар қиюласып түсті қынға,
Мылтықтар алды демін дәрі сасып.
Қоралай қол тоқырап, тудың маңын,
Арылтып ауған бұлттан өмір таңын,
Қырандар қия кернеп тұрды күтіп.
Болад деп комиссардан қандай «сарын».
Комиссар айналасын алыс шолып,
Ойнатып шықты ортаға арғымағын.
«— Қоныңдар атқа тегіс, алқа қотан,
Сілкініп желпініңдер», — деді тағын.
Бір бөлек бандыларды қойды иіртіп,
Алғызып бар қаруын бойын тінтіп.
Құрылып көшпелі штап кірісті іске,
Тексерді бандылардың сырын сілкіп.
Жаны бар жаралыны алды жиып,
Дәрілеп жараларын, қанын тиып.
Сүйесіп Слепновты келді Қасым,
Оқ тиген өзінің де бір қолы ұйып.
Жеңілдеп ауыр жара көмек алып,
Слепнов есін жиді жатқан талып.
Қасымға бір мезгілде басын сүйеп,
Мойнынан құшақтады қолын салып.
— Бауырым, қаһарманы бұл майданның,
Өмірін қалдың сақтап сан қыранның.
Жерлерде екі талай ерлік қылып,
Қамалға отан үшін қайтпай бардың.
Жастық қып жасқанбадың жаудан ығып,
Қимылдап қысылшаңда үздік шығып.
Еліңнің жауға арнаған қаруынан,
Жазықсыз аттың оғын жауды жығып.
Шын ерлік шыдамдылық, сырын бермеу,
Шынтайт шытырманда қылыш сермеу.
Істейтін ердің ері осы ерлікті,
Қарамай жастығыңа еттің көрнеу, —
Дегенде Тамара да мұны қостап,
Қолынан Қасымның кеп қысып ұстап.
Бетінен сүйіп тұрып айтты жылап:
— Ағаңның тәрбиесін ақтадың нақ.
Ағаңмен сонау өлген марқұм анаң,
«Жауға аттан,жалыңды ер боп өс»,— деп саған,
Ағаңның, партияның ер ұлы бол,
Жеткіншек комсомолсың жалындаған», —
Дегенін орындадың, болдым разы,
Мен емес, бүкіл мынау елің саған.
Бастығы комиссар боп айтар алғыс,
Сүйген жан ұлы отанын саналы адам».
Бұл кезде Бекбай келді Қамарды алып,
Сөзіне Тамараның құлақ салып.
Қасымның жұрт сүйсінген қайратынан,
Бекбайдың түсті есіне Өтеп барып.
Бекбайдың көз алдынан шұбап бәрі,
Өткен күн өкінішті бір сырлары.
Қанды жыл, қайғылы жыл он алтыншы,
Қысылған елдің жаны, ердің жаны.
Сондағы сонау майдан тұңғыш соғыс,
Құр қол жүріп, пулеметпен еткен соғыс.
Қол бастап жауға шапқан ерлер өткен,
Оққа ұшып, қан майданда дегені «Қош».
Ұшқанда Өтеп оққа құр қол шауып,
Түскенде есіл қыран аттан ауып.
Қош Бекбай, Қасым жетім...», — деген еді,
Айта алмай арғы сөзін дем таусылып.
Сол Қасым арманда өлген Өтеп қанын,
Майданда сол жауынан қайырғанын.
Сондағы әкесіне атылған оқ,
Қасымнан жауға қайта атылғанын.
Бұл іске бастан аяқ өзі куә,
Өткізген бәрін көріп, көзі қия.
«Алатын мені жоқтап елім бар», — деп,
Өтептің айтқан сонау сөзі куә.
Айтқаны сонда Өтептің халық сөзі,
Халық айтса қалыс айтпайды, анық сөзі.
Ер сөзі екі болмай е дегенше,
Шыққанын тап орнынан көрді көзі.
Өйткені өжет Өтеп ел баласы,
Жалындап жауға шапқан ер баласы.
Сондықтан Өтеп сөзі елдің сөзі,
Ешкімнің оған айтар жоқ таласы».
Деді де Бекбай келіп Қасымтайын,
Күн сүйген сүйіп тұрып ақ мандайын,
Қуаныш ескі сырмен ұласқандай,
Көзінен ердің жасы моншақтайын,
Кеткенін тамып өзі қалды сезбей.
Қуаныш еткізбеді жасты пайым.

ЖАЗУ
ХІҮ.
Қаһарман қаза болған ерлер тәнін,
Туысқан мола қазып көмді бәрін.
Ескерткіш қолдан жазып қойды орнатып,
Ерлер деп халқын қорғап берген жауын.
Азамат соғысының қаһарманы,
Атқанда жанды қиып өмір таңы.
Шын ұлы партияның, отанының,
Халық үшін, отан үшін төккен қанын.
Қолымен сонда сызып жазған тасқа,
Үстінде Тасбасқанның тақтай тасқа.
Әлі тұр күн көзіне шағылысып,
Сызылып сырлы жазу болып баспа.

ҚОШ АЙТЫСТЫ
ХҮ.
«Қош!» — айтып екі жаққа бөлінді қол,
Десті де бір-біріне: «Қош, аман бол!».
Біреуі — Қарқараға, бірі — Семей,
Бет алып қуанышпен тартқанда жол.
Оқ сызған далдал етіп омырауын,
Жел сорып желпігенде тастақ тауын.
Тасбасқан ер майданы — иесізденіп,
Құшақтап қала берді ерлер тәнін.

TYCIHIKTEME
1. «Қарқаралы» дастаны 1930-40 жылдары араб, латын әрпімен жазылған туынды.
2. Жиренсақал — Қарқаралы тауындағы биік шоқы.
3. Балақаз — 1820 жылдың шамасында болған үлкен батыр. Руы — Қаракесек. Осы күнгі Қарқаралы қаласының орны соның қонысы екен. С.Б.
4. Ерін — ертоқымын деген мағынада.
9. Аукомаудандық атқару комитеті.
5.1. Бұл екі жол араб қаріпіндегі нұсқада мынадай:
Күй күліп он саусақтан төгілгендей,
Сылқылдап таудан тасқын сөгілгендей.
Батырдың Алшағырдай тартса күйін,
Тартса қыз жүрек шерге көмілгендей.
Жорықта жалғыз өзі жауға түскен,
Қарт батыр күйден тапқан жүрекке емді.

5.2. Осы арада араб нусқасы мен латын нұсқасының арасында көптеген стилъдік, бейнелік айырмашылықтар бар. Сондықтан араб қарпіндегі нұсқасын беруді жөн көрдік.
Қиялын өрістетіп көк ғарышқа,
Ұмытып мәз болатын мұң мен зарды.
Суық үн сыбырлаған «Қамарың қыз»,
Дегені жүдетпейтін кемпір-шалды.
Тап сондай бір кеш еді Түсіп қалап,
Соқтырып Қамарына әнді аралап.
Бандыдан коммунистер қайта алыпты,
Қаланы деген лақап қырға тарап.
Қарт Түсіп дыбыс тыңдап, шалып маңды,
Алаңсыз үйге келіп, демін алды.
Алайда ұйқы қашып, жүрек тулап,
Мазалап ұйықтатпады батыр шалды.
Жатқандай елегізіп бұза жара,
Үйіне көрді кірген төрт-бес жанды.
Жарқылдап жап-жалаңаш қылыш, қанжар,
Жарыса тұра қалды қамап шалды.
Бөлеген ауыр ұйқы жас Қамардың,
Бір суық құлағына дыбыс барды.
Үреймен ауыр ұйқы араласып,
Әреңге бетін ашып көзін салды.
Сөйткенше түсі суық бір қату қол,
Төсектен ажыраңдап жұлып алды.
Ұғымсыз ойында жоқ мұндай қауіп,
Ажыратпай еш нәрсені жүрек талды.
Алайда алды ширап ұғынды тез,
Адамдық бейнесі өшкен қолы қанды.
Үй іші күңгірт сәуле алаң-бұлаң,
Бергенмен әлі атқан жоқ тұр таң қылаң.
Жамылып қара түнді банды айуаны,
Қорғансыз бейшара үйге туғызды лаң.
Жалаңаш шал-кемпірге қылыш төніп,
Тұрғанмен Қамар ләжісіз оны көріп.
«—Жүресің бізбен бірге киін» деді,
Біреуі түсі суық қызға төніп.
Бандының естігенде мына сөзін,
Қарт Түсіп билей алмай өзі-өзін.
Қылышты қырау құрлы елеместен,
Орнынан атып келіп құшты қызын.
«—Қамардан айрылмаймын жаным барда,
Тарт жауыз перзентіме қолың салма.
Денесін абройлы, жауыз қолмен,
Ұстама, ұстатпаймын келме маңға».
Дейді де шал қарманып үйді айналып,
Алғанда бір нәрсені жерден қармап.
Жарық етіп суық қылыш жан жағынан,
Қозғалма шабамын деп қақты жалақ.
Шал оны елеген жоқ қылыш бар деп,
Қарт денем, қаны жосып, шабыла кеп.
Айырып Қамар жанын алмақ болып,
Құлаштап пышақ сермеп ұмтылды кеп.
Сүйір ұш, қарсы сүйем қанды пышақ,
Қадалса қапсырғандай жанды пышақ.
Сілтеген жанталаса шал қолымен,
Сыр етіп әлде нені шалды пышақ.

Сол кезде қылыштарда кіршіл қағып,
Дірдектеп арық еттен жосып ағып.
Қан шапшып айналаға аласұрған,
Шал тәні жоңқаланды қылыш шауып.
Байланып үні шықпай кемпір тілі,
Болғанмен үрей өлік, өзі тірі.
Бандылар үйде сүйреп жөнелгенде,
Қамардың шырылдаған әлсіз үні.
Қадалды қанды у болып көкейіне,
Сығырайып қанды қара өмір түні.
Шал анау қаны жосып жайрап жатқан,
Тұтқын боп қара жүзге Қамар күні.
Бір тұрып, сорлы кемпір бір жығылып,
Сұмдарға жармаспақ боп көрді ұмтылып.
Қамарды қайда әкетсең қалмаймын деп,
Есіктен аттағанда буынып құрып.
Жығылды босағаға соға басын,
Құшақтап табалдырық жалпақ тасын.
Қамардың шала шарпы үні ызыңдап,
Түн жайлап көрсетпеді жау қарасын.

6.1. Араб қаріпіндегі 2-нұсқадан алынды:
Орнынан атып келіп Бекбай сонда,
Байлауды бытырлатты салған қолға.
Қасымын жау қолынан аман алып,
Қапыда қара түнде түскен торға.
Қасымнан Бекбай сұрап қала жайын,
Болғанын қандай жағдай етті пайым.
Алданып ішкі-сыртқы жаудан ерлер,
Қапыда қаруласпай қырылғанын.
Сол бетпен атқа екеуі қайта келді,
Арылта жер тұманнан желде жерді.
Суылдап жамыраған Қарқаралдың,
Құйқылжып қоңыр желі ол да желді

Редакциядан:
Қолжазбаның бұрын жарияланбай, әрі ескі нұсқадан (араб және латын қаріптерінен) жаңа жазуға айналдыру барысында, түсінбеген қаріп, сөз, сөйлем қателеріне түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз. Қарт қаламгердің шығармашылығының қайткенде жарық көруін негізгі мақсат ету себепті, кеткен кемшіліктер болса кешірім өтінеміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бестау

  • 0
  • 0

Шоқы деген атау жоқ па,
Неге Бестау деп атаған?
Төбе тау ғой тауы жоққа
Болса да дөң жап - жатаған.

Толық

Сырым

  • 0
  • 0

Өмірге түзде туып қырда өскенмін,
Күңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.
Еңбектеп ес білгенше балапандай, .
Тұңғиық тұман басқан күн кешкенмін.

Толық

Жүрек үкімі

  • 0
  • 0

Балбыраған көктемде гүлдеп бақша,
Айырылысар жетті күн қыз бен жігіт.
Жігіт кетті әскерге—майдан жаққа,
Қыз оқуға "барам" деп қайтты күліп.

Толық

Қарап көріңіз