сайыс
ozgetil.kz

Өмір жайлы

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 2
  • 27
  • 52966
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?

Басқа да өлеңдері

Қырқыншы жылдар

  • 1
  • 1

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Толық

Сағым боп аққан сан жылдар

  • 1
  • 1

Сағым боп аққан сан жылдар,
Сарпаңға мені салдыңдар.
Тағдырлас маған, тағдырлар,
Қай жаққа кетіп қалдыңдар?

Толық

Мен қарапайым қарттарды сүйем

  • 2
  • 21

Мен қарапайым қарттарды сүйем,
He деген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы - қариялар

Толық

Пікірлер (27)

Абдрахманова Балжан

Күшті

Ұлбике Зұлбұхарқызы

Өте керемет өлең. Кеше мәнерлеп оқудан жарыс болған еді. Еркін тақырыпқ осы өлеңді айтқанмын. Бәріне ұнады. Рахмет сізге Мұқағали ата!!! Рахмет осы өлеңді ғаламторға салған аға (апа) !!!

Аружан

Керемет олен екен.

Тоника

Норм болад

Есбол

Керемет

Назым

өте керемет

Назым

болады дарынды ақын ғой

Жанеля

Өте керемет өлең! Мәнерлеп оқу сайысына осы өлеңді айтпақшымын, қатты ұнап қалды! Бәріне ұнайды деген үміттемін!

Анжела

Өлең өте əсерлі мен бұл өлеңді ашық сабақта міндетті түрде айтам

Бахамов Азат

Керемет

Гульдана

Өте керемет жазылған туынды.Осындай дарыны бар нар тұлғалар өмірге бір-ақ рет келетіні ішті қынжылтады.Əр сөзінде бір тәрбие,ауқымды ой жатыр. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары ның бірі.Ақынның тəні өлгенмен туындылары мəңгілікке халық жадында сақталатыны хақ!

жанерке

Маган осы олен катты унайды

Жамила

Мұқағали атамыздың қай өлеңін алсаңызда керемет

Сымбат

Я... өлең деген адамды бір сергітеді бірақ мəн мағына жоқ өлеңдер толып жатыр
Ал М.Мақатаев өлеңінде өмірді жақсы аша білді оның қай өлеңін алсаң да керемет қой шіркін... !!!

Турсынай

Нағыз лирикалық ақын

******

Адеми шыккан олен.

Шугыла

Маган дал казир жетимдер туралы Олен жолдары керек отиниш

Ақмаржан

Өте керемет жақында жарыс болады осы өлеңді айтпақшымын

Ералы

Керемет

шолпан

КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ ЕКЕН . МАҒАН ҰНАДЫ .МАҒАН МҰҚАҒАЛИДІҢ ӨЛЕҢІ КЕРЕК БОЛЫП ТҰР ЕДІ ЖАҚСЫ БОЛДЫ

акерке

Өте керемет өлең мағынасы жағынанда түсінікті маған ұнады.

Фатима

Менын суйыкты акындарымнын бири ол мукагали ата сиздын арбир олендериниздин астында бир ман жатыр сиз менин суйыкты акынымсыз

Белгысыз адам

Оте тамаша екен.

Айка Илиясова

Я өте керемет өлең Мұқагали атамыздың өлеңдерінің бәрі мән мағыналы оқысан қайта қайта оқығын келеді Еш жалықпаймын

Асикона

Мен Алматыға жарысқа бардым. Өмір жайлы жəне Өмір сүресің алмасып атты өлеңдері оқыдым осы Өмір жайлы өлеңінен 50 балл алдым .
Рахмет сізге Мұқағали ата

Майгүл

Мұқағали атамыз қара өлеңнің Хантәңірі ғой. Қай өлеңін алып қарасақ та тәрбиелік мәні зор. Өзі өмірден өткенімен өлеңдері атын аспандатып мәңгі жасай береді.

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)