Өлең, жыр, ақындар

Өмір жайлы

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 2
  • 45
  • 440950
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?



Пікірлер (45)

Абдрахманова Балжан

Күшті

Ұлбике Зұлбұхарқызы

Өте керемет өлең. Кеше мәнерлеп оқудан жарыс болған еді. Еркін тақырыпқ осы өлеңді айтқанмын. Бәріне ұнады. Рахмет сізге Мұқағали ата!!! Рахмет осы өлеңді ғаламторға салған аға (апа) !!!

Аружан

Керемет олен екен.

Тоника

Норм болад

Есбол

Керемет

Назым

өте керемет

Назым

болады дарынды ақын ғой

Жанеля

Өте керемет өлең! Мәнерлеп оқу сайысына осы өлеңді айтпақшымын, қатты ұнап қалды! Бәріне ұнайды деген үміттемін!

Анжела

Өлең өте əсерлі мен бұл өлеңді ашық сабақта міндетті түрде айтам

Бахамов Азат

Керемет

Гульдана

Өте керемет жазылған туынды.Осындай дарыны бар нар тұлғалар өмірге бір-ақ рет келетіні ішті қынжылтады.Əр сөзінде бір тәрбие,ауқымды ой жатыр. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары ның бірі.Ақынның тəні өлгенмен туындылары мəңгілікке халық жадында сақталатыны хақ!

жанерке

Маган осы олен катты унайды

Жамила

Мұқағали атамыздың қай өлеңін алсаңызда керемет

Сымбат

Я... өлең деген адамды бір сергітеді бірақ мəн мағына жоқ өлеңдер толып жатыр
Ал М.Мақатаев өлеңінде өмірді жақсы аша білді оның қай өлеңін алсаң да керемет қой шіркін... !!!

Турсынай

Нағыз лирикалық ақын

******

Адеми шыккан олен.

Шугыла

Маган дал казир жетимдер туралы Олен жолдары керек отиниш

Ақмаржан

Өте керемет жақында жарыс болады осы өлеңді айтпақшымын

Ералы

Керемет

шолпан

КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ ЕКЕН . МАҒАН ҰНАДЫ .МАҒАН МҰҚАҒАЛИДІҢ ӨЛЕҢІ КЕРЕК БОЛЫП ТҰР ЕДІ ЖАҚСЫ БОЛДЫ

акерке

Өте керемет өлең мағынасы жағынанда түсінікті маған ұнады.

Фатима

Менын суйыкты акындарымнын бири ол мукагали ата сиздын арбир олендериниздин астында бир ман жатыр сиз менин суйыкты акынымсыз

Белгысыз адам

Оте тамаша екен.

Айка Илиясова

Я өте керемет өлең Мұқагали атамыздың өлеңдерінің бәрі мән мағыналы оқысан қайта қайта оқығын келеді Еш жалықпаймын

Асикона

Мен Алматыға жарысқа бардым. Өмір жайлы жəне Өмір сүресің алмасып атты өлеңдері оқыдым осы Өмір жайлы өлеңінен 50 балл алдым .
Рахмет сізге Мұқағали ата

Майгүл

Мұқағали атамыз қара өлеңнің Хантәңірі ғой. Қай өлеңін алып қарасақ та тәрбиелік мәні зор. Өзі өмірден өткенімен өлеңдері атын аспандатып мәңгі жасай береді.

колканат

я өлең әсерлі өте керемет
адалдыққа құрылған мен үшін ен керемет өлендердін бірі

Диана

Өте керемет

♡♡♡♡♡♡

Керемет өлен маған қатты ұнады осы өленді мəнерлеп оқу сайысында міндеті түрде айтам

Ахмади Нұрай

Мұқағали атамызға рахмет.Өте өте керемет.Маған əсер қалдырды.Өмір жайлы дұрыс айтқан.

Сапаргали Бегалин

Шабытты кайдан алган екен йа

Даулет

Мұқағали атамыз өмірлік мәні бар өлеңдерді көп жазған

Бекарыс

Мұқағали атам,шіркін тұр ғой өнерден,
Сірә ешкім аса алмас одан өлеңмен,
Оқыса егер еңбегін бұндай таланттың,
Адам болар көсегесі көгерген.

Жаздидар

Өте керемет

ердаулет

керемет

Сапархан Аяла

Өзіме керек еді рахмет

Азамат

Мұқағали Мақатаевтың Өмір жайлы өлеңі қатты ұнады

Айша

Өте керемет маған өте қатты ұнады

Айзере

Өте керемет

Айбар

Ана

Айбар

Өте керемет

♥️♥️♥️

Мұқағали атамыз өте керемет жазыпты маған ұнады осындай әсерлі өлеңбарлығыңызға ұнады деген ойдамын осы өлеңді шығарған атамызға өте өте рахмет өте әсерлі шығыпты бүгін апай бізге мұқағали атамыздың жаттап келіңдер деп айтып еді ертең айтып беремін зорзор

Амина❤

Мм

Исламбек

**Мұқағалиды өлді деп кім айтады
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған**
Шыныменде Отан Ел Тіл отбасы туған жер өмір ащы шындықтың бірін қалдырмай халыққа көркем тілмен жеткізген осы тұлғаға басымды иемін

Пікір қалдырыңыз

Болашақтың елшісімін

  • 1
  • 2

Бұл өмірге келгеннен соң,
Елшісіндей шет елдің,
Миссиямды аяқтамай,
қалай ғана кетермін,

Толық

Сырқат сыры

  • 1
  • 2

Тағы, міне, таң да атты.
- Сырқатыңыз салмақты...
Ішкен шарап, жеген ет,
Баурыңызды жалмапты.

Толық

Көлің қайда, туған елім?

  • 1
  • 6

Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.

Толық

Қарап көріңіз