Өлең-жыр байқауы

Ана

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 11
  • 17085
Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошьшып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады.

Басқа да өлеңдері

Тілегім

  • 1
  • 0

Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,

Толық

Әйел

  • 1
  • 3

Қылмыстан жазып Тәңіріге,
Қарсы келіп әміріне,
Қуылды Адам жұмақтан.
«Қайт,- деген,- қара жеріңе,

Толық

Орман патшасы

  • 1
  • 1

Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар,
Жолаушы жортып келеді.

Толық

Пікірлер (11)

Амина

Керемет унады

Назым

Өте керемет өлең

Аида

Оте кушти . Ананын сезимин тамаша жеткизген . Ризамын.

Асылай

Өте кушті

Бакдаулет

Кате, уйкас жок
Уйдин иши уйкыда
Тун ортасы шамасы
Бесикте ауру бобекти
Тербетип отыр анасы

Лола

Жақсы

Гулнур

Өте керемет тақпақ Мағжан Жұмабаев өте керемет жазыпты.Ойы анық қанық жетіп тұр.Керемет тақпақ.Анама жаттап оқып беріп едім қуанып қалды.Мағжан ата сізге көп-көп рахмет осындай тақпақтарыңыз көп болсын Есімім Гүлнұр Тағыда Рахмет сізге.Рахмет!

Сабина

Аналарга арналган керемет олен екен!

Мухамеджанова Айгерим

Создин майын тамызып, айтар ойын анык жеткизетин казактын мандайына биткен биртуар азаматтарынын бири - Магжан Жумабаев.

Қайралы Гүлсезім

Мен сізге тәнтімін Мағжан Жұмабаев

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)