Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 1
  • 64411
Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып,
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Денені суытасың, ысытасың,
Тұрасың маужыратып кейде жылытып.
Кұясың тәтті дауыс тамылжытып,
Тұрады жан-жануар дәмін жұтып.
У-шу жоқ, қарқ-шиқ еткен қарға, торғай
Ұялып әлдеқайда кеткен жытып.
Ұста сөз, мұңды даусың басты байлар,
Тоқтаған шабуынан құлын-тайлар.
Даусыңнан елжіремес нәрсе бар ма,
Жас төгер бойы балқып терең сайлар.
Бұлбұл құс! Кезімде жас, кеудемде от,
Болып, мен саған келдім, ішімде шоқ.
Дертіме сенен ғана дәрмен болар,
Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ.
Бұл жерден ұшып кетші сәулем жаққа,
Барып қон нәзік қана бір бұтаққа.
Сөйле оған ашындырып менің жайым,
Көңілін елжіретпей қанат қақпа!
Жүз құбылт дауысыңды, өрте өзегін,
Өртенсін, қызыл жалын қыл төсегін.
Ойын ал, бойын балқыт, сүйдір мені,
Қалсын ол ойлай алмай өз есебін.
Тез, бұлбұл, мұңды дауыс, сиқыр тілдім,
Дәрменді қалың дертке сенен білдім.
Қылмасаң бір мейірім, сорлы пендең,
Қайғыдан, қолым жетпей, міне, өлдім!



Пікірлер (1)

Сабина

Оте кушты олен

Пікір қалдырыңыз

Қарындасқа

  • 0
  • 0

Жібек мінез, жігері мол қарындас,
Жүрегіңде у менен бал аралас.
Дүние өзгерді, көрмегелі көп болды,
Тәңірі берсін ашық бақыт, ұзын жас.

Толық

Ғазизаға

  • 0
  • 0

Ғазизажан, қарашығым, бауырым,
Жолықтырып дұшпанның бір жауызын,
Сарғаямын қараңғы үйде қамалып,
Ағаң сорлы көрді бейнет ауырын.

Толық

Біраз Фетше

  • 0
  • 0

Жібек түн –
Бәрі тын.
Сайраған,
Жайнаған.

Толық

Қарап көріңіз