Өлең, жыр, ақындар

Бәрі әлдиден басталсын

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1193
Тіл үйрету бөбекке,
Басталады әлдиден.
Тіл үйрету керек пе,
Шығар тілі әлдимен.

«Әлди, әлди, бөбегім! –
Әліппесі тіліңнің.
«Әлди, әлди, бөбегім! –
Бастауы үлкен білімнің.

«Әлди, әлди, бөбегім!» –
Болсын бесік өлеңің.
Сол әуенің, өлеңің,
Желкілдетер желегін.

«Ана» сөзін айтқаны –
Танығаны тілін де.
Өзін-өзі тапқаны,
Саулық тіле гүліңе.

«Ата» сөзін айтқаны –
Жігіт болдым дегені.
Жасыл желек бақтағы:
«Жеміс пісті» дегені.

Тіл үйрету бөбекке,
От басынан басталсын.
Балабақша, мектепте
Одан әрі жалғассын.

Сонда ғана елінің,
Сонда ғана жерінің
Болар азаматы үлкен –
Биіктен айтар өз үнін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт түлік мал

  • 0
  • 2

Ащы шөпті сүйеді
Үйір-үйір жылқылар,
Су бойында шұрқырар.
Табын-табын сиырлар

Толық

Төрт түліктің тууы

  • 0
  • 0

Сиыр бұзаулайды.
Қой қоздайды.
Ешкі лақтайды.
Жас төлдерді

Толық

Кел, балалар, ойнайық!

  • 0
  • 0

Кел, балалар, келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер,
«Мысық-тышқан» ойнайық.
Мысық пенен тышқандай

Толық

Қарап көріңіз