Өлең, жыр, ақындар

Жеңге әзілі

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2083
Көрмегелі еркеңді,
Болды-ау жүзі бір айдың.
Сылқыс жігіт, өзіңді,
(Болу керек төзімді),
Жүдеткен бе, шырайлым.
Нәзік халық болады,
Қыз дегенің қайным-ай,
Шын берілсе сертінен,
(Күймей өсек өртіне),
Шығатұғын айнымай.
Аты аталса қалқаңның,
Жанарыңның жайнауын.
Үйленсейші тезірек,
(Қыз жүргенде өзі кеп),
Келіп-ақ жүр тойлағым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дос парызы

  • 0
  • 0

Түрікпен досым Дүрдi, сен,
Айтшы бiлсең (бiлгiш ең),
Жау болмаған бiздiң халық дос болған,
Қонақасы жеген талай қостардан,

Толық

Пері мен періште

  • 0
  • 0

— Қорықтың ба?
— Зәрем тас төбеме келді.
— Неден?
— Перінің қызынан.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Әлі өмірдің белесіне шықпадым,
Махаббаттан екі-ақ нәрсе ұққаным:
Дәмі мүлдем тәтті екен,
Заңы мүлдем қатты екен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер