Өлең, жыр, ақындар

Дала мен бала

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1169
Ей, жусан кеуделі дархан далам, сен жайлы бір ұлың көңіл көншіместік көрсетті. Бір ұлың қадір-қасиетіңді түсіндірді. Ол Москва – Алматы жүрдек жолаушылар пойызының үстінде еді.

– Туһ!..
Жалықтым, неткен шексіз сары дала.
– Шамасы сіз білмейсіз-ау, тебірене толғана.
– Тұншықтырар ойласаңыз, сүреңсіз де, сиықсыз.
– Тыңдап онда көрмегенсіз, дала күйін ұйып сіз.
Бағаламай қадірі мен қасиетін жерінің,
Бұдан кейін үнсіз қалды, үнсіз қалды серігім.
Қалада өскен шуды көріп,
Тосырқаған жанары,
Менсінбей-ақ келе жатты мына дархан даланы.
Серігімнің бар қимылын болмысымен сынай кеп,
Сұрақ қойдым былай деп:
– Қалар едің қайсысын:
Жоқтық пенен барлықтың,
Кеңдік пенен тарлықтың.
Алтын менен қоланың,
Ой толғайтын шежіресі көп даланың.
Деді ол сосын:
– Түсінбедім сенің жұмбақ сөзіңді,
Дала дейсің,
Не бар сонда бауырарлықтай сезімді.
Тас төбеңді шыжытатын саясы жоқ аптабын,
Келіп отыр не мақсатпен мақтағың.
Оятатын, өсіретін ақылыңды, санаңды,
Айтсаңызшы онандағы, шіркін, менің қаламды.
Бөленгендей құшағына ой – сезім,
Ол осылай биіктетіп қойды өзін.
Намыс қысып дедім менде:
– Бері қара, тыңда онда:
Арман үшін жігер керек жетелеген шыңдарға,
Көру үшін, қиырларға тігу үшін көзіңді,
Адам деген болу керек, ауырларға төзімді.
Сондықтанда ұлын дала, жасымас қып шыңдайды,
Қуанышты қадірлеуге және беред мұң-қайғы.
Байлығындай қойнындағы зерек етіп зейінін,
Байтақ дала дәл өзіндей кең қылады пейілін.
Ала білсең қазынасын, шығарады там-тұмдап,
Ал оларың «қара», «сары», және де «ақ алтындар».
Шаршап келе жатқаныңда, баяу айтып жол әнін,
Кескестейтін «болыңыз деп құрметті қонағым».
Үй иесіне көрсете біл көкірегіңде отыңды,
Құдайындай қадірлейді ол, сұрамайды атыңды.
Серуендеп көріңізші, қызғалдақты жотаны,
Жусандары өмір жайлы сырлар шертіп жатады.
Құмар болсаң сен өмірге, ғашық болсаң аңсаған,
Мынадай деп ән айтады, басын изеп ол саған:
«Түсініңдер, тірлік жайлы қызық хисса толғаймын,
Аптаптарға мен неліктен, өзгелердей солмаймын.
Себебі оның, Дала – Анам, еркелеткен, билеткен,
Бірақ онша тотай қылмай, төзімділікке үйреткен.
Өзге шөпке мүсіркеймін, дәл осылай жатып паң,
Тіл үйірер дәмім де бар, жүзім аздап тотыққан.
Дала–Ананың ұлы болам, десеңіздер адамдар,
Үйреніңдер, менің осы өміршеңдігіме қараңдар!».
Солай құрбым үңілсеңіз, құпиясын ұқтырып,
Топырағы да сездіреді қайсарлық пен мықтылық.
Дала деген үнсіз жатқан, көрегендік, даналық,
Мастанбайды дүниеге әкелсе де сан алып.
Бірақ, енді, алыптарға мүмкін емес таңғалмау,
Сондықтанда дала ұлдары боп келеді аңғалдау.
Сондықтанда достарына нөсеріндей көлгөсір,
Қастарына шөлдеріндей ашпас еді емге сыр.
Ұмытуға болмайды оны, жетсін мейлі санамыз,
Дала біздің,
Ақ сүт беріп аймалаған анамыз.
Дегенімде үнсіз қалды, әлгі жолдас алдымда,
Уа, дала қасиетіңді түсіндіре алдым ба?!
...Үшінші күн, мен купеде тербелумен келемін,
Айналайын, асыл анам,
Неткен сонша ыстық едің,
Неткен сонша кең едің!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абыл мен Балдай қыз

  • 0
  • 0

Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.

Толық

Алдасай серінің әндерінен...

  • 0
  • 0

...Тым алыстан қарауытар тау мұнар,
Әлгі таудың етегінде сүйіктімнің ауылы бар.
Сол ауылға бұрғанымда ат басын,
Жапалақтап жауды қар.

Толық

Жер-ана, тербе мені!

  • 0
  • 0

Тоқтамасын нұрлы өмір дөңгелегі,
Адамзатқа бейбіт күн ең керегі.
Алтын БЕСІК өзіңсің әлдилеген,
Тербе мені, ЖЕР-АНА, тербе мені!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар