Өлең, жыр, ақындар

Досқа наз

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1813
І
Бала кезде бірге ойнадық талай біз,
Құпия емес, арман болған арай қыз.
Ал бүгінде бірімізге біріміз,
О, өмір-ай,
Сынай-барлай қараймыз.
Уақыт шіркін, жылжиды алға, тоқтамас,
Мөлдір көзде болмаушы еді өкпе наз...
Ал бүгінде білмегенсіп жүрсек те,
Тұрмыста да, жұмыста да бақталас.
Енді досым не десеңде өзің біл,
Жасты ойласақ толған кемел кезің бұл.
Соның бәрі деп білемін меніңше,
Ылайланғаны сонау мөлдір сезімнің.

ІІ
Ұқпадық па бұл өмірдің сырын біз,
Тек шаттықтың шырқаушы едік жырын біз,
Бәке, Сәке – деп жатымыз қазірде,
«Әй», – дейтін ек, «ей» – дейтін ек бұрын біз,
Ұқпадық па ұзақтығын қаншалық,
Атқызушы ек аппақ таңды ән салып.
Құшақтасып сәл шаттықтың өзіне,
Жатушы едік маңыз беріп соншалық.
Өзге нәрсе көңіліңді бөледі,
Ұмыт қалып балаң достық өлеңі.
Ал бүгінде көңілің босап тұрса да,
Қайғыға да,
Шаттыққа,
Байсалды боп көрінгің-ақ келеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досым бар...

  • 0
  • 0

Бір досым бар қыз-қырқынға батыл тым,
Бір досым бар кені тұнған ақылдың.
Бір досым бар момындау да, қайратты,
Бір досым бар әлжуаз да, айбатты.

Толық

Мектеп бітіру кешінде

  • 0
  • 0

Адам үшін...
Жыр-өмірге алғашқы қадам үшін.
Жастығымыз үшін...
Он жыл бірге гүлдеген достығымыз үшін.

Толық

Жарыста озар лайық

  • 0
  • 0

Қай кезде де болған ғой тақ таласы,
Әкеге бала болған бақталасы.
Жақсы-жаман патшалар келер-кетер,
Тек қана өмір жыры тоқтамасын.

Толық

Қарап көріңіз