Өлең, жыр, ақындар

Жоғалтқаның өзіңді

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 941
(Немерем Қабидошқа)

Алдыңда жар,
Бар үңгір,
Жұтар,
Мейлің темірсің.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңмен өмір сүр.
Еріп кетпе дүрмекке,
Тосар тағдыр небір сын.
Өзге тілді құрметте,
Өз тіліңмен өмір сүр.
Бақшаңдағы гүліңді
Солдырма,
Бол төзімді.
Жоғалтсаң өз тіліңді,
Жоғалтқаның өзіңді.

(немерем Ферузаға)
Ләззатқа бөлеп дәйiм бал күлкiң,
Тұруға ерте, жүруге ерте талпындың.
Өскенiңде, өскенiңде, құлыным,
Қамын ойлар аруы бол халқыңның.
Құйттай ғана балапаны ұяның,
Жанарыңа тек жақсылық құя бiл.
Дүниенiң сен бiлмейтiн сыры көп,
Шарықтасын шартарапқа қиялың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер атауы – шежірем

  • 0
  • 0

Шыңыраулар,
Қыземшектi шоқылар,
Аттарыңнан талай сырлар оқылар...
Тамшалы –

Толық

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым

  • 0
  • 0

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым,
Саған деген сағынышым тарқасын.
Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,
Неден жаным, қорқасың?

Толық

Сонда Омар шырқаған ән

  • 0
  • 0

«Барлаушы деген қиялшыл жанбыз,
Мұнара тұрар жапанда жалғыз.
Думанға бөлеп маңайды маңғаз,
Көлінен көңіл ұшырып сан қаз.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер