Өлең, жыр, ақындар

Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1099
Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Хайям айтқан бір әнді айтшы, аяулым,
Жаным мұңлы бір нәрсеге қаяулы.
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Шираз үстін көмкереді ай нұры,
Ал жұлдыздар бүркей ме екен қайғыны.
Ұнамайды осы дәстүр еш маған,
Гүл қыздарды перде астында ұстаған,
Шираз үстін көмкереді ай нұры.
Әлде тәнін отты лептен қорғай ма,
Кетпейін деп, кетпейін деп, тез еріп.
Әлде Ерді құпиямен арбай ма,
Перде астында ләззат ерін кезеріп.
Дос болмашы қымбаттым, сол пердемен,
Ұғынып ал осы ойды жан тербеген.
Өмір қысқа және бізге табиғат.
Сүйісуге ұзақ мерзім бермеген.
Ұғынып ал осы сөзді
Жан жүйеңді тербеген.
Ажарсыздың да жұрт сүйсінер құлқы бар,
Тамаша ғой бетке біткен шіркін әр.
Жаратылыс берген әрді тұмшалау,
Бұл күнә ғой,
Бұл күнә ғой, бұл-күнә.
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме,
Болмау керек жүректерде қаяу-мүң.
Түс көремін, өзгеше әлем ояумын,
Ақын Хайям шерте алмаған әуенді,
Мен шертемін өзіңе арнап, аяулым,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреу тілек тілейді

  • 0
  • 0

Біреу тілек тілейді,
Өз отым ғана жансын,– деп.
Өзге ошақ оты сөнсін,– деп.
Біреу тілек тілейді,

Толық

Барыс мінез халықпыз

  • 0
  • 0

Адамдыққа, асылға,
Толған барлық айналам.
Жиырма бірінші ғасырға –
Қазақ елі жайнаған.

Толық

Пеленің 1000-шы добы

  • 0
  • 0

Қақпаға аңыратып,
Соққанда 1000-шы доп.
Стадионды жамыратып,
«Табындың талантыңа,

Толық

Қарап көріңіз