Өлең, жыр, ақындар

Шықпай жатып ауылдан-ақ, жол бастап

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 820
Шықпай жатып ауылдан-ақ, жол бастап,
Қобыз-кеудем сағынышқа толды асқақ.
Түсінді ме менің мөлдір сырымды,
Кетті бір дос солдат жайлы ән бастап.
Сезім жайлы бұл нәзік ән, асқақ ән,
Бақытты етті мені өзгеше басқадан.
Адам жанын түсінетін достар-ай,
Қайда жүрсем сендерді естен тастаман.
Вокзал басы абыр-сабыр көп халық,
Қоштасу сәт зымыраумен жетті ағып.
Поезд жүрді.
Қимастықпен қол бұлғап,
Жас жарым мен достар қалды топталып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екеуден екеу

  • 0
  • 0

Сезім деген тамаша көлге.
Күмп ете түстік,
Көл суы ыстық.
Өртене құштық...

Толық

Барлаушы бақыты

  • 0
  • 0

Дірілдейсің Атырау,
Динамиттен емес аттырған.
Қара моншақ-жақұтыңнан,
Менің шексіз бақытымнан!

Толық

Маңғыстау перенлері

  • 0
  • 0

Маңғыстауда...
Көп дейді жұмбақ үңгір,
Жұмбақ үңгір құпиясын тыңдағым бір
Келген еді.

Толық

Қарап көріңіз