Өлең, жыр, ақындар

Қиып түсер қылышым

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 832
«Абыл –зергер, Қашаған – ұста,
Абылекеме кім жетсін...»
Қашаған Күржіманұлы
Запыранын өмірдің,
Талай-талай асаған.
Жасы сексен жасаған,
Өлең сөздің ұстасы,
Уа, бабам Қашаған!
Айтсам сөздің дұрысын:
Қиып түсер –қылышым,
Есіп ішер – ырысым,
Базарымның – пұлысың,
Қазағымның дүрісің,
Ұқсамайтын жүрісің,
Ірілерден –ірісің,
Өзгелердің татиды,
Мың ісіне бір ісің,
Маңғыстаудың бағына,
Туған жансың жыр үшін.
Қол жетпейтін өресің,
Тектілікте – Төресің,
Мұз жаратын кемесің,
Зырқыраған жебесің,
Бай-манаптар көріпті,
Сенен ғана көресін.
Мақтап едің оңдыра,
Қасиетті домбыра,
Сазды әуенге толды да,
Үйіп-төкті мол мұра.
Сәукелесі үкілі,
Салтанат қыз мықыны...
Есқалидай сұпыны –
Буындырды үкімің,
Бәрі-бәрі жырланды,
Кейбір беттер нұрланды,
Кейбір беттер сұрланды
Келген кезде ұтыры.
Ашулансаң – топансың,
Жарамсаққа – қаталсың,
Айтысуға өзіңмен,
Қай жаужүрек баталсын.
Бағдарым –Темірқазық ең,
Сыпыра жырау көзі ме ең,
Қазтуғанның сөзі ме ең?!
Шыдаған сынға төзім ең.
Табыстыңдар сұңқарлар,
Жыр менен күйге іңкәрлар,
Ақтауда Құрманғазымен.
Өжетсің – ау, өжетсің,
Кейде арынды тежепсің,
«Өлең сөздің зергері –
Абылыма не жетсін?!» –
Деп кетіпсің Дүлділім,
Кішірейіп ағаға,
Мырза болып бағаға.
«Жабыспаңдар – депсің-ау,
Шуылдақтар жағама»
Қысың өтсін, жаз өтсін,
«Жібек емес бөз өтсін»
Дейтін мынау заманда,
Өр мінезді Қашеке,
Ер мінезді Қашеке,
Жарлы, бірақ арлыға,
Көл мінезді Қашеке,
Дүниеқоңыз барлыға,
Шөл мінезді Қашеке,
Бізге аса қажетсің!
Айтар болсақ өзіңше:
«Өлең сөздің ұстасы –
Қашекеме не жетсін!!!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Армансың сен, армансың

  • 0
  • 0

Армансың сен, армансың,
Айсың маған көктегі.
Алғансың сен, алғансың,
Асылым боп тек менің.

Толық

Үміт пен күдік

  • 0
  • 0

Үмітпен қарайтындар көп,
Күдіктілер одан көп.
Жүрген жанмын: «Өз гүлімді тағам» – деп.
Жүрген жанмын: «Маржан іздеп табам» – деп.

Толық

Тұз күмбездері

  • 0
  • 0

Төсіңді
Кім теспеді,
Кім кезбеді,
Аш бөрідей жортумен бір кездері.

Толық

Қарап көріңіз