Өлең, жыр, ақындар

Ай

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1410
Баяу жүзген аспандағы,
Аспандағы ай мына,
Ортақ болған о, адамзат шаттығыңа, қайғыңа.
Қалың бұлтты ысырғандай, күлім көзі жарық етіп,
Менің айым туар екен,
Туар екен қай күні, ә?!
Төгіп сонда шұғылысын,
Шұғыласын нұр себер,
Екі ғашық балқып түнде, от құшақта жүрсе егер.
Бірін күндіз,
Бірін түнде, о, табиғат егіз қып,
Жасаған ба күн мен айды, бұл әлемде бір шебер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өпіремдеу тыныстайтын әр демін

  • 0
  • 0

Өпіремдеу тыныстайтын әр демін,
Керек жерде аямайтын жәрдемін.
Менен гөрі думанқойлау, серілеу,
Бала күннен сырлас досым бар менің.

Толық

Сағындым ғой

  • 0
  • 0

Үйірімді ағысы бар толқынды,
Сағындым ғой, сенің әсем күлкіңді.
Сағындым ғой, бақыт таңын әкелген,
Сағындым ғой,

Толық

Булыойық

  • 0
  • 0

Булыойық —
Маңғыстауда жұмбақ үңгір,
Жұмбақ үңгір құпиясын тыңдағым бір.
Келген еді,

Толық

Қарап көріңіз