Өлең, жыр, ақындар

Әке сөзі

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1166
Жолдар,
Жолдар қилы-қилы бұралған,
Қандай жолдар сені күтіп тұр алдан.
Өмір деген, өмір деген балам-ау,
Сан жолдардың қоспасынан құралған.
Жолдар, жолдар қилы-қилы шатқалаң,
Жолда жатқан оңай бақыт жоқ, балам.
Орта жолда белестерден аса алмай,
Жете алмайды мақсатына, тоқтаған.
Алда құшақ жайып жатса гүл өңір,
Адам үшін қайғыра біл, күле біл.
Жол үстінде кездесесің бәріне,
Кейде тәтті,
Кейде ащы бұл өмір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кінәлі оған заманың

  • 0
  • 0

Қайшекемнің көрік үйі бар еді,
Құрқылтайдың ұясындай тар еді.
Жем өзені баяу ғана ағатын,
Арғы беті жазықтау,

Толық

Келетін жасқа келгенбіз

  • 0
  • 0

Келетін жасқа келгенбіз,
Толатын жасқа толғанбыз.
Алатын кезде алғанбыз,
Беретін кезде бергенбіз.

Толық

Жаңылхан Жұмырқызына

  • 0
  • 0

Жан анам,
Аяулы анам,
Асыл анам,
Мен қалай сезімді бұл жасыра алам.

Толық

Қарап көріңіз