Өлең, жыр, ақындар

Боз далам

  • 07.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1113
Боз iнген дауыс – боз далам,
Ботасын iздеп боздаған.
Баз бiреу көңiлiн толқытып,
Баз бiреу шерiн қозғаған.
Боз жусан иiс – боз далам,
Бозторғай әуен маздаған.
Боз селеу биiк гүл атып,
Боз саулық егiз қоздаған.
Бойжеткен қылық – боз далам,
Айтатын ерке наз маған.
Байлығын шүлен таратып,
Бар кенiн әлi қазбаған.
Боз қоян жымды – боз далам,
Таптаса табан тозбаған.
Бөрiден қорғар үйiрiн,
Боз айғыр сынды азынаған.
Бұлдырық түстi – боз далам,
Бүркiтке жем бола жаздаған.
Қайғың мол мынау ғаламда,
Шаттығың да бар аздаған.
Бозбала мiнез – боз далам,
Сырың көп ешкiм жазбаған.
Азап-мұңыңа таң қалып,
Азаттығыңа мәз болам,
О, боз далам, боз далам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаракісі

  • 0
  • 0

Аты оның әйгiлi Қаракiсi,
Қаракiсi өзгеден дара кiсi.
Дара тұлға,
Дара мiнез,

Толық

Абыл мен Балдай қыз

  • 0
  • 0

Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.

Толық

Тербетті де сезімнің күйі балғын

  • 0
  • 0

Тербетті де сезімнің күйі балғын,
Мен алғаш қыз ернінен сүйіп алдым.
Махаббат оты ма едің, жас жүректің,
Махаббат шыңы ма едің биік ардың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар