Өлең, жыр, ақындар

Кінәлі Махаббат

Өмірдің алып берген үлесін,
Тәңірден артық сұрамай.
Жүргенде бейбақ келесің несін?
Жарты жүрегімді құрамай.

Сезім дейтін сыйды сыйлап ең,
Өшпейтін жалын тым әлі.
Мәңгілік сендік болуды ойлап ем,
Тағдыр ма әлде кінәлі?

Сәттер де сол бір санада қалған,
Естеліктер де ескірген.
Жараңда үшін жүрекке салған,
Ерегіспеймін ешкіммен.

Өзіңді күттім келер ме екен деп,
Жолыңа қарап елеңдей,
Жүрегім үнсіз күтеді екен тек,
Қайтадан сезім келердей.

Махаббат деген кінәлі болған,
Жанарымдағы жаңбырға.
Қосылмай небір ғашықтар солған,
Қарсы шыға алмай тағдырға.

Жүрегім жатыр енді мұң оранып,
Көз жасын жанарымның сығынып ап.
Махаббат кеп қақса да мың оралып,
Есігімді ашпаймын тығылып ап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз